Катонқарағай ауданы бойынша 2017 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 261 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 тамызда № 5179 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 307 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 16.07.2018 № 307 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай ауданының әкімі А. Нұрғожин

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2017 жылғы
26 шілдедегі № 261
қаулысына қосымша

Катонқарағай ауданы бойынша 2017 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына арналған квоталар мөлшері

Кәсіпорынның атауы

Жұмысшылардың тізімдік саны

Бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1.

"Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

1

1

2.

"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі

466

1

4

3.

"Калинина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

82

1

1

4.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

230

1

2


Барлығы:

880

1

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады