Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 61 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 4928 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 187 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 24.04.2024 № 187 қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 25-бабының, 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Калдыбаев

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
"09" наурыздағы 2017 жылғы
№ 61 қаулысына № 1 қосымша

Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

Тура бағыт Кері бағыт

1
 
Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округінің Ақ-ой ауылының "Пушкин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округінің Ақ-ой елді мекені

Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылдық округінің Қарамойыл елді мекені
Аялдама:Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округінің Ақ-ой ауылының "Пушкин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.

2

Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Тассай ауылының "Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Аөқсу елді мекені.
Аялдама:Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Үшкөмей елді мекені.

Аялдама:
Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Аөқсу елді мекені.
Аялдама:Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің Үшкөмей елді мекені.
Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Тассай ауылының "Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.

3

Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылдық округінің Үлкенбөкен ауылының "Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылдық округінің Жансары елді мекені.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылдық округінің Қарамойыл елді мекені.

4

Көкпекті ауданы Белое ауылдық округінің Белое ауылының "Октябрь мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Белое ауылдық округінің Жаңажол елді мекені.

5

Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының "Көкпекті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені

Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені .
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының "Көкпекті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.

6

Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының "Шажүнісов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені .
 
Аялдама: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Заречный елді мекені .
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының "Шайжүнісов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.

7

Көкпекті ауданы, Самар ауылдық округінің Самар ауылының "Самар бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Самар ауылдық округінің Самар елді мекені.

8

Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылының "І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылдық округінің Мелитополь елді мекені .
 
Аялдама: Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылдық округінің Мелитополь елді мекені.
Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылының "І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.

9

Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Палатцы ауылының "Палатцы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Песчанка елді мекені.

Аялдама: Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Песчанка елді мекені.
Көкпекті ауданы Палатцы ауылдық округінің Палатцы ауылының "Палатцы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң

10

Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округінің Теректі ауылының "Аухадиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округінің Өрнек елді мекені. Аялдама: Көкпекті ауданы Теректі ауылдық округінің Қызыл жұлдыз елді мекені.

11

Көкпекті ауданы Преображенка ауылдық округінің Преображенка ауылының "Преображенка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Преображенка ауылдық округінің Черноярка елді мекені.
Аялдама: Көкпекті ауданы Преображенка ауылдық округінің Үкілі қыз елді мекені.

12

Көкпекті ауданы Сарыбел ауылдық округінің Сарыбел ауылының "Новотимофеевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Сарыбел ауылдық округінің Новостройка елді мекені.

13

Көкпекті ауданы Үлгілі-малшы ауылдық округінің Үлгілі малшы ауылының "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылдық округінің Сүлеймен елді мекені.
Аялдама: Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылдық округінің Нұра елді мекені.
 
14

Көкпекті ауданы Мариногорка ауылдық округінің Мариногорка ауылының "Мариногорка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Мариногорка ауылдық округінің Московка елді мекені.

15

Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Пантелеймоновка ауылының "Пантелеймоновка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Қайыңды елді мекені.

16

Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Толағай ауылының "Куйбышев атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң.
Аялдама: Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылдық округінің Ақтас елді мекені.
 
  Көкпекті ауданы әкімдігі
"09" наурыздағы 2017 жылғы
№ 61 қаулысына № 2 қосымша

Көкпекті ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен жүкті тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.

      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар реттеледі.

      4. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс. 

      5. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс. 

      6. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.

      7. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.

      8. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi. 

      9. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.

      10. Балаларды тасымалдау мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және жол қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      11. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

      12. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

      13. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.

      14. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.

      15. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

      16. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.

      17. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) салонда тұруына және жүруiне;

      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;

      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;

      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;

      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;

      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;

      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;

      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;

      9) есiктердi ашуына;

      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;

      11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;

      12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.

      18. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.

      19. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.

      20. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;

      2) баспалдақтардан секiруiне;

      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;

      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.

      21. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:

      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;

      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;

      3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Қорытынды ережелер

      22. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады