РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
"Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округінің "Базарка" елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізуді белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 03 ақпандағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4896 тіркелген, 2017 жылғы 21 қаңтардағы "Тарбағатай" газетінің № 4 (8103) санында жарияланған).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Д. Оразбаев |