Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 18.06.2018 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 93 "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналарының ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4938 болып тіркелген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ. Мауадинов |
Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша № 506 "03" қараша 2017 жыл |
Тарбағатай ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерлері
Тәрбиеленушілер саны (адам) | Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын төлемақысының мөлшері ең жоғарғы шекті көлемі, теңге | Айыны ата-ана төлемақысының мөлшері ең жоғарғы шекті көлемі, тенге | ||||
Балабақшалар, бөбекжайлар | Мектеп -балабақша кешендері | Шағын - орталықтар | Балабақшалар, бөбекжайлар | Мектеп -балабақша кешендері | Шағын - орталықтар | |
970 | 207 | 958 | 40000 | 17000 | 24000 | 11000 |