Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің "Жыланды" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 09 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 5118 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 14.11.2017 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2) тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2017 жылдың 25 сәуіріндегі № 88 ұсынысы негізінде Алтыншоқы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Алтыншоқы ауылдық округінің Жыланды учаскесінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі А. Лебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады