2017 жылғы 06 маусымдағы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің "Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің "Жыланды" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 09 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 20 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 қарашада № 5292 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Алтыншоқы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      2017 жылғы 06 маусымдағы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің "Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің "Жыланды" учаскесіне шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" № 09 шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 05 шілдеде № 5118 болып тіркелген).
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     
      Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі А. Лебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады