Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 11.02.2022 № 15/5-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1- бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген) Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Лонский |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/7-VI шешімімен бекітілген |
Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлік куб метрге, жылдық норма |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,40 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,50 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1,17 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,14 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,39 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,26 |
6 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек -орын | 1,30 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,22 |
9 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,12 |
10 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м² | 0,04 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м² | 0,09 |
13 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1м² | 0,85 |
14 | Машиналардан сату | сауда орны 1 м² | 1,27 |
15 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1м² | 0,21 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1м² | 0,52 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м² | 0,26 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м² | 0,29 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1м² | 0,05 |
20 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1м² | 0,23 |
21 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0,46 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,83 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,69 |
24 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,29 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,09 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1м² | 0,23 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м² | 0,42 |
28 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 2,61 |
29 | Санитарлық-гигиеналық үй-жайлар | жалпы алаңы 1м² | 0,33 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,15 |