"Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 96 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 4800 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2018 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 желтоқсанда № 14637 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Г.Ж.Рахметова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Ш.Қанаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов

  2017 жылғы 21 сәуірдегі № 96
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша ( тоқсандық бағалау ) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың басшыларын бағалауды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүргізеді.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп дербес белгіленеді және атқарылатын жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсуі тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шараларды кіргізуге болады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" балға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл балдары атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртіпті бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжат айналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде персоналды басқару қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісуге ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерді есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің нақтылығын қарайды, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, "Б" корпусының қызметшісі бағалау парағына қол қояды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

– тоқсандық баға;

      a – көтермелеу балдары;

      в – айыппұл балдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шкала бойынша қойылады:

      80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",

      80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық",

      106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді",

      130 балдан астам – "өте жақсы".

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің нақтылығы тұрғысынан қарайды, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шкала бойынша қойылады:

      жұмыстың жеке жоспарында көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін "Б" корпусының қызметшісі бағалау парағын растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

      32. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     


     

– жылдық баға;

     

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шкаланы есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;

     

– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шкала бойынша қойылады: 3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 балдан бастап 3,9 балға дейін – "қанағаттанарлық"; 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

      36. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып табылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Батыс Қазақстан облысы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің және жергілікті
бюджеттен қаржыланатын
облыстық атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
жеке жұмыс жоспары
________________________________жыл
(жеке жоспар құрастырылған кезең)

      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):

      ___________________________________________________________________________

      Қызметшінің лауазымы:__________________________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

№р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1.

Мақсаттық көрсеткіш 1


2.

Мақсаттық көрсеткіш 2


3.

Мақсаттық көрсеткіш 3


4.

....



      Ескертпе:

      *- Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.


Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
______________________________________
күні __________________________________

қолы _________________________________

Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
______________________________________

күні __________________________________

қолы _________________________________


  "Батыс Қазақстан облысы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің және жергілікті
бюджеттен қаржыланатын
облыстық атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      Бағалау парағы
______________тоқсан _____ жыл
(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _____________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________

      ________________________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшысының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер


1








2








3









Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
______________________________________
күні __________________________________

қолы _________________________________

Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
______________________________________

күні __________________________________

қолы _________________________________


  "Батыс Қазақстан облысы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің және жергілікті
бюджеттен қаржыланатын
облыстық атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      Бағалау парағы
___________________________ жыл
(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _____________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшысының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5-ке дейін




2

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-де 5-ке дейін




3

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5-ке дейін





….






Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
______________________________________
күні __________________________________

қолы _________________________________

Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
______________________________________

күні __________________________________

қолы _________________________________


  "Батыс Қазақстан облысы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің және жергілікті
бюджеттен қаржыланатын
облыстық атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
4-қосымша

      Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда 

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет 

Комиссияның ұсыныстары 

1.




2.




...




      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні:_____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)

      Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні:____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні:_____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады