Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 "Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 18 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасымен белгіленген Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
А. Өтеғұлов |
2017 жылғы "22" маусымдағы № 187 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісі, оның учаскелері | Орналасқан жері (елді мекен) | Шекарасының ұзындығы (км) | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Ауданы (га) | Ені (м) | Ауданы (га) | Ені (м) | ||||||
"Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||||
1 | Жайық өзені (оң жағалау) ұзындығы 2,5 км, 2,0 км, 4,5 км | Орал қаласы, "Флот" ЖШС-нің аумағынан Дамбы тұйығы көшесіне дейін | 9 | 841,2 | 800-1300 | 76,57 | 35-120 | ||
2 | Шаған өзені (сол жағалау) ұзындығы 5,0 км | Орал қаласы, қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағынан "Динамо" спорт қоғамына дейін | 5 | 337,7 | 500-650 | 47,9 | 35-150 | ||
3 | Шалқар көлі | Теректі ауданының Сарыөмір ауылы | 57 | 5844 | 500 | 2990 | 50-50 | ||
"Жайық өзені мен Шаған өзенінде (71 километр) су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы" жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша | |||||||||
Орал қаласы | |||||||||
1 | Жайық өзені | Зачаган кентінің бөлігі, Коминтерн | 5 | 410 | 1000-1650 | 11 | 35-100 | ||
2 | Жайық өзені | Меловые горки ауылы | 3 | 350 | 1010-1075 | 10,8 | 35-35 | ||
3 | Жайық өзені | Саяжайлар (Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) | 3 | 350 | 1000-1235 | 10,9 | 35-35 | ||
4 | Жайық өзені | Круглоозерное кенті | 3 | 400 | 1000-1170 | 10,8 | 35-35 | ||
5 | Жайық өзені | Серебряков ауылы | 3 | 380 | 1120-1200 | 13 | 35-100 | ||
6 | Жайық өзені | Желаев ауылы | 3 | 440 | 1000-1090 | 15 | 35-100 | ||
7 | Жайық өзені | Саяжай | 5 | 510 | 1000-1100 | 18 | 35-100 | ||
8 | Шаған өзені | "Самал" саяжайлары | 6 | 306 | 500-530 | 11,8 | 35-35 | ||
Зеленов ауданы | |||||||||
1 | Жайық өзені | Щапов ауылы | 3 | 370 | 1060-1150 | 13 | 35-100 | ||
2 | Жайық өзені | Трекин ауылы | 3 | 320 | 1000-1080 | 11,1 | 35-75 | ||
3 | Жайық өзені | Володар ауылы | 3 | 340 | 1000-1200 | 10,9 | 35-35 | ||
4 | Жайық өзені | Дариян ауылы | 3 | 335 | 1000-1200 | 10,8 | 35-35 | ||
5 | Шаған өзені | Мичурин ауылы | 6 | 310 | 500-600 | 11,9 | 35-35 | ||
6 | Шаған өзені | Новенький ауылы | 2,5 | 120 | 500-525 | 5 | 35-35 | ||
7 | Шаған өзені | Достық ауылы | 3 | 151 | 500-700 | 6 | 35-35 | ||
8 | Шаған өзені | Чувашка ауылы | 2,5 | 156 | 500-580 | 6 | 35-100 | ||
9 | Шаған өзені | Макаров ауылы | 2 | 110 | 500-540 | 4 | 35-35 | ||
Теректі ауданы | |||||||||
1 | Жайық өзені | Социализм ауылы | 2 | 250 | 1000-1180 | 9,9 | 35-75 | ||
2 | Жайық өзені | Ақжайық ауылы | 3 | 210 | 1000-1060 | 8 | 35-100 | ||
3 | Жайық өзені | Ақсуат ауылы | 2 | 290 | 1000-1210 | 9,8 | 35-75 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
га - гектар;
км - километр;
м - метр.