Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 10-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 4728 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С. Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Рысбекова
      Мәслихат хатшысы А. Әубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 10-7 шешіміне
қосымша

Орал қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №40-3 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №4194 тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Пульс города" газетінің №1 және 2016 жылғы 7 қаңтарда "Жайық үні - Жизнь города" газетінің №1 жарияланған).

      2. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 25 қаңтардағы №42-3 "Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №40-3 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 27 қаңтардағы №4247 тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда "Пульс города" газетінің №7 және 2016 жылғы 4 ақпанда "Жайық үні - Жизнь города" газетінің №5 жарияланған).

      3. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі №3-2 "Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №40-3 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 сәуірдегі №4345 тіркелген, 2016 жылғы 27 сәуірде "Пульс города" газетінің №6 және 2016 жылғы 28 сәуірде "Жайық үні - Жизнь города" газетінің №17 жарияланған).

      4. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 2 тамыздағы №6-2 "Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №40-3 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 4 тамыздағы №4502 тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда "Пульс города" газетінің №33 және 2016 жылғы 11 тамызда "Жайық үні - Жизнь города" газетінің №32 жарияланған).

      5. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №7-5 "Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №40-3 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 3 қазандағы №4561 тіркелген, 2016 жылғы 5 қазанда "Пульс города" газетінің №13 және 2016 жылғы 6 қазанда "Жайық үні - Жизнь города" газетінің №40 жарияланған).

      6. Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №8-2 "Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №40-3 "2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №4625 тіркелген, 2016 жылғы 21 желтоқсанда "Пульс города" газетінің №52 және 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Жайық үні - Жизнь города" газетінің №51 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады