Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 4677 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 649 ұсынысы негізінде Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылында және Тасқұдық қыстағы аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №3 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3801 тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 7 қыркүйектегі №11 "Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №3 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4044 тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Кабдрашов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі Е.Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады