Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі Ілбішін, Қабыл ауылдарындағы кейбір көшелердің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 4961 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Ілбішін, Қабыл ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақжол ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі Ілбішін, Қабыл ауылдарындағы кейбір көшелері:

      1) Ілбішін ауылы бойынша:

      "Құлышев" көшесі - "Ақжол" көшесі;

      "М.Минаева" көшесі - "Алтын орда" көшесі;

      "Қабдешұлы Меңдібай" көшесі – "Нарын" көшесі;

      2) Қабыл ауылы бойынша:

      "О.Пендебаев" көшесі – "Шаңырақ" көшесі;

      "А.Қоразбаев" көшесі – "Бастау" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжол ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
К.Ажгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады