Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Первомай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қабыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Ю.Гагарин" көшесі – "Қазақстан-2050";
"В.И.Чапаев" көшесі – "Келешек" көшесі;
"Киров" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
"1 ферма" көшесі – "Азаттық" көшесі деп қайта аталсын.
2. Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Н.Кабжанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қабыршақты ауылдық округінің әкімі |
С.Бимаганбетов |