Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің Тасоба ауылының атаусыз көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 4971 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Тасоба ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Есенсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі Тасоба ауылының атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:

      "1-көше" көшесі – "Құлагер" көшесі.

      2. Есенсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.К.Жумказиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есенсай ауылдық округ әкімі Д.Қ.Нұрғожа

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады