Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 12-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 4685 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мұқашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бөрлі аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Б.Мұқашеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М.Дияров
      Мәслихат хатшысы А.Куликешев

  Бөрлі ауданындық
мәслихатының 2017 жылдың
26 қаңтарындағы № 12-5
шешіміне қосымша

Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1) Батыс-Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №32-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі (2016 жылдың 15 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4237 нөмірмен тіркелген және "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінің 2016 жылғы 4 ақпандағы №5 жарияланған);
      2) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 34-3 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (2016 жылдың 2 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4284 нөмірмен тіркелген және "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №11 жарияланған);
      3) Батыс-Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №2-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (2016 жылдың 12 мамырдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4399 нөмірмен тіркелген және "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінің 2016 жылғы 19 мамырдағы №20 жарияланған);
      4) Батыс-Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 тамызындағы № 6-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (2016 жылдың 29 тамыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4535 нөмірмен тіркелген және "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №36 жарияланған );
      5) Батыс-Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 қазандағы №8-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (2016 жылдың 14 қазандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4578 нөмірмен тіркелген және "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінің 2016 жылғы 27 қазандағы №43 жарияланған);
      6) Батыс-Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №9-2 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-3 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (2016 жылдың 15 желтоқсанындағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4623 нөмірмен тіркелген және "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №51 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады