Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 13-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 4745 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 13.02.2020 № 47-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтардағы "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      8 - тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) инва-такси қызметін қолданбайтын көз ауруы бойынша 1, 2 топ мүгедектеріне, 1 типті қант диабетімен ауратындарға қалалық қоғамдық көліктерде жүруіне байланысты шығындарын өтеу үшін 1 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;";

      9 – тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатерлі ісік ауруларына, туберкулезбен ауратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде, табысын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, жалғыз тұратын мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде, дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы бойынша емделуге табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) гемодиализ аппаратын қабылдайтын 1 топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай – 50 АЕК мөлшерінде;";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық емделуге баратын жол шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде көрсетіледі.";

      Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 1- қосымшасындағы бесінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні бір реттік".

      3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мұқашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В.К.Ан
      Бөрлі аудандық
мәслихатының хатшысы
А.А.Куликешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_________________ М.Тоқжанов
"16" 03 2017 жыл

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады