1. 2016 жылғы 21 маусымдағы №108 "Бөкей ордасы ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындары санын есептемегенде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бөкей ордасы ауданы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4482 тіркелген, 2016 жылдың 1 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Рахымжанов |