Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы аудандық Бөкей ордасы мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 12-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қазанда № 4920 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 36-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 36-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-9 "Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      9 – тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға анықтама негізінде, табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде.".

      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н.Тажмұратов
      Мәслихат хатшысы Е.Таңатов

      "КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_________________И.Стексов
2017 жылғы 16 қазан.

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      АЭК – айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады