Жәнібек ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 4670 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 311 "Жәнібек ауданы бойынша 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, № 4211, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Шұғыла" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Жәнібек ауданы әкімінің аппаратының басшысы (Ж.Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қуанәлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н.Қарағойшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады