Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 20-3 "Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 13-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қазанда № 4938 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 наурыздағы № 45-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық мәслихатының 05.03.2020 № 45-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 20-3 "Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3418 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтардағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі (кіріспе) мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Зеленов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";

      2- тармақта 11), 12), 13), 14), 15) тармақшалар алынып тасталсын;

      9 - тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге жолданған мүгедектерге және мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсыну негізінде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кейін қайтуға дейін, плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде, төлем жүргізіледі.";

      10 - тармақта 4) тармақша алынып тасталсын;

      12-1, 14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5, 14-6, 24-1, 27-1- тармақтары алынып тасталсын;

      көрсетілген қағиданың 1-қосымшасында:

      реттік нөмірі 5 - жолдағы 2 ,3 - бағандар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні, бір реттік".

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г.А. Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Ислямова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмагулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
___________ И.Стексов
2017 жылғы "12" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады