Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 19-13 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 10-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 4759 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 41-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 10.04.2020 № 41-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3416 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 1-қосымшасындағы бесінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні бір реттік".

      2. Қаратөбе аудандық мәслихатының аппарат басшысы ( Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Жанибеков
      Мәслихат хатшысы К.Суйеугалиев

      "КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
М. Тоқжанов ______________
2017 жылғы "23" 03

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады