1. Федоровка ауылы "Тәуелсіздік - Молодежная" аялдамасы - "Бейбітшілік - Молодежная" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 60 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Ақсуат, Пойма, Магистральный ауылдарында "Ақсуат" аялдамасы - "Пойма" аялдамасы - "Магистральный" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.
3. "Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
4. "Теректі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары В.В.Кушнерге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Мукаев |
КЕЛІСІЛДІ
Теректі аудандық
мәслихатының сессия төрағасы М.Утешев
Мәслихат хатшысы А.Нургалиев
"13" сәуір 2017 жыл