Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 19-4 "Шыңғырлау ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 қазандағы № 15-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қазанда № 4935 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 50-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 50-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихаттының 2014 жылғы 4 наурыздағы №19-4 "Шыңғырлау ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3451 тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі "Серпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:

      кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шыңғырлау ауданында аз камтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы қағидасы (одан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Шыңғырлау ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.";

      5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және нәтижесі, сонымен қатар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар қабылданады.

      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы
Қ.ЖазықбаевГ.Волкогон

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады