"Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 ақпанда № 16324 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11222 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Аккредиттелген ұйым ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде ұсынған есеп айырысу әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 14- қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы М. Досмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________Д. Абаев

      2018 жылғы 12 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "__"___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _______________Р. Дәленов

      2018 жылғы 24 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 299 бұйрығына
14-қосымша

"Аккредиттелген ұйым ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүргізу кезінде ұсынған есеп айырысу әдістемесін келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Аккредиттелген ұйым ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде ұсынған есеп айырысу әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезіндегі есеп айырысу әдістемесіне келісім-хат, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхатпен көрсетілетін қызметті алушының өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезіндегі есеп айырысу әдістемесінің көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы, немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы немесе Портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      14. Мүмкіндіктері шектеулі қызметті алушыларға (олардың өкілдеріне) мемлекеттік қызметті көрсетудің олар қызмет берушіге жүгінген жағдайда ерекшелігі: "Министрліктер үйі" ғимараты он төртінші және он бесінші кіреберістер аралығында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жеке есікпен жабдықталған.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында – www.energo.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында www.kaenk.energo.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Аккредиттелген ұйым ядролық
радиациялық және ядролық
физикалық қауіпсіздік
сараптамасын жүргізу кезінде
ұсынған есеп айырысу
әдістемесін келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
Нысан

      Кімге: _____________________________
      (уәкілетті орган басшысының
      __________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
      Кімнен:__________________________
      (ұйым басшысының
      __________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы (бар болса)
      Деректемелер:____________________
      (ұйымның бизнес сәйкестендiру нөмiрi)
      __________________________________
      (ұйымның мекенжайы, байланыс телефоны)

Өтініш

      Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезіндегі есеп айырысу әдістемесін келісуді сұраймын.

      Өтінішке ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезіндегі есеп айырысу әдістемесі қоса беріледі.

      Ұйымның басшысы __________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Мөрдің орны             Толтырылған күні 20__жылғы "_____" ___________

      (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады