Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 ақпанда № 16325 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы кедендік статистиканы жүйелі жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 521 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15778 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті төрағасының

      міндетін атқарушы

      ______________ Г. Керімханова

      2018 жылғы 26 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№ 64 бұйрығымен бекітілді

Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшелерінің арнайы кедендік статистикасын (деректерді жинақтау, қалыптастыру және ұсыну) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Арнайы кедендік статистика мемлекеттік кірістер органдарының қызметін оңтайландыруға арналған жүйеленген мәліметтердің жиынтығын білдіреді.

      3. Арнайы кедендік статистиканың міндеттері:

      1) деректерді жинау және арнайы кедендік статистиканы жүргізу;

      2) нақты бағыттар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін неғұрлым объективті бағалау үшін арнайы кедендік статистиканың көрсеткіштерін, олардың жүйелерін әзірлеу;

      3) аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын есептілікті оңтайландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      4. Кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы мәліметтері арнайы кедендік статистиканың есепке алу объектісі болып табылады.

      5. Арнайы кедендік статистиканың есепке алу объектілеріне мынадай:

      1) мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы, оның ішінде кадр құрамы бойынша көрсеткіштер туралы;

      2) декларациялау көлемі туралы;

      3) кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы;

      4) бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі туралы;

      5) жүргізілген пост кедендік тексерулер туралы мәліметтер жатқызылады.

      6. Арнайы кедендік статистика деректерін мемлекеттік кірістер органдары қалыптастырады және оларға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында пайдаланылады.

      7. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге Кодекстің 19-бабының ережелері қолданылады.

2-тарау. Арнайы кедендік статистиканы жүргізу тәртібі

      8. Арнайы кедендік статистиканы жүргізу арнайы кедендік статистиканы қалыптастыру үшін қажетті деректерді жинақтау және өңдеу жолымен жүзеге асырылады.

      9. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тұлғалар ұсынатын құжаттар мен мәліметтер негізінде Комитеттің ақпараттық жүйелеріндегі және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын есептіліктердегі мәліметтер арнайы кедендік статистиканы қалыптастыруға арналған дерек көздері болып табылады.

      10. Арнайы кедендік статистика деректерін жинақтау мен қалыптастыруды Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      11. Жиынтық ай сайынғы (өсу қорытындысымен) және жылдық ақпаратты қалыптастыру үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ай сайын есепті кезеңнен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының арнайы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде Комитеттің қызметіне үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге мемлекеттік кірістер органдары қызметінің әрбір көрсеткіштері бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады.

      12. Ай сайынғы жиынтық ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне қалыптастырылады. Жыл сайынғы жиынтық ақпарат есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-ы күніне қалыптасады.

      13. Қазақстан Республикасының арнайы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде Комитеттің қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше жиынтық ақпараттың жинақтауын жүзеге асырғаннан кейін, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы кедендік статистиканың мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі көрсеткіштерін Комитеттің ftp–ресурсына (Комитеттің желісі бойынша файлдарды беру үшін арналған стандартты хаттама (ftp://kgd.gov.kz)) орналастырады.

  Арнайы кедендік статистиканы
жүргізу қағидаларына
қосымша
  Арнайы кедендік статистика
деректерін жинауға
арналған нысан

Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері Есепті кезең: 20__ жылғы "____" _____________

      Индекс: 1-КҚ
      Кезеңділігі: ай сайын/жылдық
      Ұсынады: Комитеттің ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтердің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын есептіліктердің негізінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері.
      Нысан қайда ұсынылады: Комитеттің қызметін Қазақстан Республикасының арнайы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге.
      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне. Жыл сайын есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-ы күніне.

Қазақстан Республикасы бойынша деректер

Өлшем бірлік

20__ жылғы кезең

20__ жылғы кезең

1

2

3

4

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік кірістер департаменттерінің саны

бірлік



Дербес кедендердің саны

бірлік



Бағынысты кедендердің саны

бірлік



Ішкі кеден бекеттерінің саны, оның ішінде:

бірлік



кедендік ресімдеу орталығы

бірлік



арнайы экономикалық аймақ

бірлік



Шекара маңындағы кеден бекеттерінің саны, оның ішінде бақылау-өткізу пункттері:

бірлік



автомобиль

бірлік



теміржол

бірлік



әуежай

бірлік



теңіз

бірлік



Декларациялаудың көлемі

Жеке тұлғалар саны

адам



Теміржол құралдарының саны

вагондар



Автокөлік құралдарының саны

бірлік



Халықаралық жол тасымалдау кітапшалары (ХЖТ)

ХЖТ кітапшасы



Ресімделген транзиттік декларациялардың жалпы саны (ТД)

ТД саны



Ресімделген тауарларға арналған декларациялар саны (Экспорт-10)

саны



Ресімделген тауарларға арналған декларациялар саны (Импорт-40)

саны



Экспорт кедендік рәсімімен шығарылған тауарлардың кедендік тазартуының орташа уақыты (Экспорт-10)

минут



Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен шығарылған тауарлардың кедендік тазартуының орташа уақыты (Импорт-40)

минут



Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтежелілігі1

пайыз



Автомобиль өткізу пункттеріндегі кедендік операциялардың орташа уақыты (тәулік бойы жұмыс режимімен)

минут



Кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат

Кеден өкілдерінің тізіліміне сәйкес кеден өкілдерінің саны2

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне сәйкес кедендік тасымалдаушылар саны2

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Уәкiлетті экономикалық операторлар тізіліміне сәйкес уәкiлетті экономикалық операторлар саны (УЭО)2

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Уақытша сақтау қоймалары иелері тізіліміне сәйкес уақытша сақтау қоймалары иелерінің саны (УСҚ)2

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Кеден қоймалары иелері тізіліміне сәйкес кеден қоймалары иелерінің саны2

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Бажсыз сауда дүкендері иелері тізіліміне сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелерінің саны2

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Еркін қойма иелері тізіліміне сәйкес еркін қойма иелерінің саны2

бірлік



оның ішінде: жұмыс істейтін

бірлік



Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі

Барлығы

миллион теңге



Кедендік алымдар

миллион теңге



Импорттық кедендік баж

миллион теңге



Экспорттық кедендік баж

миллион теңге



Қорғау кедендік баж

миллион теңге



Импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы (жалпы)

миллион теңге



Импортқа акциздер

миллион теңге



Кедендік төлемдердің жиынтығы

миллион теңге



Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкасы

миллион теңге



Еуразиялық экономикалық одағы елдерінен бөлген импорттық әкелу баждар және қорғау баждары

миллион теңге



Жүргізілген пост кедендік тексерулер туралы

Жүргізілген кедендік тексерулер саны

тексерістер саны



оның ішінде: көшпелі жоспарлы тексерулер

тексерістер саны



көшпелі жоспардан тыс тексерулер

тексерістер саны



камералдық кедендік тексерулер

тексерістер саны



Қоса есептелген кедендік төлемдер және салықтар

мың теңге



Өндіріп алынған кедендік төлемдер және салықтар

мың теңге



Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кадрлық құрамы

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден бекеттерінің штат саны

қызметкерлер



оның ішінде іс жүзіндегі саны:

қызметкерлер



есепті кезең ішіндегі кеден бекеттерінде персоналдың тұрақтамаушылық деңгейі

пайыз



      Ескертпе. 1 Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған, барлық жүргізілгендердің ішінен нәтижелі кедендік тексерудің үлесі
      Ескертпе. 2 Тізілімдер Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 271 шешімімен бекітілген
     
      Бірінші басшы (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға)
      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
      (күні, айы, жылы)
      "Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері" деген нысанды толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанға қосымшада келтірілген.

  Арнайы кедендік статистика
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

Арнайы кедендік статистика деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Арнайы кедендік статистика деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) арнайы кедендік статистика деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – нысан).

      2.Нысан "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 5-тармағына сәйкес арнайы кедендік статистиканы жүйелі жүргізу мақсатында әзірленді.

      3. Нысанды Комитеттің ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтердің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын ай сайын есептіліктер негізінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері толтырады.

      4. Ай сайынғы жиынтық ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне ұсынылады. Жыл сайынғы жиынтық ақпарат – есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-ы күніне.

      5. Нысанға бірінші басшы (немесе нысанға қол қоюға уәкілетті тұлға) қол қояды, күні, айы, жылы көрсетіледі.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. "Жалпы ақпарат" деген бөлімде:

      3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі кеден бағыты, оның ішінде бөлімшелер бойынша (дербес кедендер, бағынысты кедендер, ішкі кеден бекеттері, шекара маңындағы кеден бекеттері) бөлігінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының саны көрсетіледі;

      4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі кеден бағыты, оның ішінде бөлімшелер бойынша (дербес кедендер, бағынысты кедендер, ішкі кеден бекеттері, шекара маңындағы кеден бекеттері) бөлігінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының саны көрсетіледі.

      7. "Декларациялаудың көлемі" деген бөлімде:

      3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі тиісті жолдарда белгіленген өлшем бірлікке сәйкес сандық деректер (жеке тұлғалар, теміржол құралдары, автокөлік құралдары, халықаралық жол тасымалдау кітапшалары, ресімделген транзиттік декларациялар, ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Экспорт-10), ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Импорт-40), экспорттың кедендік рәсімі бойынша шығарылған тауарларды кедендік тазартудың орташа уақыты (Экспорт-10), ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі бойынша шығарылған тауарларды кедендік тазартудың орташа уақыты (Импорт-40), тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтежелілігі, автомобиль өткізу пункттеріндегі кедендік операциялардың орташа уақыты (тәулік бойы жұмыс режимімен)) көрсетіледі;

      4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі тиісті жолдарда белгіленген өлшем бірлікке сәйкес сандық деректер (жеке тұлғалар, теміржол құралдары, автокөлік құралдары, халықаралық жол тасымалдау кітапшалары, ресімделген транзиттік декларациялар, ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Экспорт-10), ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Импорт-40), экспорттың кедендік рәсімі бойынша шығарылған тауарларды кедендік тазартудың орташа уақыты (Экспорт-10), ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі бойынша шығарылған тауарларды кедендік тазартудың орташа уақыты (Импорт-40), тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтежелілігі, автомобиль өткізу пункттеріндегі кедендік операциялардың орташа уақыты (тәулік бойы жұмыс режимімен)) көрсетіледі.

      8. "Кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат" деген бөлімде:

      3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уәкiлетті экономикалық операторлар (УЭО), уақытша сақтау қоймаларының иелері (УСҚ), кеден қоймалары иелері, бажсыз сауда дүкендері иелері, еркін қойма иелері (жалпы және жұмыс істейтін) бойынша бөлігінде кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі;

      4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уәкiлетті экономикалық операторлар (УЭО), уақытша сақтау қоймаларының иелері (УСҚ), кеден қоймалары иелері, бажсыз сауда дүкендері иелері, еркін қойма иелері (жалпы және жұмыс істейтін) бойынша бөлігінде кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі.

      9. "Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі" деген бөлімде:

      3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі сома бөлігінде бюджетке келіп түскен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша сандық деректер көрсетіледі;

      4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі сома бөлігінде бюджетке келіп түскен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша сандық деректер көрсетіледі.

      10. "Жүргізілген пост кедендік тексерулер туралы" деген бөлімде:

      3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жүргізген посткедендік тексерулер (кедендік тексерулер, көшпелі жоспардан тыс тексерулер), сондай-ақ қоса есептелген және өндіріліп алынған кедендік төлемдер және салықтар бойынша сандық деректер көрсетіледі;

      4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жүргізген посткедендік тексерулер (кедендік тексерулер, көшпелі жоспардан тыс тексерулер), сондай-ақ қоса есептелген және өндіріліп алынған кедендік төлемдер және салықтар бойынша сандық деректер көрсетіледі.

      11. "Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кадрлық құрамы" деген бөлімде:

      3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден бекеттерінің ресми және іс жүзіндегі саны бойынша сандық деректер көрсетіледі;

      4-бағанада белгіленген өлшем бірлікке сәйкес өткен ұқсас кезең ішіндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бекеттерінің ресми және іс жүзіндегі саны бойынша сандық деректері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады