Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 16340 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз

      "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңының 5-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 82 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

№___
Өтемақы алушылардың
орталықтандырылған тізілімі

      Ұсынған күні _________________________________
      _________________________________________________________________________
      (қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органның атауы)

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Алушының ЖСН*

Алушының банктік деректемелері
(БСК, ЖСК* (алушының ағымдағы/жеке банк шоты бар болса, шот нөмірін көрсету))

Сомасы

1

2

3

4

5











      Басшы: __________ ___________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мөр орны

      Қаржы қызметінің басшысы: ____________ ____________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер: ____________ ____________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      * Ескертпе:

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 82 бұйрығына
2-қосымша

Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін (бұдан әрі – тізілім) ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Орталықтандырылған тізілімді ұсыну тәртібі

      2. Тізілімді өтемақыны төлеу туралы шешімге сәйкес қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      3. Тізілім өтемақы алушылардың мынадай мәліметтерін қамтиды:

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) алушының жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) алушының банктік деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру коды, алушының ағымдағы/жеке банк шотыбар болса, шот нөмірін көрсету);

      4) өтемақы сомасы.

      4. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорына (бұдан әрі - Қор) түсетін түсімдерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептейді. Қордың қаражаты Заңмен көзделген мақсатқа пайдалануға жүзеге асырылады.

      5. Орталықтандырылған тізілімді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдары ай сайын тұлғаны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы шыққан айдан кейінгі айдың он бесінші күніне қарай ұсынады.

      6. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тізілімі негізінде төлем тапсырысын қалыптастырады.

      Қордан өтемақыны төлеу алушылардың банктік шотына жүзеге асырылады.

      7. Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражат болған кезде өтемақыны төлеуді орталықтандырылған тізілім негізінде қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдардың өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсынған күннен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізіледі.

      8. Қордың ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, өтемақыны төлеуді Қор қаражатының толықтырылуына қарай тізілімдердің түсу кезектігі тәртібімен бюджетті атқару жөніндегі атқарушы орган жүзеге асырады.

      9. Тізілімнің деректері бойынша Қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан артық (қате) төленген сома болған жағдайда қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар оларды қайтару бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      10. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тізілімнің орындалғаны туралы осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдарды хабардар етеді.

      11. Өтемақы алушылардың деректерің тізілімде жаңылыс көрсетуіне байланысты төлемдерді қайтарған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қайтару себебі туралы қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдарға хабардар етеді.

      Қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар жаңылыс көрсеткен деректерді түзетеді және өтемақы алушыларды, олар бойынша төлемдерді қайтару өткізілген келесі тізілімге қосады.

      12. Өтемақыны негізсіз тағайындағаны және тізілімде өтемақы алушылардың деректерін толықтыру дұрыстығына Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес тұлға жауапты болады.

  Өтемақы
алушылардың орталықтандырылған
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан

Өтемақы алушылардың орталықтандырылған
тізілімі бойынша жүргізілген төлемдер туралы хабарлама

      Ұсынған күні _____________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      (қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдардың атауы)

№ р/с

Тізілім

Төлем тапсырмасы

Төлем жүргізілген күні

Нөмері

Күні

Алушы

Сомасы

Нөмірі

Күні

Сомасы

А

1

2

3

4

5

6

7

8





































      Қазынашылық басшысы _________ _____________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы: __________ ______________________________________________

      (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады