"Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 16342 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 961 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 № 961 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11101 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамында жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын береді;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті 3 жұмыс күні ішінде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген 5 жұмыс күн мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші 5 жұмыс күні ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себебтері мен мерзімін көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жазбаша хабарлама жолдайды.

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыру нысаны бойынша не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорация – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін;

      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша "электронды кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жеке өзі өтініш жасаған кездегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтi алу үшiн қажетті құжаттар тізбесі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы шетелдікті Қазақстан Республикасына шақыру туралы сауалнама-өтiнiш;

      3) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбiртек.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлегенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бағдар алу қабілетін немесе мүмкіндігін толық не ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгінуі арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып жүргізеді.";

      1, 2, 3-қосымша осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитетінің төрағасы М.Т. Қабденовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 19 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоммуникациялар

      министрі __________ Д. Абаев

      2018 жылғы 29 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
1-қосымша
  "Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне
шақыруларды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясына
___________________________
(аумақтық бөлімшесінің
___________________________
атауы)

"Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы
ХАБАРЛАМА

      Көрсетілетін қызметті алушыға хабарлау үшін

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Шақыруларды ресімдеудің негіздерін зерделеу үшін, келісілетің құзыретті мемлекеттік

      органнан келіп түскен сұрау салуға байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзімі

      20___ жылғы "___"____ бастап 20___ жылғы "___"____ дейін ұзартылады.

      Келісу нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші-лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) және қолы)

      М.О.

      Орындаушы:_____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Телефон__________________

      20__ жылғы "___" __________________

      Алдым: _____________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) / қолы)

      20__ жылғы "___" __________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
2-қосымша
  "Жеке істері бойынша Қазақстан
Республикасына кіруіне
шақыруларды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

ЖЕКЕ ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КІРУІНЕ ШАҚЫРУ ПРИГЛАШЕНИЕ НА ВЪЕЗД В РЕСПУБЛИКУ КАЗАХСТАН ПО ЧАСТНЫМ ДЕЛАМ INVITATION FOR VISIT TO THE REPUBLIC OF KAZAKSTAN FOR PRIVATE CASE

      Шақырушы адам/Приглашающий/Inviting person:

      Teгi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/Фамилия, имя, отчество

      (при его наличии)/Name: _____________________________________________

      Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________

      Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________

      Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________

      Шақырылатын адам(дар)/Приглашаемый (е)/Invited person: ______________

      Тегі, аты/Фамилия, имя/Nаmе: ________________________________________

      Туған жылы/Дата рождения/Date of birth: _____________________________

      Туыстық дәрежесі/Степень родства/Degree of relation: ________________

      Азаматтығы/Гражданство/Nationaliti: _________________________________

      Мекенжайы/Адрес/Address: ____________________________________________

      Сапардың мақсаты/Цель поездки/Purpose of visit: _____________________

      Сапардың мepзiмi/Cpoк поездки/Period of visit: ______________________

Шақыру фактісін растайтын орган:

Лауазымды адамның қолы:

Шақыратын адамның қолы:

Орган, подтверждающий факт приглашения:

Подпись должностного лица:

Подпись приглашающего:

The invation is endorsed by:
М.О. 20__ жылғы "___" ____

Signature of the official:

Signature of the inviting person:

      ____________________________________________________________________

                              (шақыруды ресiмдеген органға қайтарылуға тиiс)

      ШАҚЫРУҒА БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Бастыққа ____________________________________________________________

                              (шақырылғандардың азаматтығы, тегi аты)

      Қазақстан Республикасына ____ күнге келуге рұқсат берiлгенiн хабарлайды.

      Келу мақсаты ________________________________________________________

      Тұратын мекенжайы: __________________________________________________

      Қазақстан Республикасына келуiн, Қазақстан Республикасында болудың белгiленген

      қағидаларын сақтауын және уақтылы шығуын бақылауды қамтамасыз ету қажет.

      М.О. Бастық _________________________________________________________

                              (шақыруды ресiмдеген органның атауы)

      Жеке iстер бойынша шақыру үлгiсiнiң сыртқы бетi

      ШАҚЫРУ ШАРТТАРЫ: Шақырушы жақ туысқанының, танысының Қазақстан Республикасында болған мерзімінде: тұруы, тамақтануы, медициналық шығыстары, келетін адамның көші-қон полициясы органдарында күнтізбелік 5 күн iшiнде тіркелуі, Қазақстан Республикасынан уақтылы кeтуi жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Қазақстан Республикасында болу уақытында шақырылған адамға еңбек және коммерциялық қызметпен айналысуға, Қазақстан Республикасының оқу орындарына түсуге тыйым салынады. Шақыру берілген күннен бастап 1 жылға жарамды.

      УСЛОВИЯ ПРИГЛАШЕНИЯ: Приглашающая сторона берет на себя обязательства по пребыванию родственника, знакомого в Республике Казахстан: проживание, питание, медицинские расходы, регистрация въезжающего в органах миграционной полиции в течение 5 календарных дней, своевременность выезда из Республики Казахстан. Во время пребывания в Республике Казахстан приглашаемому запрещается заниматься трудовой и коммерческой деятельностью, поступать в учебные заведения Республики Казахстан. Приглашение действительно 1 год со дня выдачи.

      TERMS OF INVITATION: The inviting party undertakes all responsibilities for the sojourn of their relatives, friends in the Republic of Kazakhstan: accommodation, meals, medical expenses, registration of the visitor (s) at the migration police department within 5 days, and the departure from the Republic of Kazakhstan in due time. During his visit to the Republic of Kazakhstan the visitor is not allowed to undertake any employment or business activities or enter any educational establishment in the Republic of Kazakhstan. The invitation is valid 1 year from the date of issue.

      ________________________________________ Iшкi iстер органының белгiсi

      20__ жылғы "___" _______________________

      келгенi туралы мәлiметтер ______________

      кеткенi туралы мәлiметтер ______________

      қалалық IIБ бастығы ____________________

      20__ жылғы "___" _______________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 9 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
3-қосымша
  "Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан
  Ішкі істер департаменті
____________________________
қала, облысы
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
____________________________
егер басқа тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
болса көрсетіңіз
____________________________
туған күні, айы, жылы
____________________________
тұрақты тұратын жері
____________________________
үй, ұялы телефондары

Шетелдікті Қазақстан Республикасына шақыру туралы сауалнама-өтініш

      Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдар туралы мәліметтер


р/р

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (шақырылатын адамның паспортына қатаң сәйкестікте толтырылады)

Азаматтығы,
паспорттың №, берілген күні

Туған күні мен жері

Келетін елі, мекенжайы және тұрғылықты жері

Қазақстан Республикасындағы мекенжайы

Қазақстан Республикасында болу кезінде қозғалу бағыты

1

2

3

4

5

6

7












      Жол жүру мерзімі___________________________________________________

      Соңғы 5 жылдағы Сіздің еңбек қызметіңіз (оқуды және әскердегі қызметті қоса алғанда)

Қызметке түскен және босатылған жылы

Ұйымның атауы және атқарған лауазымы

Ұйымның мекенжайы




      Жеке куәлік № ______________ 20 жылғы "___" ________________

      ЖСН №_________________

      Паспорттың № _________________ 20 жылғы "___"_______________

      Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты 20___ жылғы "___" ________ № _________

      Азаматтығы жоқ адамның куәлігі 20___ жылғы "___" ______ №_________

      Маған сауалнама - өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      20__ жылғы "___" ________ _______________________________

      (өтініш иесінің қолы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      20_____ жылғы "_____" ________ _______________________________

      (өтініш иесінің қолы)

      Сауалнама - өтініш 20__ жылғы "___" ____ қабылданды.

      __________________________________________________________________ сауалнама - өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады