"Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16349 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 - тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3 - тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрі - МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі - кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын (бұдан әрі - әзірлік паспорты) Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) береді;";

      5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.";

      9 - тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушілерге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік актісі (бұдан әрі - әзірлік актісі);

      әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

      Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі;

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлік актінің электрондық көшірмесі;

      әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызмет берушілерге қолма-қол берген кезде - қағаз жеткізгіште өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күнімен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.";

      11-тармақтың алтыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағымда заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілетін қызметті берушінің kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.";

      Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі____________ Д. Абаев

      2018 жылғы 15 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі
____________ Т.Сүлейменов

      2018 жылғы 29 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
қосымша
  "Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа _____ жж. әзірлік актісі

      __________________________________ ___________________________

      Акт жасалған жер                              (күні)

      ____________________________________

      (ұйым атауы)

      _______ №____ бұйрығымен тағайындалған комиссия

      __________________________________________________________________________

      энергия өндіруші және энергия беруші

      __________________________________________________________________________

      ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін

      ____________________________________________________________________

      шарттардың орындалғаны-орындалмағаны көрсетіледі


      Қорытынды:__________________________________________________________

      (ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын - дайын емес)

Комиссия төрағасы:

_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Комиссия төрағасының орынбасары:

_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Комиссия мүшелері:

_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(қолы және мемлекеттік органның мөрі)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(қолы)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(қолы)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады