2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексi 542-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторларының өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторларының өзара іс-қимыл жасау қағидалары 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 542-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және арнайы жеңілдетулері мәселесі бойынша мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың (бұдан әрi - Оператор) өзара іс-қимыл жасау тәртiбiн айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органы мен уәкілетті экономикалық оператордың өзара іс-қимылын ұйымдастыру тәртібі
2. Уəкілетті экономикалық операторлар тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген кезде Операторға берілген арнайы оңайлатулар қолдануымен кедендік операцияларды жүргізу кезінде Кодекстің 531-бабына сәйкес Уəкілетті экономикалық операторлар тізілімге енгізу туралы куәлігіне (бұдан әрі - Куәлік) сәйкес арнайы оңайлатуларды қолданатын кедендік операциялар жүзеге асыруға мүмкін болатын мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Бірінші және үшінші типтегі Куәлігі бойынша өз қызметін жүзеге асыратын Оператор Тізілімге енгізу туралы ақпаратты алғаннан кейін кедендік операцияларды жасағанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды:
басшылар және оның штатындағы әрбір лауазымды тұлға үшін тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), атқарып отырған лауазымын, байланыс телефонын, электронды мекенжайын көрсете отырып, арнайы оңайлатуды қолданып кедендік операцияны жасау үшін жауапты тұлғалар қатарынан өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізімі;
сәйкестендіру құралдарының сипаттамалары бар құжаттарды қоса бере отырып, көлік құралдарының бөліктері не олардың бөліктерінің жүк орындарына (бөлімдерге) Оператормен қондырған сәйкестендіру құралдарының фотосуреттері;
тасымалдайтын (тасымалдаушы болған) Оператордың көлік құралдарына қатысты ақпарат.
4. Екінші және үшінші типтегі Куәлігі бойынша өз қызметін жүзеге асыратын Оператор Тізілімге енгізу туралы ақпаратты алғаннан кейін кедендік операцияларды жасағанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай ақпаратты уәкілетті органына жолдайды:
кедендік бақылау аймағы мәртебесі бар аумақтың (алаңның, үй-жайының) учаскесіне қызметкерлер мен басқа тұлғалардың кіруге рұқсат тәртібі туралы ақпарат;
пайдаланылатын сәйкестендіру құралдары туралы;
сәйкестендіру құралдарының сипаттамалары бар құжаттарды қоса бере отырып, көлік құралдарының бөліктері не олардың бөліктерінің жүк орындарына (бөлімдерге) Оператормен қондырған сәйкестендіру құралдарының фотосуреттері;
лауазымды міндеттеріне кедендік операцияларды ұйымдастыруы және (немесе) жасауы жататын қызметкерлердің тізімі;
басшылар және оның штатындағы әрбір лауазымды тұлға үшін тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), атқарып отырған лауазымын, байланыс телефонын, электронды мекенжайын көрсете отырып, арнайы оңайлатуды қолданып кедендік операцияны жасау үшін жауапты тұлғалар қатарынан өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізімі.
5. Оның ішінде штаттан тыс оқиғалар туындаған жағдайда Кодекстің 536-бабына сәйкес Куәліктің типіне байланысты Операторға берілетін арнайы оңайлатуларды қолдану үшін мемлекеттік кірістер органы өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғаларды айқындайды және әрбір лауазымды тұлға үшін тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), атқарып отырған лауазымын, байланыс телефонын, электронды мекен-жайын көрсете отырып олардың тізімін жасайды және аталған тізімді Тізілімге енгізу туралы ақпаратты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде уәкілетті органға жолдайды.
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мәліметтерді алғаннан бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Операторға өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың жиынтық тізімін жолдайды.
Мемлекеттік кірістер органы Тізілімге енгізу туралы ақпаратты алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде өзара іс-қимылды жүзеге асыруға Оператордың уәкілетті тұлғалардың тізімін кедендік декларациялауды жүзеге асыратын қызметкерлердің назарына жеткізеді.
6. Уәкілетті тұлғалардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, ол дереу осындай өзгерістерге бастамашы болған өзара іс-қимылға қатысушылардың, басқа қатысушылардың назарына жеткізілуге тиіс.
7. Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауды қоса, Оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тұрған тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жүргізуді көздейтін арнайы оңайлатуларды қолдану мақсатында Оператор кедендік бақылау аймағы мәртебесіне ие кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының келуі және орналасуы үшін аумағының (алаңының, үй-жайлардың) участігін "Кедендік бақылау аймағын" бөледі және арнайы белгілермен белгілейді. Бұл ретте, Оператор кедендік бақылау аймағы мәртебесіне ие аумағының (алаңының, үй-жайлардың) участігіне қызметшілердің және өзге адамдардың кіруіне рұқсат беру тәртібін қамтамасыз етеді.
8. Тауарларды Оператор аумағының (алаңының, үй-жайлардың) участігінде құрылған кедендік бақылаудың аймағына әкелген кезде көлік құралы келгенде Оператор мен Мемлекеттік кіріс органының өзара іс-қимылы Кодекстің 539-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Оператордың көлік құралдарына "Уәкілетті экономикалық операторлардың халықаралық тасымалдау көлік құралдың танымдық белгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16304 болып тіркелген) көк реңде "АЕО" ақ әріптермен жазбасын білдіретін (әріптер: биіктігі – 200 мм; әріп штрихының қалындығы – 20 мм) "АЕО" таным белгісін қондырылады.
10. Сәйкестендіру құралдарын алып тастау, көлік құралдарының жүк бөлімдеріне қондыру және тауарларды түсіру Оператормен жүзеге асырылады. Көлік құралдарының жүк бөлімдерінің ашылуы және сәйкестендіру құралдарын алып тастауы сәйкестендіру құралдарын алып тастау тиісті журналында жазылады.
11. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына келуімен, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуімен, кедендік декларациялаумен және тауарларды шығаруымен байланысты кедендік операцияларды бірінші кезекте жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органында бөлек орынды (терезені) қарастырады.
12. Мемлекеттік кірістер органы кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанда кедендік бақылауды тағайындаған жағдайда кедендік бақылау 412 және 413-баптарына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Кедендік операцияларды жүзеге асырған кезде Оператор арнайы оңайлатуларды пайдаланбаған жағдайда бұл жөнінде мемлекеттік кірістер органын жазбаша немесе электронды түрде хабарлайды.
Оператордың арнайы оңайлатуларды қолданудан бас тартқан жағдайда ол декларант болып табылатын тауарлармен жасалатын кедендік операциялар Кодекстің 3-бөлімімен белгіленген тәртіппен жасалады.
14. Мемлекеттiк кiрiстер органдары Тізілімге енгізген кезде берілген арнайы оңайлатуларды Кодекстің 536-бабымен белгіленген шарттары мен оларды қолданудың талаптарын сақтаған кезде Оператормен қолданудан бас тартпайды.
15. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару арнайы оңайлатуды қолдану кезінде Оператор Кодекстің 540-бабы сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, Оператор өтінішке тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін қажетті Кодекстің 185 және 194-баптарында көзделген мәліметтерді қосады.
16. Оператормен өзара іс-қимыл, Кодекстің 26-бабына сәйкес консультациялық көмекті жүзеге асыру, қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын Оператордың сұрау салулары бойынша объективті және жедел шешім қабылдау мәселелерін үйлестіру мақсатында уәкілетті орган осындай өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды.
17. Мемлекеттік кірістер органы кедендік операцияларды жасаудың уақытын қысқартуға және тәртібін оңтайландыруға бағытталған уәкілетті орган жүргізетін пилоттық жобалар мен тәжірибелерге басым түрде қатысу туралы Операторға хабарлайды.
18. Тұрақты өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету мақсатында арнайы оңайлатуларды қолдану кезіндегі ағымдағы сұрақтарды, Оператор қызметін құқықтық реттеуді жетілдірудің бағытын талқылау бойынша Кодекстің 26-бабына сәйкес консультациялық кеңес құрылуы мүмкін.
19. Кодекстің 542-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары мен Оператор арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында келісім (меморандум немесе өзге де құжат) жасауға жол беріледі.
3-тарау. Уәкілетті экономикалық оператор мен мемлекеттік кірістер органы арасындағы өзара ақпараттық іс-қимыл жасау тәртібі
20. Оператор мен мемлекеттік кірістер органы арасындағы өзара ақпараттық іс-қимыл жасау электрондық түрде жүзеге асырылады.
Құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасудың электрондық түрде техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасу қағаз жеткізгіште ұсыну (жіберу) арқылы жүзеге асырылады.
21. Ақпараттық алмасу Кодекстің 25 және 26-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпараттық алмасу шеңберінде Оператормен берілетін деректер құрамына көлік құралдары мен тауарлары, олардың келу/кету уақыты мен орны, қолданылатын сәйкестендіру құралдар туралы, олардың лауазымдық міндеттеріне кедендік операцияларды ұйымдастыру және (немесе) жасау кіретін қызметкерлері туралы және арнайы оңайлатуларды тиімді қолдану үшін өзге де мәліметтер кіреді.
22. Ақпараттық алмасу шеңберіндегі берілетін деректер форматы мәтіндік хабарлама, .doc, .xls, .jpg, .pdf, .html, .xml форматтағы файлдар кіреді.
23. Жедел әрекет ету мақсатында бұдан әрі қағаз жеткізгіште ұсына отырып, электрондық поштаны және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, құжаттар немесе мәліметтердің сканерленген көшірмесін ұсынуына жол беріледі.