"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 16378 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 272 (28211) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жылжымайтын мүлік кепілі шарты, сондай-ақ оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің екі данасына тараптар қолдары қойылып, жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша әділет органдарында тіркелуге тиіс. Әділет органдарында тіркелгеннен кейін жылжымайтын мүлік кепілі шартының немесе оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісімнің бір данасы Қоғамға қайтырылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 11-1. тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Стипендиаттың, оның отбасы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары) меншік құқығында тиесілі, ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда, оқу шартында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Стипендиат оқу шығындары сомасына байланысты кепілгерді (-лерді) ұсынады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жаңа кепіл шарты әділет органдарында тіркелгеннен кейін кепіл заты ауыстырылғанда Қоғам өтініш беруші өтініш берген күнінен күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде бұрынғы кепіл затынан ауыртпалықты алу үшін өтініш берушіге хат (еркін нысанда) және сенімхат береді.";

      мынадай мазмұндағы 28-1. тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Түлектің жүктілік және бала туу бойынша демалыста, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңдері еңбек өтілімін жүзеге асыру мерзіміне есептеледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-косымшада:

      жылжымайтын мүлік кепілі шартын жасау үшін Құжаттар тізбесінде:

      4, 5 және 7-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н. А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады