Салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған квитанцияның және салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкінің нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 16382 болып тіркелді

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 21-бабының 2-тармағына, 552-бабының 3-тармағына және 623-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған нысандар:

      1) салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған квитанция осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10480 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған);

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2016 жылғы 23 мамырдағы № 250 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13822 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№ 71 бұйрығына 1-қосымша
нысан

Салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған квитанция

Нысан ЖТ - № 1
Форма ФЛ - № 1
КВИТАНЦИЯ Сериясы



КВИТАНЦИЯ Серия
Салық төлеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________________
Ф.И.О. (при его наличии) налогоплательщика
ЖСН (ИИН)


Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі


Идентификационный номер транспортного средства
Тұрғылықты мекенжайы, телефоны ________________________________________________
Адрес места жительства, телефон

Салықтың атауы
Наименование налога

Салық коды
Код налога

Ағымдағы жылға сомасы ТТК (төлемді тағайындау коды) 911
Сумма налога за текущий год КНП (код назначения платежа) 991

Өткен жылдардың бересісі ТТК (төлемді тағайындау коды) 994
Недоимка прошлых лет КНП (код назначения платежа) 994

Өсімпұлдар ТТК (төлемді тағайындау коды) 992
Пени КНП (код назначения платежа) 992

Жиыны
Итого

1

2

3

4

5

6

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
Налог на имущество с физических лиц

104102





Елді мекендер жерлеріне жер салығы
Земельный налог на земли населенных пунктов

104302





Елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы
Земельный налог, за исключением земельного налога на земли населенных пунктов

104309





Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық
Налог на транспортные средства с физических лиц

104402





Барлығы
Всего


Соманы жазумен, бас әріппен, бос қалған жол бойынша – сызықша.
Указать сумму прописью, с заглавной буквы, по свободному остатку поля – прочерк. __________________________________________________ тенге ________________ тиын
Салық жинауды жүзеге асырған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________________________________________________________
Ф.И.О. (при его наличии) должностного лица, осуществившего сбор налогов
Берген күні: күні

ай

20

жыл
Дата выдачи: день

месяц

20

год

М.О. Төледім
М.П. Уплатил
(салық төлеушінің қолы – подпись налогоплательщика)



Алдым
Получил
(лауазымды тұлғаның қолы – подпись должностного лица)



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№ 71 бұйрығына 2-қосымша
нысан

Салық заңнамасында көзделген жағдайларда, қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкі

Квитанцияның түбіртегі Сериясы №
Төлеушінің атауы (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ___________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Төлеушінің ЖСН (БСН)


Төлемнің мақсаты:_______________________________________________________________
______________________________________________________________________________

Төлем сомасы __________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(санмен және жазбаша түрде)
Квитанцияны берген уәкілетті мемлекеттік органның атауы: _______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Берілген күні: 20__ж."__"________________
Квитанцияны берген лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
М.О. қолы:____________________________
_______________________________________________________________________________
Төлеушінің қолы ________________________________________________________________


Квитанция Сериясы №
Төлеушінің атауы (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) _____________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Төлеушінің ЖСН (БСН)


Төлем сомасы _______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(санмен және жазбаша түрде) Квитанцияны берген уәкілетті мемлекеттік органның атауы:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Берілген күні: 20__ж."__"________________
Квитанцияны берген лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
М.О. қолы:____________________________
_______________________________________________________________________________
Төлеушінің қолы ________________________________________________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады