"Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 3 ақпандағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 16393 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10176 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 9-тармағына, 243-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларында және олардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. 2015 қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібі және олардың мазмұнына қойылатын талаптар";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. 2016-2018 және кейінгі қаржы жылдарына бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібі және олардың мазмұнына қойылатын талаптар";

      15-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi" деген жолда осы бюджеттік бағдарлама шеңберiнде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын мемлекеттiк функциялар мен өкілеттіктерді, сондай-ақ осы бюджеттiк бағдарламаның қажеттігін негіздейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің тақырыбы, қабылдану күндері мен нөмірлері көрсетiледi.

      Бұл ретте нормативтiк құқықтық актiлердің құрылымдық элементтері көрсетіледі;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері" деген жолда бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық жоспардың мақсатына сандық өлшенетін қол жеткізуі көрсеткіштері, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаның, мемлекеттік органның қол жеткізуі шартталған тікелей нәтижелер көрсетіледі.

      Егер бюджеттік бағдарлама стратегиялық жоспардың бір мақсатына сәйкес болса, онда бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі ретінде стратегиялық жоспардың осы мақсатының нысаналы индикаторы көрсетіледі.

      Бюджеттiк бағдарламаның нәтижелері:

      анық, айқын және нақты болуы тиiс;

      оның сандық көрсеткіштері мен оған қол жеткізу күнін (кезеңін) (белгілі бір уақыт аралығында, жоспарлы кезеңнің соңында, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөліністе) айқындау жолымен бюджеттік бағдарламаны іске асырудың сапалы қорытындысын көрсетуі тиіс;

      мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларынды не аумақтарды дамыту бағдарламаларын айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланысады;

      абсолютті, салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен беріледі және ақшалай шамада көрсетіле алмайды.

      Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын, тұрақты сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша олардың түпкілікті нәтижелерін көрсетпестен анықтауға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерін және шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бюджеттік бағдарламаны бөлетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін түпкілікті нәтижелер көрсетілмейді.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бюджет кодексінің 31-бабының 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтиже көрсеткіштері қаржы-экономикалық негіздемелерге және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес көрсетіледі;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар" деген кестеде есептік деректер бойынша алдыңғы қаржы жылының, ағымдағы қаржы жылының және жоспарлы кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінісінде бюджеттік бағдарламаның теңгемен көрсетілген шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.

      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік кіші бағдарламалары жоқ бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде әрбір бюджеттік инвестиция бойынша көрсетіледі;";

      14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) "Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi" деген кестеде қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызмет көрсететін мемлекеттік органның қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы көрсетіледі.

      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болған жағдайда, бұл кесте әрбір кіші бағдарлама бойынша толтырылады.

      Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:

      есептік деректер бойынша есепті қаржы жылы, ағымдағы қаржы жылы бойынша және жылдар бойынша бөлінісінде жоспарлы кезеңге көрсетіледі;

      объективті түрде мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін көрсетеді және бюджеттік бағдарлама басшысының жетекшілік ететін саласына сәйкес келеді;

      бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында қол жеткізу болжанатын мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін қамтиды;

      бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланысады;

      абсолюттік шамалармен көрсетіледі. Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiн салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен, ақшалай көрсеткіште көрсетуге жол берілмейді.

      Бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде өзара және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) арасында тікелей және түпкілікті нәтижелердің өзара қайталануына жол берілмейді.

      Бөлінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін тікелей нәтижелер көрсеткіштері көрсетілмейді.

      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялар бөлінісінде көрсетіледі.

      Бюджет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтижелер нысаналы трансферттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі айқындаған қарыз шарттарының, гранттар туралы келісімдердің, жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың талаптарына сәйкес айқындалады.

      Бюджет кодексінің 46-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттердің кірістері бойынша шығындарды өтеуге бағытталған нысаналы ағымдағы трансферттерді қоспағанда, нысаналы ағымдағы трансферттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері төмен тұрған бюджеттердің бөлінісінде көрсетіледі.

      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштерінде төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде бюджеттік инвестицияларының жалпы саны көрсетіледі.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бюджет кодексінің 31-бабының 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері қаржы-экономикалық негіздемелерге және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес көрсетіледі.

      15) "Бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары" деген кестеде бюджеттік бағдарлама бойынша есепті деректер бойынша алдыңғы қаржы жылындағы, ағымдағы қаржы жылындағы және жоспарлы кезеңге арналған жылдар бөлінісінде қорытынды шығыстар сомасы мың теңгемен көрсетіледі.

      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бағытталған бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджеттік кіші бағдарлама шығыстары төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде әрбір бюджеттік инвестиция бойынша олардың атауын көрсете отырып көрініс табады.

      Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламада бұл кесте көрсетілмейді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың жобаларын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға ұсынады.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті ұсынады.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Қағидалардың 16-1-тармағына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынылатын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Бюджеттік бағдарламаларды бекіту (қайта бекіту) тәртібі";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және төмен тұрған бюджеттің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органымен келісу бойынша ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiсi басшысының бұйрығымен бекітіледі (қайта бекітіледі).

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бағытталған, бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.

      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бағытталған, бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бюджеттік бағдарламалар жобалары осы Қағидалардың 18-22-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісіледі.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір мезгілде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға адресаты "Мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)" деп көрсетіле отырып және аталған мемлекеттік органдардың тиісті тізімін қоса берумен, мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған бір ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджеттің мәслихаты бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына келісуге ұсынылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты тиісті жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына келісуге ұсынылады.

      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен бір мезгілде жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді аударатын бюджеттік бағдарламалары әкімшісіне келісуге ұсынылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оларды басқа мемлекеттік органдармен келісуді талап етпейді.

      Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда, бас тарту себебі негізделеді.

      Бюджеттік бағдарламалардың жобалары келісуге жіберілген мемлекеттік органдар оларды алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бюджеттік бағдарламалар жобаларын ұсынған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды немесе олардың жоқ екендігі туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ескертулерінде кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс, сондай-ақ тікелей оның құзыреті мәселелеріне қатысты, негізделген және толық болуы тиіс.

      Ескертулер болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтайды.

      Келісуші мемлекеттік органдардың ескертулерімен келіспеген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осындай әрбір ескерту бойынша келіспейтіндігін жазбаша түрде негіздей отырып, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бұрыштама қол қоюға жібереді.

      Келісуші мемлекеттік органдарға "ескертулері бар" бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге жол берілмейді.

      Келісуші мемлекеттік орган тұжырымдамалық сипаттағы ескертулердің болуына байланысты бюджеттік бағдарламаның жобасын келісуден бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік орган осындай ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімін көрсете отырып, дәлелді жауап береді.

      Бұл ретте, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден олар берген ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімін көрсетпей бас тартуға жол берілмейді.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының қосымшалары бар бюджеттік бағдарламаларды бекіту жөніндегі бұйрығының барлық парақтарына осы бұйрықты келісуге жіберген мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы не оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не олар уәкілеттік берген лауазымды тұлғалардың бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің түпкілікті келісуі ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей осы нысаналы трансфертті бөлу жөніндегі жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы басшысының бұрыштама қол қоюымен ресімделеді.

      Бұрыштама қол қою мемлекеттік орган басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның лауазымының атауын, бұрыштама қол қоюшының жеке қолын, қолын таратып жазуды, күні мен елтаңбалы мөрін қамтиды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың соңғы бетінің төменгі сол жақ бұрышында орналастырылады және "КЕЛІСІЛДІ" деген сөзден тұрады.

      Нысаналы трансферттерді және (немесе) бюджеттік кредиттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер және (немесе) бюджеттік кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі тиісті жергілікті бюжеттік бағдарламаның бірінші бетіндегі "Келісілді" деген жолда орналастырылады.

      Мемлекеттік органдармен түпкілікті келісілген бюджеттік бағдарламаның мәтініне түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      24. Республикалық бюджеттік бағдарламалар:

      Бюджет кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңды іске асыру туралы қаулысы қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде бюджетті нақтылау кезінде;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетті түзету туралы қаулылары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер қабылданған күннен кейін он жұмыс күні ішінде бюджетті түзету кезінде қайтадан бекітіледі.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар Бюджет кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша оларды қаржыландыру көлемдері және нақтылау кезінде нәтижелер көрсеткіштері өзгерген немесе жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджетті түзету туралы қаулылары қабылданған жағдайда, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімі бекітілген күннен кейін он жұмыс күні ішінде қайта бекітіледі.";

      Мемлекеттік органдарды және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді құру, тарату, қайта ұйымдастыру, олардың функциялары мен штат санының лимиттерін өзгерту жағдайларында бюджетті түзетуге байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды біріктіру, бөлу, азайту (ұлғайту), беру кезінде бюджеттік бағдарламалар олардың қаржыландыру көлемдері және беру актісі мен бөлу балансына сәйкес нәтижелер көрсеткіштері өзгертіле отырып қайта бекітіледі.

      Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігімен байланысты емес бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіткен кезде "Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар" және "Тікелей нәтиже көрсеткіштері" деген кестелерде 5-бағаны бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылында көзделген нәтижелердің көрсеткіштері мен қаржыландыру көлемдері бойынша өзгерістер енгізіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда, бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық қаржыландыру көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіспей немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:

      қаражат бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында қайта бөлінген;

      бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламада қалыптасқан үнемдеу даму жөніндегі бюджеттік кіші бағдарламаға қайта бөлінген жағдайларда, өзгерістер енгізіледі.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өз бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізген кезде үш жұмыс күні ішінде тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабардар ету тәртібімен бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту кезінде бюджеттік бағдарламаларға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістердің салыстырма кестесі және тиісті бюджет комиссиясының шешімі қоса беріледі.

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес редакциядағы 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi осы бұйрықтың 1-пунктінің отызыншы, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық тоғызыншы және алпыс бірінші абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейiн нысаналы ағымдағы трансферттердi, нысаналы даму трансферттерiн және (немесе) Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігіне сəйкес жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды бекітеді.

      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы бұйрық қолданысқа енгізілген кезден бастап нысаналы ағымдағы трансферттердi, нысаналы даму трансферттерiн және (немесе) жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттерді беруге бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды осы бұйрықтың 1-пунктінің отызыншы, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық тоғызыншы және алпыс бірінші абзацының талаптарын ескере отырып пысықтайды және бір ай мерзімде қайта бекітеді.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 7 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 ақпандағы
№ 38 бұйрығына
қосымша
  Бюджеттік бағдарламаларды
(кіші бағдарламаларды) әзірлеу
және бекіту (қайта бекіту)
қағидаларын және олардың
мазмұнына қойылатын
талаптарға 3 қосымша
  нысаны

бюджеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістердің
Салыстырмалы кестесі _____________________________________________________ (бюджет бағдарламаға өзгерістер енгізу себебі көрсетіледі)

№ р/н

Бюджеттік бағдарлама, бюджет бағдарламасы әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер енгізілген бюджеттік бағдарлама (түзету немесе нақтылау кезіндегі өзгерістер қалың шрифтпен белгіленеді)

Ауытқуы (бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген сомадан ұлғайту немесе азайту сомасын көрсетіледі (+/-)

Негіздеме (тиiстi бюджет комиссиясының шешiмiне (егер ондай бар болса) сілтемесімен өзгерiстер мен толықтырулар енгізудің себептерi)

1

2

3

4

5


Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы __________________
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі: ______________
___________________________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең












(Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері бюджеттік кіші бағдарламалар болмаған жағдайда көрсетіледі)

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең




мың теңге




Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар

мың теңге




Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы __________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең












 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең




мың теңге




Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар

мың теңге




 

Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы __________________
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі: ______________
__________________________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең












(Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері бюджеттік кіші бағдарламалар болмаған жағдайда көрсетіледі)

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең




мың теңге




Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар

мың теңге




Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы __________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең












 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезең




мың теңге




Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар

мың теңге




 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады