Еуразиялық экономикалық одақта өткізу жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 16407 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 451-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақта өткізу жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 129 бұйрығымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақта өткізу жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, қызметтердің тізбесі

      1. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген әуе көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.

      2. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген темір жол көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.

      3. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген ішкі су көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.

      4. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген теңіз көлік құралын жөндеу жөніндегі қызметтер.

      5. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өзі қозғалатын суасты снарядтарын (торпедаларын) және кеме гидравликасының жабдықтарын (бұйымдарын) жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады