"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 607-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік уәкілетті органдар және лауазымды адамдардың мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_______________ Д.А. Абаев
2018 жылғы 8 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________________ Ө.Е. Шөкеев
2018 жылғы 6 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________________ М.Б. Бекетаев
2018 жылғы 13 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ж.М. Қасымбек
2018 жылғы 30 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________________ Қ.Н. Қасымов
2018 жылғы 31 қаңтар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген |
|
Нысан |
Уәкілетті мемлекеттік органның немесе |
Кімге беріледі: |
20___ ж. ____________________________ Мемлекеттік уәкілетті органдар және лауазымды адамдар мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы АҚПАРАТТАР
№ | Өтініш жасаған тұлғалардың атауы (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда) | БСН (ЖСН) | Заңды мекен-жайы (тұрғылықты орнының мекен-жайы) | Әрекет жасаған датасы (күні, айы, жылы) | Заңдық мәні бар іс-әрекетінің атауы | Жасаған әрекеттердін саны | Мемлекеттік баждың проценттік немесе АЕК-тегі ставкалары | Мемлекеттік баждың сомасы, теңге | Төлем құжатының берілген күні және нөмірі | Бюджетке енгізілген мемлекеттік баж сомасы, теңге | Берілген жеңілдік | Жеңілдіктін сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
ЖИЫНЫ: |
6 және 8-бағандардағы көрсеткіштер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 610-615-баптарына сәйкес көрсетіледі.
12-бағанда Салық кодексінің, оларға сәйкес жеңілдік берілген 616-622-баптарының тармағы (-қтары) және (немесе) тармақшасы (-лары) көрсетіледі.
______________________________________________________________ |
_________________ |
Мәліметтерді қабылдаған |
Ескертпе: Аббревиатураны ашып жазу:
Т.А.Ә.- тегі, аты, әкесінің аты;
БСН- бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН- жеке сәйкестендіру нөмірі;
АЕК- республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.