Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тізбесін, оны киіп жүру қағидаларын және айырым белгісін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 маусымда № 11242 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 6-бабы 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидасы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгiсi бекітілсін.

      2. Бекітілген нормаларды іске асыру тиісті қаржылық жылға бөлінген қаражат шегінде жүргізілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 308 бұйрығына
1-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар мемлекеттік
кірістер органдарының лауазымды адамдарының тізбесі

      1. Кеден* басшысының орынбасары.

      2. Кеден* басқармасының басшысы.

      3. Кеден* бөлімінің басшысы.

      4. Кеденнің* бас маманы.

      5. Кеденнің* жетекші маманы.

      6. Кеден бекетінің басшысы.

      7. Кеден бекеті басшысының орынбасары.

      8. Кеден бекетінің бас маманы.

      9. Кеден бекетінің жетекші маманы.

      Ескертпе: * - өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеденнің лауазымды адамы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 308 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын нысанды
киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары

р/с

Заттардың атауы

Өлшем бірлігі

Бір қызметкерге заттардың саны

Кию мерзімі

(айларда)

1.

Фуражка

Дана

1

24

2.

Берет

Дана

1

36

3.

Теріден тігілген құлақшын

Дана

1

36

4.

Теріден тігілген күрте

Дана

1

36

5.

Пиджак шалбарымен

Жиынтық

1

24

6.

Пиджак белдемшемен

Жиынтық

1

24

7.

Шалбар

Дана

1

24

8.

Белдемше

Дана

1

24

9.

Ұзын жеңді ақтүсті жиде

Дана

2

24

10.

Қысқа жеңді ақ түсті жиде

Дана

2

12

11.

Ерлердің қысқа етігі

Жұп

1

24

12.

Әйелдердің етігі

Жұп

1

24

13.

Ерлердің туфлиі

Жұп

1

12

14.

Әйелдердің туфлиі

Жұп

1

12

15.

Кашне

Дана

1

36

16.

Галстук

Дана

1

24

17.

Белдік

Дана

1

24

18.

Кеудеше

Дана

1

24

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 308 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының
нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік кірістер лауазымды адамдарының нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидасы (бұдан әрі – нысанды киім) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік бақылауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киім кию тәртібін айқындайды.

      2. Нысанды киім ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді.

      3. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.

      4. Нысанды киіммен қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының есебінен жүргізіледі.

      5. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарына берілетін нысанды киім кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының меншігі болып табылады және қызметкерді жұмыстан босату кезінде қайтарылуға жатады.

2. Нысанды киім кию қағидасы

      6. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию міндетті.

      7. Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген болуы тиіс. Пиджак қалталарының қақпалары сыртқа шығарылған болуы керек.

      8. Теріден жасалған құлақшын бөрік, фуражка, берет төменгі жиегі қастың үстінен бір-екі елі биіктікте, күн қағар қастың деңгейінде киілуі керек. Кокарданың ортасы қастың ортасына келуі керек. Барлық бас киімдер қисайтылмай тік киіледі.

      9. Пиджак барлық түймелеріне салынады.

      10. Аяқ киім тазаланған болуы тиіс.

      11. Кашне күрте жағасының астына салынып киіледі. Кашненің жоғарғы шеті жағаның үстінен 1-2 см біркелі шығып тұруы тиіс.

      12. Жазғы уақытта пиджаксыз галстукпен ұзын жеңді жидені, сондай-ақ галстуксыз, үстіңгі түймесін ағытып, қысқа жеңді жидені киюге рұқсат етіледі.

      13. Кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс орындау кезінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының кеудешені киюі міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 308 бұйрығына
4-қосымша

Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінің
(погонсыз) айырым белгiлерi

      1. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгiлерiнің үлгісі:

      Сурет.



      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының логотипі және пиджактың оң жақтағы және жиденің сол жақтағы қалталарының қақпаларында орналасқан "КЕДЕН CUSTOMS" жазбасы мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгiлерi болып табылады.

      Қалтаның қақпасындағы жазба мен логотип сұр түсті жібек жіппен кестеленіп тігіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады