Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16466 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 340 бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес осындай тізбені қалыптастыру қағидалары.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық Қазақстан Респуьликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 192 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Еуразиялық экономикалық одағы кедендік шекарасының қазақстан учаскесі арқылы қос дәліз жүйесі қолданылатын тауарларды орналастыру орындарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.11.2018 № 993 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.07.2019 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

р/с №

Тауарларды орналастыру орындарының атауы

Мемлекеттік кірістер органдарының атауы

1

2

3

Әуе өткізу пункттері

1

"Әуежай Астана" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Астана" кеден бекеті

2

"Алматы" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Жетісу" кеден бекеті

3

"Ақтау" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Ақтау" кеден бекеті

4

"Ақтөбе" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Ақтөбе" кеден бекеті

5

"Атырау" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Атырау" кеден бекеті

6

"Қарағанды" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Қарағанды" кеден бекеті

7

"Қостанай" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Қостанай" кеден бекеті

8

"Қызылорда" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Қызылорда" кеден бекеті

9

"Орал" " өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Батыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Орал" кеден бекеті

10

"Өскемен" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Өскемен" кеден бекеті

11

"Павлодар" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Павлодар КРО" кеден бекеті

12

"Петропавл" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

13

"Тараз" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Тараз" кеден бекеті

14

"Шымкент" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Әуежай Шымкент" кеден бекеті

Автомобиль өткізу пункттері

15

"Нұр жолы" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Нұр жолы" кеден бекеті

16

"Қалжат" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Алтынкөл" кеден бекеті "Қалжат" бақылау-өткізу бекеті

17

"Достық" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Достық" кедені "Алтынкөл" кеден бекеті

18

"Бахты" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Бахты" кеден бекеті

19

"Майқапшағай" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Майқапшағай" кеден бекеті

20

"Атамекен" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" кеден бекеті

21

"Б. Қонысбаев" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Б. Қонысбаев" кеден бекеті

22

"Жібек жолы" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Жібек жолы" кеден бекеті

23

"Қазығұрт" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қазығұрт" кеден бекеті

24

"Қапланбек" өткізу пункті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қапланбек" кеден бекеті

25

"Тажен" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Тәжен" кеден бекеті

26

"Темір баба" өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Темір баба" кеден бекеті

27

"Қорғас" Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы бақылау-өткізу бекеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Алтынкөл" кеден бекеті "Қорғас-Шығыс қақпасы АЭА" бақылау-өткізу бекеті

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 192 бұйрығына
2-қосымша

Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру қағидалары және осындай тауарларды өткізу орындарының тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 340-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру тәртібін және осындай тауарларды өткізу орындарының тізбесін белгілейді.

2-тарау. Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру қағидалары

      2. Тізбеге Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы жеке пайдаланылатын тауарларды өткізген кезде қосарланған дәліз жүйесі қолданылатын өткізу пунктері енгізіледі.

      3. Өткізу пунктеріндегі қос дәліз жүйесін жайластырған жағдайда аумақтық мемлекеттік кіріс органдары бұл туралы тауарды өткізу орнының атауын (өткізу пунктінің атауын) және мемлекеттік кіріс органынының атауын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жазбаша хабардар етеді.

      Комитеті хабарламаны алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарламаны қарайды, қорытындылары бойынша өзгерістер енгізу шаралар қолданылады, осы бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қос дәліз жүйесі қолданылатын тауарларды өткізу орындарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізеді.

      Бұл туралы ақпарат аумақтық органға жіберіледі.

      Мемлекеттік кірістер комитеті қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады