Халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 наурызда № 16488 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 22-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.

      2. "Қалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 69 бұйрығының күші жойылды туралы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі №7443, 2012 ж. № 4, 65-құжат Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 207 бұйырығымен бекітілген
  нысан

      Жергілікті орындаушы органның атауы                              Кімге беріледі:

      __________________________________

      __________________________________ ________________________________

      Бизнес-сәйкестендіргіш нөмірі            (салық органының атауы)

      __________________________________ Заңды мекен-жайы________________

      Облыс_____________________________ Қала______________________________

      ________________________________ Аудан_____________________________

      Мекен-жайы, телефон_______________ ________________________________

Халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы

      20__ ж. ___________________ мәліметтер

№ р/с

Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат

Сатылған билеттер туралы ақпарат

Тасымалдаушының атауы

Жеке сәйкестендіргіш нөмір/ Бизнес сәйкестендіргіш нөмір

Билет түрі

Сериясы

Нөмір интервалы

Саны

Бағасы (теңге)

Жалпы соммасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      ___________________________________________             ___________

      (Жергілікті орындаушы органның басшысы                   (қолы)

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)))

      ___________________________________________             ___________

      (Мәліметтерді жасауға жауапты, лауазымды                   (қолы)

      адамның аты-жөні)

      Жасалған күні 20 __ ж. "__" _________________

      Мөр орны

      Берілген мәліметті қабылдаған адам

      ____________________________________________            __________

      (аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)) ,лауазымы)             (қолы)

      Мәліметті қабылдау күні 20 __ ж. "__" _______________

      Ескерту:

      "Серия" бағаны жол ақысы электронды төлеу арқылы пайдаланған кезде толтырылмайды;

      "Билет түрі" 5 бағанында билеттің түрі мынадай символдармен көрсетіледі:

      Е — ересек;

      Б — бала;

      Ж — жүк.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады