Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16503 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 28-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты беру қағидалары, мерзімдері және нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын:

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделінген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 222 бұйрығымен
бекітілген

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы
салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту,
дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын
кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық
салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай
қызмет жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын, мерзімдерін және нысаны

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалардың ақпараттарды беру қағидалары, мерзімдері және нысаны "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 28-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызметтері бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалардың ақпараттарды (бұдан әрі – ақпарат) беру тәртібін, мерзімдерін және нысанын анықтайды.

2-тарау. Ақпарат беру тәртібі және мерзімдері

      2. Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар (бұдан әрі – Тұлғалар) тауарларды сату бойынша жеке тұлғаның электрондық түрде жүзеге асырылған мәмілелерінің ресімделгендері туралы ақпаратты тұрғылықты/орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына тапсырады. Көрсетілуі тиіс осы деректер жоқ болған кезде, бұл ақпарат нөлдік мәндермен беріледі.

      3. Тұлғалар үшін есепті кезең бойынша ақпарат беру күнтізбелік жыл болып табылады.

      4. Ақпарат осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады. Егер көрсетілген салық төлеуші әрбір ресімделген мәміле үшін электрондық шот-фактура жазып беруді жүзеге асырған жағдайда, онда ақпарат берілмейді.

      5. Кодекстің 88-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметін тоқтатуы және қызметін тоқтатқаны туралы хабарламаны жолдаған жағдайда ақпараттар тапсыру тоқтатылады.

      6. Бір салық кезеңінде көрсетілген және бұрын жасалған мәміле бойынша тауарларды қайтарған жағдайда, ақпарат тауарларды сату бойынша электрондық түрде жүзеге асырылған мәмілелерінің рәсімделгені көрсетіліп бағандардағы деректер толтырылып беріледі, келесі жолда сомалық белгілерді көздейтін бағандарды қоспағанда, олар "азайту" белгісімен көрсетіледі, барлық бағандардағы деректемелер қайталанады.

      7. Бұрын көрсетілген ақпараттарға тұлғалардың өзгерістер енгізуге мүмкіндігі бар.

      8. Көрсетілген бұрынғы ақпаратқа өзгерістер енгізу сомалық белгілерді көздейтін бағандарды қоспағанда, олар "азайту" белгісімен көрсетіледі, барлық бағандардағы бұрыңғы көрсетілген деректемелерді толтыруда "Қосымша" түрін көрсету ұсынылады. Дұрыс деректемелер мен сомалар бағандарға жаңа мәнмен жаңа жолмен енгізіледі.

      9. Кешенді және тақырыптық тексеріс жүргізу кезеңінде (мерзімін ұзарту және тоқтата тұруды ескере отырып) тексерілетін салықтық кезең бойынша бұрын берілген ақпаратқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      10. Ақпаратқа толықтырулар енгізген кезде "Қосымша" түрінде және жаңа деректерді көрсетіледі.

      11. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырған, сондай-ақ қосылған құн салығын есептен шығарудан бас тартқан жағдайда, ақпаратты "Таратылған" түрімен ұсынылу қажет.

      12. Тұлғалар ақпаратты таңдауы бойынша ұсынады:

      қағаз жеткізгіште – мемлекеттік кірістер органына келу тәртібінде;

      поштамен – пошта немесе басқа да байланыс ұйымы арқылы тапсырыс хат арқылы;

      электрондық түрде – ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе арқылы тапсырады.

      13. Қағаз жеткізгіштегі ақпарат екі данада жасалады оған жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.

      Бұл ретте бір данасы кіріс нөмірін көрсете отырып міндетті түрде мемлекеттік кірістер органының белгісімен тұлғаға қайтарылады.

      Қағаз жеткізгіштегі ақпарат бір мезгілде электрондық жеткізгіштегі (Microsoft Excel нысанында) ақпарат болып беріледі.

      Одан әрі ақпарат тіркеледі және олар бойынша мемлекеттік кірістер органының ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу жүзеге асырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі ақпараттарды ұсыну күні мемлекеттік кірістер органының қағаз жеткізгіштегі ақпараттарды қабылдау күні болып табылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.12.2019 № 1374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы жіберілетін электронды түрдегі ақпарат тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      15. Тұлға, электрондық нысанда табысталған ақпараттарды, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органы тіркеу нөмірін беру арқылы салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабымен қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы растауды электронды түрде алады.

      Электрондық түрдегі ақпараттардың табысталған күні болып салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық қорабымен қабылданған күні болып табылады.

  Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты беру қағидаларына, мерзімдеріне және нысанына
1-қосымша
  нысан

20__ жылғы "__" _______ бастап 20__ жылғы "___" ________________ дейінгі кезең
ішінде тауарлармен электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан
Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген
сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің
салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай
қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі
нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар Жалпы мәлімет

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) және (немесе) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) атауы

      _______________________________________

      ЖСН/БСН____

Облыс ____

Көше _____

Телефон _______

Мәліметтердің түрі (тиісті ұяшықта қосымша (Х) көрсету)

кезекті

қосымша

таратылған







      Қала___________ Үйі____________________ _________________

      Аудан__________ пәтер/кеңсе ___________ _________________

      Интернет-дүкенің және (немесе) интернет-аланың деректері ____________________________

      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның БСН

      _________________________________________________________________

      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның деректері

      _______________________________________________________________

      Жеткізу түрі ____________________________________________

      Жеке жеткізу қызметі (иә / жоқ)


      Жүктерді тасымалдауға қызмет көрсететін тұлға,

      ЖСН/БСН


      Т.А.Ә. ( ол болған кезде ) /Атауы


Құжаттың нөмірі

Құжаттың күні

Жеке тұлғаның (Сатып алушының) ЖСН

Сатып алушының Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Тауардың мөлшері

Тауардың бағасы

Валютаның коды

Тауардың сомасы

Тауардың атауы

Көрсетілген мәміле бойынша тауарды жеке қызметтің жеткізуі

Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды қайта жөнелтуді , тасымалдауды , жеткізуді жүзегеасыратын тұлғаның ЖСН/БСН

Көрсетілген мәміле бойынша тауарларға төленетін сома

Банк немесе банк операциял арының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның БСН

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1 0

1 1

12

13

1 4











































ЖИЫНТЫҒЫ














      Салық төлеушінің жауапкершілігі

      Мен осы тізілімде берілген мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікті өзіме аламын.

      Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы

      Берілген күні 20__ жылғы _______________

      Мемлекеттік кірістер органының коды ____________

      Мәліметтерді қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

      ________________________________________________________________________________

                              Т.А.Ә.(ол болған кезде), күні, қолы

      Ескертпе: "Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін өз қызметі бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар" нысанын толтыру бойынша осы нысанның қосымшасында келтірілген.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.

  Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар нысанына қосымша

Ақпараттарды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Жалпы мәлімет" бөлімінде тиісті жолдарда Тұлғалардың мынадай деректерін көрсету қажет:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы;

      2) жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) не заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      3) облысы, қала, аудан, көше, үй, пәтер не кеңсе, телефоны;

      4) "Мәліметтердің түрі" деген жолда ақпараттарды келесі, қосымша не таратуға жатқызуды ескере отырып, тиісті ұяшық белгіленеді;

      5) "Интернет-дүкеннің және (немесе) Интернет-алаңының деректері" деген жолда есепті кезеңде жеке тұлғалар тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын интернет-дүкеннің және (немесе) интернет-алаңының деректері (домендік атау) көрсетіледі;

      6) "банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың БСН" деген жолда тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізілген банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың БСН көрсетіледі;

      7) "Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың деректері" деген жолда тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізілген банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың атауы көрсетіледі;

      8) жүктерді тасымалдау, курьерлік және (немесе) пошта қызметі бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаның ЖСН (БСН)" деген жолда жүктерді тасымалдау, курьерлік және (немесе) пошта қызметі бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаның ЖСН (БСН)" көрсетіледі;

      9) "Т.А.Ә./Атауы" деген жолда Тасымалдаушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе атауы көрсетіледі.

      10) "Жеткізу түрі" деген жолда жеткізудің түрін сатып алушыға (алушыға) жеткізуді жеткізу түрінің жеке қызметке жатқызылуын не жүктерді Тасымалдаушы келісімшарттардың болуын ескере отырып, тиісті жол белгіленеді;

      2. Мемлекеттiк кірістер органына табыс етiлген электронды түрде жүзеге асырылған тауарларды өткізу бойынша ресімделген мәмiлелер туралы ақпараттарда көрсету үшiн жеке тұлғалар мынадай ақпараттарды толтырады:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда – жеке тұлғалар электронды түрде жүзеге асырған тауарларды өткізу жөніндегі мәмілені жасасу туралы құжаттың нөмірі;

      3-бағанда – жеке тұлғалар электронды түрде жүзеге асырған тауарларды өткізу жөніндегі мәмілені жасасу туралы құжаттың күні;

      4-бағанда – көрсетілген мәміле бойынша тауарды сатып алған жеке тұлғаның ЖСН;

      5-бағанда – көрсетілген мәміле бойынша тауарларды сатып алған жеке тұлғаның Т.А.Ә (ол болған кезде);

      6-бағанда – көрсетілген мәміле бойынша тауарлар мөлшері;

      7-бағанда – көрсетілген мәміле бойынша тауарлар бағасы;

      8-бағанда – қолма-қол ақша бар валюта коды. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген "Валюталық жіктеуіштер" 23-қосымшасында белгіленген үш таңбалы әріпті кодтауға сәйкес валюта коды көрсетіледі;

      9-бағанда – көрсетілген мәміле бойынша тауардың сомасы;

      10-бағанда – көрсетілген мәміле бойынша тауардың атауы;

      11-бағанда – жеке қызметтің көрсетілген мәміле бойынша тауарды жеткізуі;

      12-бағанда – Тасымалдаушының ЖСН/БСН-і;

      13-бағанда – көрсетілген мәміле бойынша тауарларға төленетін сома;

      14-бағанда – банктің немесе төлем жүргізілетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың БСН.

      3. "Салық төлеушінің жауапкершілігі" бөлімінде көрсетіледі:

      1) "тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші" деген жолда салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә. (ол болған кезде) қойған қолы көрсетіледі;

      2) "берілген күні" деген жолда мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілген ағымдағы күні көрсетіледі;

      3) "Мемлекеттік кірістер органының коды" деген жолда тұрғылықты жері/орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

      4) "мәліметтерді қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә." деген жолда мәліметтерді қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде) және мәліметтерді қабылдаған күні көрсетіледі.

  Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалардың ақпараттар беру нысанына
2-қосымша
нысан

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттарды қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы растауы

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН/БСН) ________________________________________________________

      Салық төлеушінің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________

      Ақпарат нысанының коды ____________________________________________

      Ақпарат нысанының түрі _____________________________________________

      Ақпараттық нысанының атауы ________________________________________

      Салық кезеңі________________________________________________________

      Қабылдау тәсілі _____________________________________________________

      Алушының-мемлекеттік кірістер органының коды _____________________

      Құжаттың кіріс (тіркеу) нөмірі:________________

Мәліметтерді өңдеу

Жүйе

Мәртебесі

Күні / уақыты





      Мәліметтерді қабылдау кезіндегі қателер:

      Қолданбалы сервердің қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады