Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің БасқармасыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
40) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"45) осы қаулының 45-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;";
көрсетілген қаулының 45-қосымшасына сәйкес бекітілген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы (Итимгенов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына 45-қосымша |
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру туралы хат не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының көшірмесімен қоса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін;
2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйым құруына немесе иеленуінее рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген, еркін нысанда жасалған өтініш;
2) еншілес ұйымды құрған жағдайда оның жарғысы (болған кезде) және құрылтай шарты немесе құру туралы шешім, оны иеленген жағдайда – еншілес ұйымның жарғысы (болған кезде);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иелену туралы шешімі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда:
ұйымдардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері талаптарына сәйкес біріктірілген негізде басқарумен;
егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бір бөлігінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе, еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
6) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
7) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпарат;
8) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпарат;
9) аудиторлық ұйымның есебі және иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі;
10) иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпарат;
11) мыналар:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтер;
акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам иеленгенін шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы иелену бағасы туралы мәліметтер;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленгендерін шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректер.
Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;
12) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттар;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иеленудің қаржылық салдарларын талдау, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспары мен ұсынысы;
14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды болжамды құру немесе иелену нәтижесінде құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иемденетін еншілес ұйымды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингі міндетті түрде сақталуға тиісті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 10-тармағына сәйкес белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебі;
15) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, осы тармақтың 2), 4), 5) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге берілмейді.
Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйым банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, онда еншiлес ұйым құруға не иеленуге берілген өтiнiшпен бiрмезгілде қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшін қажеттi құжаттар қоса беріле отырып, қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiш ұсынылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұйымның капиталында қомақты қатысуына рұқсат алу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркiн нысанда жасалған өтiнiш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталға қомақты қатысатын ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат.
11. Көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат алу үшін:
электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 6), 9), 12), 15) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 5), 7) 8), 10), 13), 14) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде) және 11) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде, жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды немесе қомақты қатысуды иеленетін заңды тұлғалар туралы деректер) көрсетілген құжаттар;
3) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағының 2) тармақшасына сәйкес 9-тармағының 3), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында және 10-тармағының 3) тармақшасында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көзделген құжаттар.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері сақтандыру холдингтері өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
12. Мыналар:
1) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйымы орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сай келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымының басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың):
мінсіз іскерлік беделі жоқ;
уәкілетті орган қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай бойы қолданылады;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам;
қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап осы абзацта көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжанатын болуы нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
4) еншілес ұйымы қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық ахуалының нашарлауы болжанатын қаржылық салдардың талдамасы;
5) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымының қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын берілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
6) еншілес ұйымы орналасқан елінің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
7) уәкілеттің орган құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданған, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды – Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оны атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
16. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпарат
______________________________________________________________________________
(еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
______________________________________________________________________________
және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат еншілес ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазым)
_____________________________________________________________________________
(еншілес ұйымның атауы)
1. Жалпы мәліметтер:
Туған күні және туған жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді) |
2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары): ________________
__________________________________________________________________
3. Жұмыс орнының (орындарының) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс телефоны:
_________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен күні - бітірген күні | Мамандығы | Білімі туралы диплом деректемелері, біліктілігі | Оқу орнының орналасқан жері |
1. |
5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Жұмыс орны және лауазымы |
1. |
6. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына немесе акцияларын иеленуіне қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1. |
7. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:
№ | Ұйымның атауы | Өткізілген күні және орны | Сертификат деректемелері (нөмірі, берілген күні) |
1. |
8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде еншілес ұйымдағы лауазымы туралы мәліметтер көрсетіледі:
№ |
Жұмыс кезеңі | Жұмыс орны | Лауазымы | Тәртіптік жазаның болуы | Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері |
1. |
9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер: ________________________
______________________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, кандидаттың орындаушы-аудитор ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек)
10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы мәліметтер:
№ | Кезең (күні, айы, жылы) | Ұйымның атауы | Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе) | Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері |
1. |
11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа да жетістіктері:
______________________________________________________________________________
(иә (жоқ), бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету керек)
12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін):
№ | Күні | Сот органының атауы | Соттың орналасқан жері | Жазаның түрі | Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы | Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні |
1. |
13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау фактілерінің болуы туралы мәліметтер: _____________________________________________
_____________________________________________________________________________
(иә (жоқ), аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
14. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) – заңды тұлғаның басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)
15. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер)-жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер)-заңды тұлға-эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер: ________________________________
_____________________________________________________________________________
(иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)
16. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару туралы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымдарындағы, банк және сақтандыру холдингтеріндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы: _______________________________________________
_____________________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы)
17. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма:
________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(иә (жоқ), сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
18. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма:
_____________________________________________________________________________
(ия (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы
_____________________________________________________________________________
жауапкершілікке тарту негіздемелерін көрсете отырып,
_____________________________________________________________________________
тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)
Осы өтініште қамтылған ақпаратты өзімнің тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________________
(баспа әріптерімен)
Күні _________________________________
Қолы _________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпарат
______________________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
______________________________________________________________________________
және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазым)
______________________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның атауы) көрсетіледі)
1. Жалпы мәліметтер:
Туған жері және күні | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжат деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді) |
2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары):
____________________________________________________________________
3. Жұмыс орнының (орындарының) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс телефоны:
____________________________________________________________________
4. Білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен күні - бітірген күні | Мамандығы | Білімі туралы диплом деректемел, біліктілігі | Оқу орнының орналасқан жері |
1. |
5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Жұмыс орны және лауазымы |
1. |
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкердің лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына немесе акцияларын иеленуіне қатысуы туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1. |
7. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:
№ | Ұйымның атауы | Өткізілген күні және орны | Сертификат деректемелері (нөмірі, берілген күні) |
1. |
8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
Осы тармақта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдағы лауазымы туралы мәліметтер көрсетіледі:
№ | Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны | Лауазымы | Тәртіптік жазаның болуы | Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері |
1. |
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, кандидаттың орындаушы-аудитор ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек)
10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы мәліметтер:
№ | Кезең (күні, айы, жылы) | Ұйымның атауы | Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе) | Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері |
1. |
11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету керек)
12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін):
№ | Күні | Сот органының атауы | Соттың орналасқан жері | Жазаның түрі | Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы | Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні |
1. |
13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау фактілерінің болуы туралы мәліметтер: _____________________________________________
__________________________________________________________________________
(иә/жоқ, аталған фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер: _______________
__________________________________________________________________________
(иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға-эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер: ________________________________
_____________________________________________________________________________
(иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)
16. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару туралы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымдарындағы, банк және сақтандыру холдингтеріндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы)
17. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма:
________________________________________________________
___________________________________________________________________________
(иә (жоқ), сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма: _________
____________________________________________________________________________
(ия (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы,
____________________________________________________________________________
жауапкершілікке тарту негіздемелерін көрсете отырып,
____________________________________________________________________________
тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)
Осы өтініште қамтылған ақпаратты өзімнің тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
______________________________________________________________________________
(баспа әріптерімен)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды немесе қомақты қатысуды иеленетін заңды тұлға туралы деректер
Көрсетілетін қызмет алушының құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер (пайызбен) | Көрсетілетін қызмет алушының құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сатып алу бағасы теңгемен) | Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны туралы мәліметтер (данамен) |
Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның акцияларын сатып алу бағасы |
Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алынған акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер (пайызбен) |
Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін | Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны туралы мәліметтер (данамен) | Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының сатып алу бағасы туралы мәліметтер (теңгемен) |
Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алынған акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |