Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша, және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтердің нысандарын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16578 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 573-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтердің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтердің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтердің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ Қ.А.Бозымбаев

      2018 жылғы 27 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына 1-қосымша
  нысан

      Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның

      атауы _______________________________________________________

      БСН _________________________

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер 20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін

Табиғат пайдаланушыны ң атауы

ЖСН/
БСН

Рұқсат құжатының нөмірі, күні

Рұқсат құжатының қолданылу мерзімі

Объектінің орналасқан жері

Эмиссия түрі

Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі
(болған кезде)

Жылдар бойынша белгіленген лимит (тонн)

Ескертпе

20__

20__

20__

20__

20__


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14
















Ж И Ы Н Ы :













      ___________________________________________________________________________________

      (Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті

      атқарушы органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      ___________________________________________________________________________________

      (Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Жасалған күні 20__ ж. "___" ______________

      Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.


  "Қоршаған ортаға эмиссия үшін
төлемақы төлеушілер және салық
салу объектілері, берілген
экологиялық рұқсаттар, қоршаған
ортаға эмиссиялардың белгіленген
нормативтері, экологиялық
рұқсаттарға және қоршаған ортаға
эмиссиялардың белгіленген
нормативтеріне енгізілген
өзгерістер туралы мәліметтер"
нысанына қосымша

"Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері,
берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген
нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың
белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер" нысанды толтыру
бойынша түсіндірме

      1. Нысан "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 573-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.

      3. Нысанға бірінші басшы не орынбасары қол қояды, ол электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭҚАБЖ арқылы электронды түрде жіберіледі.

      4. "Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы " деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі.

      5. "БСН" деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. "№" деген 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      7. "Табиғат пайдаланушының атауы" деген 2-бағанда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алған заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің толық атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      8. "БСН/ЖСН" деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. "Рұқсат құжатының нөмірі, күні" деген 4-бағанда рұқсат құжатының нөмірі және күні көрсетіледі.

      10. "Рұқсат құжатының қолданылу мерзімі" деген 5-бағанда рұқсат құжатының қолданылу мерзімі (күн, ай, жыл)-дан бастап (күн, ай, жыл) дейін көрсетіледі.

      11. "Объектінің орналасқан жері" деген 6-бағанда рұқсат құжатына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияның өндірістік объектісінің орналасқан жері көрсетіледі.

      12. "Эмиссия түрі" деген 7-бағанда эмиссия түрі көрсетіледі. Эмиссияның бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, нысан рұқсат құжатында көрсетілген ластағыш заттардың әр түрі бойынша жеке жолмен толтырылады, мұнда:

      А – тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары;

      В – ластағыш заттардың шығарындылары;

      С – өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылуы;

      D – күкірттің орналастырылуы.

      13. "Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)" деген 8-бағанда өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде) көрсетіледі.

      14. "Жылдар бойынша белгіленген лимит (тонн)" деген 9, 10, 11, 12 және 13-бағандарда жылдар бойынша белгіленген лимит көрсетіледі.

      15. "Ескертпе" деген 14-бағанда бұдан бұрын берілген экологиялық рұқсаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда "Өзгерістер" деген мәртебе көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына 2-қосымша
  нысан

      Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның

      атауы _______________________________________________________

      БСН _________________________

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтер

Заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

ЖСН/ БСН

Қалдықтардың атауы

Қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының уақытша сақталған көлемі, (тн)

Қалдықтарды уақытша сақтаудың белгіленген мерзімі

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты мерзімі

Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі асып кеткен жыл және тоқсан

1

2

3

4

5

6

7

8

9











ЖИЫНЫ:








      ___________________________________________________________________________________

      (Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы

      органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________________

      (Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Жасалған күні 20__ ж. "___" ______________

      Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
уақытша сақтауға қатысты табиғат
пайдаланушылар бойынша
мәліметтер" нысанына
қосымша

"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтер" нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысан "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 573-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.

      3. Нысанға бірінші басшы не орынбасары, мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адам қол қояды және электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭҚАБЖ арқылы электронды түрде жіберіледі.

      4. "Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы" деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі.

      5. "БСН" деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. "№" деген 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      7. "Заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекен жайы" деген 2-бағанда заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің толық атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның мекен-жайы көрсетіледі.

      8. "БСН/ЖСН" деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. "Қалдықтардың атауы" деген 4-бағанда өндіріс және тұтыну қалдықтарының атауы көрсетіледі.

      10. "Қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)" деген 5-бағанда өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде) көрсетіледі.

      11. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарының уақытша сақталған көлемі, (тн)" деген 6-бағанда өндіріс және тұтыну қалдықтарының уақытша сақталған көлемі тоннада көрсетіледі.

      12. "Қалдықтарды уақытша сақтаудың белгіленген мерзімі" деген 7-бағанда қалдықтарды уақытша сақтаудың белгіленген мерзімі көрсетіледі.

      13. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты мерзімі" деген 8-бағанда өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты мерзімі есепті тоқсан үшін айда көрсетіледі.

      14. "Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі асып кеткен жыл және тоқсан" деген 9-бағанда қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі асып кеткен жыл және тоқсан көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына
3-қосымша
  нысан

      Уәкілетті мемлекеттік органның атауы ______________________________________

      _______________________________________________________________________

      БСН _________________________

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтер 20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін

Бұзушының атауы, мекен- жайы

ЖСН /БСН

Мемлекеттік экологиялық бақылау актісінің нөмірі және күні

Анықталған бұзушылықтың кезеңi (жыл және тоқсан)

Эмиссия түрі

Объектінің
орналасқан жері

Ластағыш заттың, қалдықтың түрі

Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)

Бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі

Салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның көлемі

Бақылау және салық есептілігінің деректері арасындағы көлемдер айырмашылығы

Өлшем бірлігі (тн, Гбк, кг)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















ЖИ ЫН Ы:












      ___________________________________________________________________________________

      (Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы басшысының тегі,

      аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________________

      (Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Жасалған күні 20__ ж. "___" ______________

      Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының экологиялық
заңнамасын (мемлекеттік
экологиялық бақылау) сақтау
бойынша тексерулердің
нәтижелеріне шағымдануды
есепке ала отырып осындай
тексерулерді жүзеге асыру
барысында белгіленген
қоршаған ортаға эмиссиялардың
нақты көлемдері туралы мәліметтер"
нысанына қосымша

"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтер" нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Уәкілетті мемлекеттік органның атауы" деген жолда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді (бұдан әрі-мәліметтер) табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      2. "БСН" деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      3. "№" деген 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      4. "Бұзушының атауы, мекен-жайы" деген 2-бағанда бұзушылыққа жол берген заңды тұлғалардың толық атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекен-жайы көрсетіледі.

      5. "БСН/ЖСН" деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. "Мемлекеттік экологиялық бақылау актісінің нөмірі және күні" деген 4-бағанда мемлекеттік экологиялық бақылау актісінің нөмірі және күні көрсетіледі.

      7. "Анықталған бұзушылықтың кезеңi (жыл және тоқсан)" деген 5-бағанда анықталған бұзушылықтың жылы және тоқсаны көрсетіледі.

      8. "Эмиссия түрі" деген 6-бағанда эмиссия түрі көрсетіледі. Эмиссияның бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, нысан ластағыш заттардың әр түрі бойынша жеке жолмен толтырылады, мұнда:

      А – тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары;

      В – қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары (болған кезде);

      С – ластағыш заттардың шығарындылары;

      D – өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылуы.

      9. "Объектінің орналасқан жері" деген 7-бағанда қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектінің) орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі.

      10. "Ластағыш заттың немесе қалдықтың түрі" деген 8-бағанда ластағыш заттың немесе қалдықтың түрі көрсетіледі.

      11. "Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)" деген 9-бағанда өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде) көрсетіледі.

      12. "Бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі" деген 10-бағанда бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі көрсетіледі.

      13. "Салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның көлемі" деген 11-бағанда салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның көлемі көрсетіледі.

      14. "Бақылау және салық есептілігінің деректері арасындағы көлемдер айырмашылығы" деген 12-бағанда бақылау және салық есептілігің деректері арасындағы көлемдер айырмашылығы көрсетіледі.

      15. "Өлшем бірлігі (тн, Гбк, кг)" деген 13-бағанда өлшем бірлігі тоннамен, гигабеккерел немесе килограммен көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 573-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.

      3. Мәліметтер нысанын бірінші басшы не орынбасары, мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адам қол қояды және электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭҚАБЖ арқылы электронды түрде жіберіледі.

      4. Мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына табыс етеді.

      5. Мәліметті табыс ету мерзімі - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдану мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірмей.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады