Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 230 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 141 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16597 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ж. Қасымбек
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылы 27 ақпан № 141
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылы 19 ақпан № 230
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 9-тармағына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын тексеру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде (бұдан әрі – өткізу пункттері) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобильмен тасымалдауды көліктік бақылау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүргізу тәртібі Параграф 1. Көліктік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының әрекеті

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы автокөлік құралдарының (бұдан әрі – АКҚ) жүру кезінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары (бұдан әрі ˗ лауазымды адам):

      1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат ету жүйесі талаптарының орындалуына, мыналардың:

      жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге көлік құралын басқару құқығына ие жүргізуші куәлігі не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліктің;

      көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не көлік құралының меншік құқығы туралы куәландыратын құжаттың;

      тасымалданатын жүктерге арналған (тауар-көліктік жүкқұжат) және көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың;

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту үшін рұқсат құжаттарының;

      ірігабаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне арналған арнайы рұқсаттың;

      1, 6 және 7– сыныптардағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуын тексеру арқылы бақылау жүргізеді;

      2) халықаралық тасымалдау үшiн белгiленген көлiк құралдарының жүру маршрутының сәйкестiгiне тексеру жүргізеді;

      3) отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген көлік құралдарының рұқсат етілген габариттік және салмақтық параметрлерін сақтауына бақылау жүргізеді;

      4) көлiк құралдары иелерiнiң көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттемесiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      5) жолаушылар алдында тасымалдаушылардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді тасымалдаушылардың орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      6) тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурызда № 349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын бақылау, сондай-ақ автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;

      7) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;

      4. Өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiсiнсiз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жол жүретiн шетелдiк автокөлiк құралының жүрiп өтуi, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурызда № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген), Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасына сәйкес берілетiн транзиттiк жол жүруге арналған рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.

      Берілген транзиттiк жол жүруге арналған рұқсаттар осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес "KZ" жүру үшін отандық рұқсаттар беру журналында тіркеледі.

      5. Лауазымды адам жүргізілген көліктік бақылаудың нәтижесі бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автокөлік құралдарының есебі журналына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің көліктік деректер базасының ақпараттық талдау жүйесіне АКҚ туралы мәліметтерді енгізу бойынша әрекеттерді жүзеге асырады.

Параграф 2. АКҚ нақты салмағын және габаритті параметрлерін тексеру кезінде лауазымды адамдардың әрекеттері

      6. Лауазымды адамдар АКҚ нақты салмағын және габаритті параметрлерін тексеруді көлік құралдарының салмағы мен габаритті параметрлерін айқындаудың сертификатталған автоматтандырылған жүйесін және АКҚ салмағын және габаритті параметрлерін өлшеуді бақылау үшін қолданылатын бейнебақылауды (бұдан әрі – өлшеу жабдығы) пайдалану арқылы жүзеге асырады, АКҚ салмағы мен габаритті параметрлерінің нәтижесі өлшеу құралдарының деректер базасында сақталады.

      7. Өлшеу жабдығы арқылы АКҚ жүруі кезінде мыналар жүзеге асырылады:

      1) АКҚ нөмірі, тіркеме нөмірі автоматты түрде анықталады;

      2) АКҚ габариттік параметрлерін өлшеу;

      3) АКҚ салмақтық параметрлерін айқындау.

      8. Өлшеу жабдықтарының бұзылуы (сынуы) орын алған жағдайда өткізу пунктінің басшысы бұл туралы қызметтік жазбамен кедендік бақылау техникалық құралдарының жұмыс істеуіне жауапты аумақтық органның бөлімшесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне баяндайды.

      Мұндай жағдайларда АКҚ-ның салмағы мен габаритті параметрлерін айқындау үшін резервтік сертификатталған алып жүрілетін астына қойылатын таразылар мен қолмен өлшейтін құралдар пайдаланылады.

      Бұл ретте, өлшеу жабдықтарын қолданбай АКҚ салмағын және габаритті параметрлерін өлшеу туралы шешімді тиісті өткізу пунктінің басшысы қабылдайды.

      Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды адам салмағын және габаритті параметрлерін қолмен өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын растайтын, қолы қойылған және көрсетілген тұлғаның жеке нөмірлі мөрімен куәландырылған екі данада Қолмен өлшеу туралы актін жасайды.

      Қолмен өлшеу туралы актінің бір данасы тасымалдаушыға немесе АКҚ жүргізушісіне беріледі, екiншi данасы мемлекеттік кірістер органында (бұдан әрі – МКО) қалады және осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автокөлiк құралдарының салмағын және габаритті параметрлерін Қолмен өлшеу туралы актілерді есепке алу журналына мәліметтер енгізіледі.

      Резервтік жабдықтарда жүргізілетін АКҚ салмағы мен габаритті параметрлерін өлшеу нәтижелері қолмен жасау режимінде өлшеу жабдықтарының деректер базасына енгізіледі.

      9. Қазақстан Республикасының аумағына кіру кезінде АКҚ рұқсат етілген салмақтық және габаритті параметрлері асып кеткен фактілер анықталған жағдайда, мынадай:

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабына сәйкес тасымалдаушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес арнайы рұқсат беру бойынша шаралар қолданылады.

      Осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес МКО лауазымды адамы берген арнайы рұқсат Арнайы рұқсат бланкілерін беру журналына тіркеледі.

      Тасымалдаушы арнайы рұқсатты алудан бас тартса, тасымалдаушының өтініші бойынша өткізу пунктінің лауазымды адамы Қазақстан Республикасының аумағында орнатылған салмақтық және габаритті параметрлерге сәйкес келтіру үшін АКҚ түсіруге жол береді.

      АКҚ салмағы мен габаритті параметрлері сәйкестікке келтірілгеннен кейін өлшеу жабдығын пайдалану арқылы АКҚ қайта өлшеу жүргізіледі.

      10. АКҚ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шыққан кезде АКҚ рұқсат етілген салмағы және/немесе габаритті параметрлері асып кеткен фактілер анықталған жағдайда, мынадай:

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабына сәйкес тасымалдаушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша;

      АКҚ-ның қозғалыс маршрутын белгілеу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтетін жолы үшін алым сомасын айқындау бойынша;

      Салық кодексінің 554-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы АКҚ-ның жүріп өтетін жолы үшін алымдарды есептеу және өндіріп алу бойынша шаралар қолданылады.

      11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасына (бұдан әрі – Өлшеу сертификатын пайдалану қағидасы) сәйкес белгіленген тәртіппен рәсімделген, жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі – өлшеу сертификаты) АКҚ-да бар болғанда, АКҚ-ны өткізу пунктінде қайтадан өлшеу жүргізілмейді.

      Өлшеу сертификаты ұсынылған кезде өлшеу жабдықтары АКҚ-ның өту туралы мәліметтердің есебін жүргізу мақсатында пайдаланылады.

      12. Өлшеу сертификаты ұсынылған АКҚ-ны міндетті түде қайтадан өлшеу, Өлшеу сертификатын пайдалану қағидасының 7-тармағында қарастырылған жағдайларда жүргізіледі.

Параграф 3. Қазақстан Республикасына кіретін және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерге немесе ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағымен транзит арқылы жүретін АКҚ-ға қатысты көліктік бақылауды жүргізу кезінде лауазымды адамдарының әрекеттері

      13. Өткізу пунктінің лауазымды адамдары көліктік бақылауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасына кіретін және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерге немесе ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағымен транзит арқылы жүретін АКҚ-ға қатысты 2014 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 24-қосымшаға сәйкес Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында Көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес әрекеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      14. Осы Қағидада реттелмеген көліктік бақылауды жүзеге асыру мәселелері Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде реттеледі.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде мемлекеттік
кірістер органдары
лауазымды адамдарының
көліктік бақылауды
жүргізу қағидаларына 1 қосымша
  нысан

      Отандық рұқсат намаларды беру журналы "KZ"

№ р/с

Тіркеу уақыты мен датасы

АКҚ маркасы, түрі

АКҚ мемлекеттік тіркеу номері

Тіркеме/жартылай тіркеменіңмемлекеттік тіркеу номері

АКҚ тіркелген ел

Тасымалдаушының А.Т.Ә. (болған жағдайда)

Жүру маршруты

Жүктің атауы

Жүкті жөнелтуші

Жүкті алушы

Рұқсат бланкісінің номері

ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      *АКҚ-автокөлік құралдары

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде мемлекеттік
кірістер органдары
лауазымды адамдарының
көліктік бақылауды
жүргізу қағидаларына
2 қосымша
нысан

Автокөлік құралдарын тіркеу журналы (ҚР кіру)

      1 парақ

Датасы

Тасымалдау түрі
(им/эк/тр)

АКҚ түрі

АКҚмаркасы

АКҚтіркеу номері

Тіркеме/жартылай тіркеменің номері

АКҚ тіркелген ел

ҚР аумағы бойынша жүру/транзит рұқсатының номері

Арнайы рұқсат №

Жөнелту/межелі КО

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      2 парақ

Тауардың атауы/бос көлік

Жалпы салмаға

Габариттік параметрлері

Тасымалдаушы (А.Т.Ә.- болған жағдайда)

КО көліктік бақылауды жүргізген лауазымды адамы (А.Т.Ә- болған жағдайда)

Ескертпе

биіктігі

ені

ұзындығы

12

13

14

15

16

17

18

19

      *АКҚ- автокөлік құралдары

      *КО-кірістер органдары

  Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде мемлекеттік
кірістер органдары
лауазымды адамдарының
көліктік бақылауды
жүргізу қағидаларына
2 қосымша
нысан

Автокөлік құралдарын тіркеу журналы (ҚР шығу)

      1 лист

Датасы

Тасымалдау түрі
(им/эк/тр)

АКҚ түрі

АКҚмаркасы

АКҚтіркеу номері

Тіркеме/жартылай тіркеменің номері

АКҚ тіркелген ел

ҚР аумағы бойынша жүру/транзит рұқсатының номері

Арнайы рұқсат №

Жөнелту/межелі КО

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      2 лист

Тауардың атауы/бос көлік

Жалпы салмаға

Габариттік параметрлері

Тасымалдаушы (А.Т.Ә.- болған жағдайда)

КО көліктік бақылауды жүргізген лауазымды адамы (А.Т.Ә- болған жағдайда)

Ескертпе

биіктігі

ені

ұзындығы

12

13

14

15

16

17

18

19

      *АКҚ- автокөлік құралдары

      *КО-кірістер органдары

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде мемлекеттік
кірістер органдары лауазымды
адамдарының көліктік
бақылауды жүргізу
қағидаларына 3-қосымша
нысан

Автокөлік құралдарын қолмен өлшеу Актісі

      №_____ айы_____________ 201 жылы

      ___________ МКК өткізу пункті

Автокөлік құралы бойынша ақпарат

Мөрдің орны(лауазымды адамның ЖНМ)

(Т.А.Ә.- (болған жағдайда)

1

Автокөлік құралының тіркеу номері


2

Маркасы


3

Түрі


4

Біліктер саны


5

Дөңгелек формуласы




Біліктер арасының қашықтығы




6

Тіркеме/жартылай тіркеменің тіркеу номері


7

Маркасы


8

Түрі


9

Біліктер саны


10

Дөңгелек формуласы




Біліктер арасының қашықтығы




11

Жалпы салмағы

Автоматтандырылған өлшеу құрылғысы

нақты

артық




12

Білікке түскен салмақ




1




2




3




4




5




13

Биіктігі




14

Ені




15

Ұзындығы




      *ЖНМ-жеке нөмірлі мөрі

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде мемлекеттік
кірістер органдары
лауазымды адамдарының
көліктік бақылауды
жүргізу қағидаларына
4 қосымша
нысан

Автокөлік құралдарын өлшеу Актілерін тіркеу ЖУРНАЛЫ


р/с

АКҚ салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу датасы

Кіру/шығу

АКҚ мемлекеттік тіркеу номері

АКҚ тіркемемен бірге өлшенген салмағы (тонна)

АКҚтехникалық құжатқа сәйкес салмағы (тонна)

АКҚ

Тіркеме

АКҚ

Тіркеме

1

2

3

4

5

6

7

8








АКҚ биіктігі(метр)

АКҚ ені(метр)

АКҚ ұзындығы(метр)

салмақтық және габариттік параметрлеріне өлшеу жүргізген лауазымды адамның Т.А.Ә.( болған жағдайда)

Ескертпе

9

10

11

12

13






      *АКҚ- автокөлік құралдары

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасы
арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде мемлекеттік
кірістер органдары
лауазымды адамдарының
көліктік бақылауды
жүргізу қағидаларына
5 қосымша
нысан

Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарына Арнайы рұқсатнамана бланкілерін беру журналы

№ р/н

Тіркеу уақыты мен датасы

АКҚ типі, маркасы

АКҚ номері

Тіркеме/жартылай тіркеменің номері

АКҚ тіркелген ел

тасымалдаушы

Жүру маршруты

Жүктің атауы

Жүкті жөнелтуші

Жүкті алушы

Арнайы рұқсат бланкісінің номері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      *АКҚ- автокөлік құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады