"Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 24 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 91 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 19 наурызда № 16629 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12777 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес білім беруді басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы өлшемшарттарында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бағалау кезеңі – есепті деректердің, есептілік мониторингі және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің мәліметтері нәтижелерінің негізінде субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекелдерді бағалау жүргізілетін белгілі бір уақыт кезені;

      2) болмашы бұзушылық – оқу-тәрбие процесі ұйымдастыру бойынша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген талаптардың бұзылуы;

      3) елеулі бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесін жүргізу үшін жағдайлар жасау бойынша;

      4) өрескел бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесі сапасының төмендеуіне әкелетін немесе оны растайтын; педагогтардың сапалық құрамының сәйкестігі бойынша;

      5) тәуекел – бақыланатын субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметі сапасының төмендеу ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттары) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тексерілетін объектілер – бақылауға жататын, тексерілетін субъектіде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік;

      11) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар.";

      4-тармақы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тексерілетін субъектілер (объектілер) мынадай объективті өлшемшарттардың біреуі ескеріле отырып (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді:

      1) білім беру қызметін мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізетін субъектілер (объектілер) тәуекелі жоғары топқа жатады. Оларға мынадай тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты іріктеу, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары қолданылады;

      2) қосымша білім беру қызметін жүргізетін немесе білім беруді басқаруды жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер (объектілер) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа жатады.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өлшемшарттарды анықтау үшін ақпарат көздері ретінде тексерілетін субъект (объект) мемлекеттік деректер базасы, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері пайдаланылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзылудың бір немесе көп реттік сипатына байланысты бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Бұл ретте бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Білім беру қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Өлшемшарттарда пайданалатын бағалау кезені – бір оқу жылы.

      16. Ішінара тексерулер тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді және тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.";

      Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 10-косымшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Т.І. Ешенқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _____________ Е. Сағадиев
      2018 жылғы 22 қантар
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Т. Сүлейменов
      2018 жылғы 3 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      _______________ Б. Мусин

      2018 жылғы 1 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Білім беру жүйесіне
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Субъективті өлшемшарттар

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар
дың дәрежесі

Тексерілетін субъект (объект), оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

"Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8369 болып тіркелді) білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың берілмеуі немесе қате және толық емес берілуі (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін)

елеулі

2

Жас ерекшілігі бойынша топтарды жинақтау кезінде жас ерекшеліктерінің кезеңдерге бөлуінің сақталмауы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда)

болмашы

3

Тәрбиеленушілер контингентінің жас мөлшерлерінің мектепке дейінгі ұйым түріне сәйкес келмеуі

елеулі

4

Спорттық және музыкалық іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларының болмауы (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін)

болмашы

5

Топтағы тәрбиеленушілер толымдылығының нормадан жоғары болуы

болмашы

6

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы (барлық деңгейлер үшін)

өрескел

7

Мемлекеттік электрондық тіркеу тізілімінде рұқсаттар мен хабарламалардың болмауы (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін)

өрескел

8

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қоспағанда)

өрескел

9

Бастауыш білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 20 % -ды құрайды.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 30 % .
Техникалық және кәсіптік білім беру үшін:
Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 30 %.
Орта білімнен кейінгі білім беру үшін:
Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 40 %.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін:
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын ғылыми дәрежелері немесе және/немесе ғылыми атақтары және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар, және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар ("Өнер" мамандықтар тобы үшін), оқытушылардың үлесі кемінде 30 %;
медицина ұлттық жоғары оқу орындары, әскері, арнаулыйы оқу орындары үшін – оның ішінде атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың үлесі кемінде 40 %.
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – 60 %-дан астам;
медицина ұлттық жоғары оқу орындары үшін – 50 %-дан астам.
"Доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын ғылыми және/немесе ғылыми атақтары бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылардың үлесі кемінде 100 %

өрескел

10

Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы (барлық деңгейлері үшін)

өрескел

11

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы (барлық деңгейлері үшін)

болмашы

12

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қоспағанда)

болмашы

13

Оқу үрдісінде пайдаланылатын және Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптардың болмауы (негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін)

елеулі

14

Спорт залының болмауы (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейлерін қоспағанда)

болмашы

15

Сынып жинақтау тәртібінің сақталмауы, оның ішінде сынып толымдылығы нормаларының бұзылуы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

болмашы

16

Басқа сыныптармен біріктірілген бірінші немесе бітіруші сыныптардың болуы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

елеулі

17

Мектепте үш ауысымды оқытудың болуы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

болмашы

18

Ғимаратының апаттылығы туралы қорытындының болуы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

болмашы

19

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарынсыз келесі сыныпқа көшірілмеген 1-сынып оқушысының болуы

өрескел

20

Оқу бағдарламасын игермегендігі үшін екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

болмашы

21

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) пәндері бойынша сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 50 пайызынан кем алған бітіруші сынып (4, 9, 11) білім алушылардың болуы

өрескел

22

Пәндік кабинеттердің (физика, химия, биология, информатика) болмауы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

елеулі

23

Интерактивті тақталардың болмауы (негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін)

болмашы

24

Оқу шеберханаларының болмауы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

болмашы

25

Кітапхананың болмауы (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қоспағанда)

болмашы

26

Оқу бағдарламасын игермегендігі үшін екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

елеулі

27

Педагог қызметкерлердің білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өту мерзімдерін бұзуы (барлық деңгейлері үшін)

болмашы

28

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері санының және тізбесінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейін қоспағанда)

болмашы

29

Дайындалатын мамандық бойынша жалпы білім беру және арнаулы пәндер кабинеттерінің болмауы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін)

елеулі

30

Дайындалатын мамандық бойынша қажетті зертханалардың, шеберханалардың, оқу полигондарының, оқу шаруашылықтарының, болмауы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін)

елеулі

31

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және кешенді тестілеу (КТ) сертификатынсыз студенттерді қабылдау, сонымен қатар бірінші академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша өткізілетін ҰБТ және КТ нәтижелері бойынша оқудан шығарылмаған тұлғалардың болуы (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін)

болмашы

32

ОЖСБ пәндері бойынша бітіруші топтар білім алушыларының орта балы республикалық орта балдан кем болуы (жоғары білім беру үшін)

елеулі

33

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін тиісті бейіндегі мамандық бойынша немесе тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болмауы (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін)

өрескел

34

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болуы (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін)

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік
бақылау саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді


1

2

3

4

5

1

Педагог қызметкердің педагогикалық әдеп міндеттері мен нормаларын орындауы (өтініш болған кезде тексеріледі)





2

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 3-бабының 2-тармағында белгіленген білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат принципінің сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)





3

Мектепке дейінгі ұйымның педагог қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктілік арттыруын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы





4

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдардың болуы





5

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестаттау комиссиясының шешімдерінің немесе аттестаттау парақтарының болуы





6

"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Үлгілік оқу жоспары) (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8275 болып тіркелді) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес бекітілген оқу жоспарының болуы





7

Білім беру ұйымымен бекітілген перспективтік жоспарының, циклограмманың, ұйымдастырылған оқу қызмет кестесінің, жастық топтар бойынша күн тәртібінің болуы, оқу жүктемесінің, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы Үлгілік оқу жоспарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттардың болуы





8

"Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" білім беру салаларын жүзеге асыру үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының болуы





9

Мектепке дейiнгi тәрбиемен, оқытумен қамтылған және қамтылмаған балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу жөнінде ата-аналар үшін өткізілген кеңестерді растайтын материалдарының болуы





10

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың ептіліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдардың болуы (кестелер, схемалар, диаграммалар, балалардың жұмыстары)





11

Топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшеліктерінің сақталғандығын растайтын топтар бойынша балалар тізімдерінің болуы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда)





12

Мемлекеттік ақпараттық рұқсаттар және хабарламалар жүйесі арқылы қызметін бастағаны туралы хабарламаны қабылдау талонының болуы





13

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының болуы





14

Жоспарлау құжаттарының (жылдық жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелді) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес келуі





15

Бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көрсету көлемінде, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін растайтын құжаттарының болуы





16

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының болуы





17

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуін растайтын білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы





18

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрғанмаған;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы





19

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы немесе өзге де лауазымды тұлғаның оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің, білім алушылар мен қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын сақтау бойынша лауазымдық міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





20

Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен анықталған функциялардың орындалуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





21

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген талаптарға білім беру ұйымының педагогикалық жұмыскерлер саны мен тізілімінің сәйкес келуі





22

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе ата-аналардың заңды өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін шарттардың болуы





23

Білім беру ұйымымен бекітілген ішкі тәртіп қағидасының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының болуы





24

Мектепке дейінгі ұйымда медициналық, санаторлық-курорттық немесе өзге ұйымдарда науқастану, емделу және сауықтырылу мерзімінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еңбек демалысы кезінде бала орнының сақталуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





25

Балалардың бір айдан астам келмегендігі туралы қатысу журналына белгі қойылған, сонымен қатар, әкімшілікті ескертпеген және дәлелді себептерді растайтын құжаттардың болмауы жағдайында оларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) _________________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      __________________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы _______________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты
                                    (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с№

Талаптар тізбесі

Талап еті
леді

Талап етіл
мейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді


1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы





2

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 3-бабының 2-тармағында белгіленген білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат принципінің сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)





3

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





4

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестаттау комиссиясының шешімдерінің немесе аттестаттау парақтарының болуы





5

Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілік кадрлардың, педагог және ғылыми қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктілік арттыруын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы





6

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 51-бабының 5-тармағында белгіленген білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау





7

"Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 13085 болып тіркелді) білім беру ұйымдарында білім алушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





8

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8170 болып тіркелді) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы





9

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің оқу жұмыс жоспарларының, сабақтардың, факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың кестелерінің болуы





10

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;
3) ағылшын тілі бойынша;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша;
5) өзін-өзі тану сабақтары бойынша





11

Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы.
Нақты айқындалған, оқу процесіндегі барлық оқушыларға алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (формативті бағалаудағы табыс критерийі және жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі) білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің тиісті мақсаттарымен және мазмұнымен салыстыру арқылы әр тақырыптық бөлім бойынша бағалаудың жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін сыныптар үшін)





12

Сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыруды растайтын материалдардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін сыныптар үшін)





13

Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының болуы





14

Оқу жұмыс жоспарларының Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі





15

Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының кемінде 20 % болуы





16

Білім беру ұйымның оқу жұмыс жоспарына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы оқу әдебиеті қорының, оның ішінде оқу тілдері бойынша, толық оқу кезеңіне, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы





17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы





18

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы





19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуын растайтын құжаттардың болуы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар)





20

Баланың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдағандарын растайтын құжаттардың білім алушылардың жеке істерінде болуы





21

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықтарының болуы





22

Білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы (жекеменшік білім беру ұйымдары үшін)





23

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы орта білімнің бастауыш білім беретін оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы





24

Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болуы





25

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





26

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы





27

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық кеңестер) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы





28

Сабақ беретін пәнінің тиісті бейіні сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы





29

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрғанмаған;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы





30

Мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік және арнайы сыныптардағы барлық оқушылар үшін түзету сабақтарын жүргізетін арнайы мамандармен жүргізілетінін растайтын педагогикалық қызметкерлердің бекітілген тарифтеу тізімдерінің және "Дефектология", "Логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімдері туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы





31

Білім беру ұйымы бекіткен оқу жоспарының негізінде өңделген сабақ кестесінің болуы





32

Білім беру процесін регламенттейтін оқу жоспары мен жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесінің болуы





33

Білім беру ұйымы бекіткен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесін анықтайтын ережелердің болуы





34

Бастауыш сыныптарда білім алушылардың үлгеріміне аралық аттестаттауды жүргізу





35

1-сыныптың білім алушыларының оқу материалын меңгеру деңгейіне бағалаудың және үлгеріміне аралық аттестаттаудың жүргізілуі





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) _________________ ______ ___________________________
      (лауазымы)      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      _________________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
            (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы _______________ ______ ____________________________
      (лауазымы) (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап еті леді

Талап етіл мейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел мейді


1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы





2

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





3

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 3-бабының 2-тармағында белгіленген білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат принципінің сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)





4

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестаттау комиссиясының шешімдерінің немесе аттестаттау парақтарының болуы





5

Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілік кадрлардың, педагог және ғылыми қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктілік арттыруын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы





6

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 51-бабының 5-тармағында белгіленген білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау





7

"Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 13085 болып тіркелді) білім беру ұйымдарында білім алушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





8

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8170 болып тіркелді) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы





9

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің оқу жұмыс жоспарларының, сабақтардың, факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың кестелерінің болуы





10

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – "Қазақ тілі мен әдебиеті";
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – "Орыс тілі мен әдебиеті";
3) ағылшын тілі, шет тілі;
4) көркем еңбек (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);
5) информатика;
6) гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабақтары (қалалық жерде – әрбір топта кемінде 8 ұл бала (немесе қыз бала), ал ауылдық жерде – кемінде 5 ұл бала (немесе қыз бала) болғанда)





11

Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы.
Нақты айқындалған, оқу процесіндегі барлық оқушыларға алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (формативті бағалаудағы табыс критерийі және жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі) білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің тиісті мақсаттарымен және мазмұнымен салыстыру арқылы әр тақырыптық бөлім бойынша бағалаудың жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін сыныптар үшін)





12

Сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыруды растайтын материалдардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін сыныптар үшін)





13

Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының болуы





14

Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі





15

Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының кемінде 30 % болуы





16

Білім беру ұйымның оқу жұмыс жоспарына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы оқу әдебиеті қорының, оның ішінде оқу тілдері бойынша, толық оқу кезеңіне, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы





17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы





18

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы





19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуын растайтын құжаттардың болуы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар)





20

Оқу пәндері кабинеттерімен, оқу-зертханалық жабдықтармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен қамтамасыз етілуі





21

Негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған білім алушыларды 5 сыныпқа қабылдануын растайтын құжаттардың білім алушылардың жеке істерінде болуы





22

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарына сәйкес 5-9 сыныптарға қабылдағандарын растайтын құжаттардың білім алушылардың жеке істерінде болуы





23

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын хаттамалардың болуы





24

Білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы (жекеменшік білім беру ұйымдары үшін)





25

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы орта білімнің негізгі орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы





26

Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болуы





27

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





28

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы





29

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының болуы





30

Сабақ беретін пәнінің тиісті бейіні сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы





31

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрғанмаған;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы





32

Мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік және арнайы сыныптардағы барлық оқушылар үшін түзету сабақтарын жүргізетін арнайы мамандармен жүргізілетінін растайтын педагогикалық қызметкерлердің бекітілген тарифтеу тізімдерінің және "Дефектология", "Логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімдері туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы





33

Білім беру ұйымы бекіткен оқу жоспары негізінде құрылған сабақ кестесінің болуы





34

Білім беру процесін регламенттейтін оқу жоспары мен жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесінің болуы





35

Білім беру ұйымы бекіткен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесін анықтайтын ережелердің болуы





36

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын мемлекеттік бітіру емтихандары хаттамаларының, педагогикалық кеңестердің хаттамаларының, негізгі орта білім туралы куәлікті беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы





37

Барлық пәндер бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8 сынып оқушыларының келесі сыныпқа емтихансыз көшірулері туралы педагогикалық кеңес хаттамасының болуы





38

5-9 сынып білім алушыларының сынып журналдарында ағымдық бағалардың немесе балл арқылы ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы





39

Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 5-8 сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша оң баға немесе бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларының болуы





40

5-8 сынып оқушыларына аралық аттестаттаудың өткізілгендігін растайтын емтихан материалдарының болуы





41

Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 5-8 сынып оқушыларында барлық пәндер бойынша жылдық қанағаттанарлықсыз бағаларының болмауы





42

9 сынып білім алушыларының жалпы орта білім беру деңгейіндегі емтихандары(тестілеулері) және қорытынды бағалары хаттамаларының болуы





43

Бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 сынып білім алушыларына қайта аралық аттестаттаудың оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізілгендігін растайтын емтихан материалдарының, емтихан хаттамаларының болуы





44

9 сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беру басқару органдары белгілеген мерзімде қайта мемлекеттік емтиханның жүргізілгендігін растайтын емтихан материалдарының, емтихан хаттамаларының болуы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______________ ____________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ____________________ ______ ____________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы ____________ _________ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с№

Талаптар тізбесі

Талап еті-леді

Талап етіл
мейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді


1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы





2

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





3

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестаттау комиссиясының шешімдерінің немесе аттестаттау парақтарының болуы





4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы





5

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 3-бабының 2-тармағында белгіленген білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат принципінің сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)





6

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 51-бабының 5-тармағында белгіленген білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау





7

"Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 13085 болып тіркелді) білім беру ұйымдарында білім алушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





8

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8170 болып тіркелді) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы





9

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің оқу жұмыс жоспарларының, сабақтардың, факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың кестелерінің болуы





10

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту қазақ тілді емес 10-11 сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес 10-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 10-11 сыныптардағы орыс тілі;
4) 10-11 сыныптардағы шетел тілі;
5) 10-11 сыныптардағы информатика;
6) бейінді пәндер;
7) 10-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);
8) 10-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтары бойынша





11

Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы





12

Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымында оқи алмайтын оқушыларға үйінде ақысыз жеке оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрықтың болуы





13

Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының болуы





14

Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі





15

Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесінің олардың жалпы санының кемінде 30 % болуы





16

Білім беру ұйымның оқу жұмыс жоспарына сәйкес білім алушылар контингентіне шаққандағы оқу әдебиеті қорының, оның ішінде оқу тілдері бойынша, толық оқу кезеңіне, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы





17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы





18

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы





19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) болуын растайтын құжаттардың болуы





20

Оқу пәндері кабинеттерімен, оқу-зертханалық жабдықтармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен қамтамасыз етілуі





21

Оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде бейінді мектептің 10 немесе 11 сыныптарына қабылдануын растайтын құжаттың білім алушылардың жеке істерінде болуы





22

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын хаттамалардың болуы





23

Білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы (жекеменшік білім беру ұйымдары үшін)





24

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы





25

Оқу жоспарының пәндері бойынша жұмыс оқу бағдарламаларының болуы





26

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





27

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы





28

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының болуы





29

Сабақ беретін пәнінің тиісті бейіні сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы





30

Мыналардың
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтын;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы





31

Мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік және арнайы сыныптардағы барлық оқушылар үшін түзету сабақтарын жүргізетін арнайы мамандармен жүргізілетінін растайтын педагогикалық қызметкерлердің бекітілген тарифтеу тізімдерінің және "Дефектология", "Логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімдері туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы





32

Білім беру ұйымы бекіткен оқу жоспары негізінде құрылған сабақ кестесінің болуы





33

Білім беру процесін регламенттейтін оқу жоспары мен жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесінің болуы





34

Білім беру ұйымы бекіткен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесін анықтайтын ережелердің болуы





35

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын мемлекеттік бітіру емтихандары хаттамаларының, педагогикалық кеңестердің хаттамаларының, жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы





36

Барлық пәндер бойынша жылдық бағалары "5" болған 10 сынып оқушыларының келесі сыныпқа емтихансыз көшірулері туралы педагогикалық кеңес хаттамасының болуы





37

10-11 сынып білім алушыларының сынып журналдарында ағымдық бағалардың немесе балл арқылы ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы





38

Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 10 сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша оң баға немесе бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларының болуы





39

10-сынып білім алушыларына өткізілген аралық аттестаттауды растайтын емтихан материалдарының болуы





40

Педагогикалық кеңес шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілген 11-сынып оқушыларының барлық оқу пәндерінен қанағаттанарлықсыз жылдық бағаларының болмауы





41

11-сынып білім алушыларының жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғары орта деңгейіндегі емтихандары (тестілеулері) мен қорытынды бағалардың хаттамаларының болуы





42

Бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 10-сынып білім алушыларына қайта аралық аттестаттаудың оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізілгендігін растайтын емтихан материалдарының, емтихан хаттамаларының болуы





43

11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беру басқару органдары белгілеген мерзімде қайта мемлекеттік емтиханның жүргізілгендігін растайтын емтихан материалдарының, емтихан хаттамаларының болуы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ _____________ ____________________________
      (лауазымы)            (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ________________________ ___________ ___________________
      (лауазымы)            (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы ____________ ______ ______________________________
      (лауазымы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік
бақылау саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с№

Талаптар тізбесі

Талап еті-леді

Талап етіл
мейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді


1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы





2

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





3

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы





4

Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы





5

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағымен белгіленген білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдарды (бірлестіктерді) ұйымдастыру құрылымдарын құру мен олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





6

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 5-тармағымен белгіленген мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы білім беру процесінде саяси үгіттеу, діни насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін іс-әрекеттерге қозғау салушы ретінде пайдалануы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





7

Білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына көмек көрсетуге арналған өтемақылық шығыстар (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





8

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған жоқ;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы





9

Білім беру ұйымының жарғысымен белгіленген функциялармен қамтамасыз етілуі (өтініштер болған жағдайда)





10

"Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 268 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8602 болып тіркелген) және "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарларының, сәйкес келетін жұмыс оқу жоспарларының болуы





11

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі (жұмысшы кәсібі болған жағдайда) олардың жалпы санының кемінде 70 % болуы





12

Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар үшін кемінде 30 %, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар үшін кемінде 40 %





13

Білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы





14

Даярланатын біліктілікті ескере отырып, оқу пәндері кабинеттерімен; интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталуы





15

Практика базалары ретінде айқындалған білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы





16

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы





17

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы





18

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) болуын растайтын құжаттардың болуы





19

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар инженерлік-педагогикалық кадрлармен, сонымен қатар, қажеттілік болған жағдайда сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар өндірістің білікті мамандарымен қамтамасыз етілгендігін растайтын дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен қосымшасының және педагогикалық қызметкерлердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы





20

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) циклдер (модульдер) үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, әрбір пән (модуль) бойынша 50 %-ға дейін және өндірістік оқыту үшін 60 %-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80 %-ға дейін);
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, оның ішінде модульдерге біріктірілген (енгізілген) пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға) және кәсіби модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға дейін).
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) циклдер мен модульдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін, әрбір пән (модуль) бойынша 50%-ға дейін және өндірістік оқыту мен оқытуға берілетін жалпы сағат санын сақтай отырып, кәсіптік практиканың 50 %-на дейін;
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндер бойынша 50 %-ға дейін және кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50 %-ға дейін





21

Жұмыс оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес практикалық дайындықтың жүргізілгендігін растайтын өндірістік оқыту есебі журналдардың болуы





22

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі
(оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды)





23

Күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген жұмыс оқу жоспарларының болуы:
1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
2) жалпы орта білім базасында жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
3) негізгі орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай,1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай оқу мерзіміне;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 айды, 1 жыл 6 айды, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды;
7) модульдік оқыту технологиясы кезінде негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алусыз – 10 айды;
8) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (бір біліктілік);
9) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай (4 біліктілікке дейін);
10) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 10 ай (бір біліктілік);
11) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (екі біліктілікке дейін), 2 жыл 10 ай (төрт біліктілікке дейін);
12) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай;
13) мамандығы сәйкес келмейтін орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде мерзімдер жалпы орта білім базасындағы мерзімдерге сәйкес белгіленеді;
14) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай.
Күндізгі оқу нысаны кезінде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген жұмыс оқу жоспарларының болуы:
1) жалпы орта білім базасында – 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
2) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;
3) жалпы орта білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде 10 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды





24

Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттары көлемінің тиісінше 70 %-ына және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ына сәйкестігін растайтын оқытудың кешкі және сырттай нысандарының жұмыс оқу жоспарларының болуы





25

Білім алушыларға оқуды аяқтағанын және қорытынды аттестаттаудан өткендігін растайтын хаттамалар мен құжаттарды беру журналдарының болуы





26

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы





27

Оқу және тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлері денсаулықтарының сақталуы бойынша ұйым басшысы немесе өзге лауазымдық тұлғаның міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда ғана тексеріледі)





28

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестациялық комиссияның шешімінің немесе аттестаттау парағының болуы





29

Білім беру ұйымдарымен бекітілген жұмыс жоспары мен алқалық органдардың отырыстарының (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің), олардың қызметін растайтын хаттамаларының болуы





30

Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер саны мен тізбесінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келуі





31

Ұйымның басшысымен бекітілген оқу жоспары негізінде әзірленген оқу процесінің кестесінің болуы





32

Теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдары және оқу сағаттарымен оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алатын табельдердің болуы





33

Сабақ кестесінде аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін академиялық сағаттың ұзақтығының 45 минутпен сәйкес келуі (қосарланған сабақтарға жол беріледі)





34

Сабақтар арасында үзілістер кестесінде бір академиялық сағаттан кейін – 5 минут, қосарланған сабақтардан кейін – 10 минут, 2 қосарланған сабақтан кейін 15 минуттан болуы





35

Оқу процесінің кестесінде толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан кем емес демалыстардың болуы





36

Практикалар базасы ретінде білім беру ұйымдарымен белгіленген келісілген және бекітілген оқу бағдарламалары мен кәсіптік практикадан өткізудің күнтізбелік кестесінің болуы





37

Қабылдау (төрағасы, жауапты хатшы және мүшелері) және апелляциялық (төрағасы, мүшелері) комиссияларын құру туралы бұйрықтардың болуы





38

Тұлғалардың төмендегідей мерзімдерде оқуға қабылдау туралы өтініштерін тіркеу журналдарының болуы:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрлар мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында





39

Оқуға түсушілердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттардың болуы: білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген), флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 сурет, кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – сертификат) (бұдан әрі – қатаң есептіліктегі құжаттардың нысаны) (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген), жеке куәліктің көшірмесі, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжат:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі





40

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау емтихандары материалдарының (нәтижелерінің) болуы:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізілуі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізілуі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізілуі





41

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар үшін білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың өткізілгендерін растайтын хаттамалардың және бұйрықтардың болуы. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді





42

Хаттамаларда орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін қабылдау емтихандарын өткізудің төмендегі көрсетілген мерзімдерге сәйкес болуы: оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандарының 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізілуі





43

Хаттамаларда білікті жұмысшы кадрлар мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін тұлғалар үшін әңгімелесудің 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізу мерзімдеріне сәйкес болуы





44

Қабылдау емтихандарының хаттамалары мен материалдарында (нәтижелерінде) қабылдау емтихандарын бағалаудың талаптарына сәйкес болуы:
тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болуы; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағалануы;
пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясының мынадай шкала бойынша: "3" – 8 бал, "4" – 17 бал, "5" – 25 балдарға ауыстыруы





45

Қабылдау емтихандарынан босатылып, конкурсқа жіберілген тұлғаларда кешенді тестілеудің сертификатының немесе ұлттык бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттың болуы





46

Апелляцияға берілген өтініштерді қабылдау мен қарау тәртібінің сақталуын растайтын аппеляциялық комиссия отырыстары хаттамаларының болуы





47

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберуге қойылатын талаптардың сақталуын растайтын материалдардың (ведомостер, хаттамалар, листов тестілеу парақтары) болуы.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандардың жіберілмеуі





48

25 тамыз бен 30 тамыз аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып, іріктеу негізінде бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау туралы жеке кәсіптер, мамандықтар бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы





49

Жеке кәсіптер, мамандықтар бойынша білім беру ұйымына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы





50

Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға 4 оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беру талабының сақталуын растайтын анықтамалардың болуы





51

Оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға ауыстыру тәртіптерінің сақталуы:
1) білім алушының білім беру ұйымы басшысының атына әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш беруі;
2) білім беру ұйымы басшысының аталған өтінішті қарап, оны педагогикалық кеңестің қарауына шығаруы және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім алушыны әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығаруы





52

Білім алушының (бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқанда) білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініші және ауысуға мөрмен бекітілген өзі қалаған білім беру ұйымының басшысының жазбаша келісімінің болуы





53

Ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасы (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесінің болуы





54

Қабылдайтын білім беру ұйымы басшысының (білім алушыны ауыстыру мәселе шешілген жағдайда):
білім алушының оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы;
білім алушының бұрын оқыған білім беру ұйымынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрықтардың болуы





55

Білім алушының аяқтаған семестрді ескере отырып, бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы өтінішінің болуы





56

Семестр кезінде ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған білім алушыларды, шығарылған күнінен бастап төрт аптаның ішінде төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде қайта қабылдау





57

Бұрын басқа білім беру ұйымдарында білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға:
курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда;
оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат берілуі





58

Білім беру ұйымы басшысының орынбасарымен жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты белгілеуі және басшының бұйрығымен айырмашылықты жою тәртібінің бекітілуі





59

Бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады





60

Білім алушыға академиялық демалыстың мынадай:
1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;
4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін берілуі





61

Білім алушы ауруына байланысты академиялық демалыстан келген соң, науқасты қараған денсаулық сақтау ұйымынан осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды берілген денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасының болуы





62

Білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру және академиялық демалыстан шығу туралы бұйрықтардың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде
бағдарлама бойынша қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзіміне байланысты түзету үшін білім беру ұйымының басшысы тиісті қаржыландырылатын органдарға жолдағанын растайтын хаттарының болуы





63

Аралық аттестаттауының нысаны ретінде емтихандардың өтуін растайтын емтихан ведомостерінің болуы





64

Келесі талаптарды сақтай отырып, аралық аттестаттауға білім алушыларды жіберу туралы бұйрықтардың болуы:
барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған;
әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған;
емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен;
екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушылардың педагогикалық кеңестің шешімімен жіберілуі





65

Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға білім беру ұйымы басшысының жеке мерзім белгілеп, аралық аттестацияны тапсыруға жіберу туралы бұйрығының болуы





66

"Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) баға алған білім алушыларға емтиханды қайта тапсыру мерзімін белгілеген бөлім меңгерушісі немесе білім беру ұйым басшы орынбасарының жазбаша түрде рұқсат беруі. Емтиханды бір рет қайта тапсырудың сақталуы





67

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларды оқудан шығару туралы педагогикалық кеңестің шешімі мен білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы.
Білім алушыға белгіленген үлгідегі берілген анықтамаларды тіркеу журналдарының болуы





68

Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушыларды келесі курсқа көшіру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы





69

Қорытынды емтиханды өткізуден бір ай бұрын аттестаттау емтихан комиссиясы құрамы жұмыс берушілер өкілдерінен 65 % және 35 %-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасындағы кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын басқарудың алқалық органдарының өкілдерінен тұратын аттестаттау комиссияны құру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы





70

Білім алушыларды арнайы пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында тапсыру үшін оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттері мен сұрақтар тізбелерінің болуы; дипломдық жобалардың (жобалардың) болуы. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының, қорытынды аттестаттаудың (жеке) емтихандарын тапсыру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының; біліктілікті беру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының (жинақ); білім алушының бітіру жұмысын (диплом жобасын (жұмысын) қарау туралы қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының болуы





71

Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған тұлғаны қайта тапсыруға тапсыру мерзімін анықтап жіберу туралы аттестаттау комиссиясының тапсыру мерзімі анықталған шешімінің болуы
Комиссияның білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынуы





72

Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтаманың болуы





73

Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылардың белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберілуі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы





74

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалаудың және жұмысшы мамандықтар бойынша біліктілік берудің нәтижелері бойынша хаттамалардың болуы





75

Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" бағамен, ал қалған пәндерді – "жақсы" бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік дипломның берілуінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______ __________________________________
      (лауазымы)      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ____________ ______ ____________________________
      (лауазымы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы ____________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру
парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етіл
мейді

Талап
тарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді


1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы





2

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы





3

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағымен белгіленген білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдарды (бірлестіктерді) ұйымдастыру құрылымдарын құру мен олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





4

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 5-тармағымен белгіленген мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы білім беру процесінде саяси үгіттеу, діни насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін іс-әрекеттерге қозғау салушы ретінде пайдалануы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





5

Білім беру ұйымы қызметінің Жарғыға сәйкестігі





6

Білім беру ұйымының басшысы немесе өзге лауазымды тұлғалардың білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы





7

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы





8

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестациялық комиссияның шешімінің немесе аттестаттау парағының болуы





9

Білім беру ұйымның басшылық кадрлардың, педагог және ғылыми қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктілік арттыруын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы





10

Білім беру ұйымдарымен бекітілген жұмыс жоспары мен алқалық органдардың отырыстарының (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің), олардың қызметін растайтын хаттамаларының болуы





11

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні Білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, педагогикалық мамандармен қамтамасыз етілгендігін растайтын, дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен қосымшаларының және педагогикалық қызметкерлердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы





12

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған жоқ;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы





13

Сапалы қосымша білім алуға қажетті материалдық техникалық базасының болуы





14

Өз бетімен дайындаған білім берудің оқу бағдарламалары болуы және олардың орындалуы





15

Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға баға қойылғандығы және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік бергендігін растайтын журналдарының болуы





16

Білім беру қызметтерін ақылы негізінде ұсыну білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдері арасында жасалған білім беру ұйымының жарғысымен айқындалған ақылы қызметтер көрсету тізбесі және тәртібіне сәйкес келісім шарт негізінде жүзеге асырылуы





17

Шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарымен, қорлармен байланыстар орнатылған, халықаралық бағдарламаларға қатысқан, білім беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кірген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісімінің болуы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______________ ____________________________
      (лауазымы)            (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ____________________ _______ ____________________________
      (лауазымы)                   (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы _______________ ______      ________________________
      (лауазымы)            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау
саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________________________
      _______________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап еті
леді

Талап етіл
мейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талап
тарға сәйкес кел
мейді


1

2

3

4

5

1

Жоғары оқу орны ректорының (басшысының) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттама) 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып тіркелген) талаптарына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)





2

Проректорлар (басшының орынбасарлары), факультет декандары (басшылары) және олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері (басшылар) және профессорлық-оқытушылық құрамының Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін көрсететін жоғары оқу орнын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының бар болуы





3

Құрылымдық бөлімшелердің қызметінің негізгі бағыттары, жоғары оқу орнын басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар туралы жоғары оқу орны бекіткен құрылымдық бөлімшелердің ережелерінің бар болуы





4

Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес әзірленіп, жоғары оқу орны бекіткен, қызметкерлердің лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалған лауазымдық нұсқаулықтардың бар болуы





5

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптардың сақталуын дәлелдейтін құжаттардың болуы





6

Жоғары білім сапасын іштей қамтамасыз ету жүйесінің құрылғандығын және жұмыс жасайтындығын растайтын құжаттардың бар болуы





7

Құрылымдық бөлімшенің басшысы бекіткен оқу жылына арналған оқытушының жеке жұмыс жоспарының бар болуы





8

Бекітілген штаттық кестенің болуы





9

Жоғары оқу орнына жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің кандидатурасының Үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуін растайтын қызметкерлердің жеке істерінің бар болуы





10

Білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін айқындайтын құжаттардың бар болуы





11

Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізуді жүзеге асыратын тіркеу офисін құру туралы бұйрықтың бар болуы





12

Тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспардың бар болуы, оның ішінде білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілікті", сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған шаралардың бар болуы





13

Академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізгені туралы растайтын құжаттардың болуы:
жоғары оқу орны басшысымен бекітілген және тәжірибе базасы ретінде анықталған ұйымдармен (мекемелер, кәсіпорындар) келісілген кәсіптік тәжірибеден өту бағдарламасының болуы;
кәсіптік тәжірибе өткізу туралы үлгілік келісім шарт негізінде құрылған, кәсіптік тәжірибе түрі көрсетіле отырып тәжірибе базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған келісім шарттардың болуы;
білім алушыларды тәжірибе базасы, жетекшісі, мерзімі көрсетілген кәсіптік тәжірибеге жіберу туралы жоғары оқу орны ректорының бұйрығының болуы;
кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша білім алушылардың есептерінің болуы;
есептерді қорғау комиссиясын құру туралы кафедра меңгерушісінің өкімінің болуы;
кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша қорғау есептерін растайтын хаттамалардың болуы





14

Жоғары оқу орнында (олардың қызмет түрлеріне қарай) келесі бағыттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы:
іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізу;
тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
өз ғылыми мектептерін қалыптастыру және дамыту, профессор-оқытушылар құрамын зерттеу жұмысына белсенді тарту;
студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, зерттеу жұмысына білім алушылардың барлық санаттарын белсенді түрде тарту;
ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алу;
жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеу;
оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу және оқу процесіне енгізу;
ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізу;
ӘАОО қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тетігін құру және ендіру;
зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық көздерін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік, халықаралық ынтымақтастық және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты негізінде кеңейту





15

Білім алушыларды ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарға қатысуға тарту; жоғары оқу орнының ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар базасында білім алушылардың белсенді оқу жұмысын, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалауды жұргізілгенін растайтын құжаттардың бар болуы





16

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептердің бар болуы





17

Кәсіптік стандарттарға және біліктілік шеңберіне сәйкес оқу пәндерін модульдік оқыту жүйесі негізінде әзірленген бакалавриат, магистратура, докторантураның бiлiм беру бағдарламаларының болуы





18

Әрбір оқу пәндерінің 2 немесе 3 кредиттен кем емес көлемде бағалануы





19

Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда, атауы қайталанбайтын оқу пәндерінің болуы





20

Студенттер үшін 1 аптадан кем емес, магистранттар үшін 2 аптадан кем емес, докторанттар үшін 1 аптадан кем емес ұзақтықта аралық бақылау формасы ретінде өткізілген сынақ және емтиханды растайтын емтихан ведомостінің болуы





21

Аралық аттестаттау өткізу барысында оқу пәні бойынша қорытынды бағада ағымдағы баға үлесі 60 % кем емес, қорытынды баға үлесі 30 % кем емес болуы





22

Базалық пәндер цикліндегі міндетті компонентте "Кәсіби қазақ (орыс) тілі" және "Кәсіби бағдарлы шет тілі" пәндерінің 2 кредиттен кем емес көлемде болуы





23

Әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетілген, таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (білім алушылардың алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын тізбесі - элективті пәндер каталогының бар болуы (бұдан әрі – ЭПК)





24

Білім алушылардың әр оқу жылына үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) және ЭПК негізінде құрылған жеке оқу жоспарының болуы





25

Оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесін және олардың кредитпен санағандағы еңбекті қажетсінуі, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлерін (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) айқындайтын, мамандықтардың ҮОЖ мен студенттердің жеке оқу жоспарының негізінде әзірленген Оқу жұмыс жоспарын бекіту туралы ректордың бұйрығы мен ғылыми кеңестің шешімінің бар болуы





26

Оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленген және жоғары оқу орнымен бекітліген оқу жұмыс бағдарламаларының (силлабустар) бар болуы





27

Білім алушылардың жалпы сабақ кестесінен бөлек оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы кестесінің болуы





28

36 аптадан кем емес оқу жылының ұзақтығын растайтын академиялық күнтізбесінің, оқу сабақтарының кестесінің және білім беру бағдарламаларының бар болуы





29

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы туралы мақалалар жинағының болуы





30

Магистратурада және докторантурада оқу үшін алдынғы білім беру деңгейінде меңгерген пререквизиттердің бар болуы





31

Білім алушылардың толық оқу кезеңіне жасалған жеке жұмыс жоспарларының болуы және оның ішінде төменгі бөлімдердің қамтылуы:
жеке оқу жоспары;
ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
негіздемесі мен құрылымы көрсетілген диссертация тақырыбы;
диссертацияны орындау жоспары;
ғылыми жарияланымдар, оның ішінде шетелдік, тағылымдамалардан өту жоспары





32

Ғылыми зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстары нәтижесі туралы білім алушының қысқаша есебінің болуы





33

Білім алушының ғылыми зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстарының қорытындысы – диссертацияның болуы





34

Ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасау қорытындысы бойынша шығарылған мақалалар жинағында жариялымдарының болуы





35

Диссертацияның плагиатқа тексерілгендігі туралы анықтаманың болуы





36

Магистрант оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде білім алушының ғылыми жетекшісін және зерттеу тақырыбын бекіту туралы бұйрықтың болуы





37

Ғылым докторлары мен кандидаттарының, философия (PhD) докторларының ішінен сайланған құрамы кемінде 2 адамнан тұратын және олардың біреуі шетелдік жоғары оқу орнының ғалымы болып табылатын консультациялық комиссияның ("Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобын қоспағанда) докторанттарға ғылыми жетекшілігін бекіту туралы ғылыми кеңестің шешімі, ректордың бұйрығының болуы





38

Білім алушыны кешенді емтихан тапсыруға және диссертациясын қорғауға жіберілгендігі туралы жоғары оқу орны ректорының бұйрығының болуы, мемлекеттік аттестациялау комиссиясының бұйрықтары, ведомостері, кешенді емтихан қабылдау хаттамалары және диссертациясын қорғағаны туралы бұйрықтардың болуы





39

Жұмыс оқу жоспарында үлгілік оқу жоспарындағы жалпы көлемінен цикліндегі пәндердің 4 % құруы немесе міндетті компонентіне жататын 3 кредиттің болуы (докторантура үшін)





40

Жұмыс оқу жоспарында үлгілік оқу жоспарындағы жалпы көлемінен бейінделген пәндер цикліндегі пәндердің 16 % құруы немесе 12 кредиттің болуы (докторантура үшін)





41

Білім алушының ғылыми тағылымдамаға, оның ішінде шетелге жіберілгені туралы жоғары оқу орны ректорының бұйрығының болуы; білім алушылардың ғылыми тағылымдамадан, оның ішінде шетелде, өткені туралы қысқа есептердің болуы, және оларды қорғау туралы хаттамаларының бар болуы





42

Ғылыми-практикалық, ғылыми-аналитикалық баспаларда білім алушылардың ғылыми зерттеу мақалаларының болуы





43

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8636 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" 2016 жылғы 22 маусымдағы № 665 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14055 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 62 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 13659 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әзірленген оқу жоспарының бар болуы





44

Оқу жоспарындағы пәндердің оқытушылармен қамтылуын, оның ішінде оқытушылардың білімінің, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/ академиялық дәрежелерінің немесе ғылыми атақтарының (бар болған жағдайда) оқытатын пән бейініне сәйкес болуын; лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптарға сәйкестікті растайтын кафедралар кесіндісінде оқытушылардың оқу жүктемесін бекіту, жұмысқа қабылдау бұйрықтарының бар болуы





45

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/академиялық дәрежелері және/немесе ғылыми атақтары бар және/немесе "магистр" дәрежесі бар және/ немесе резидентураны аяқтаған жоғары/ бірінші біліктілік дәрігерлік санаты және кемінде бес жыл клиникалық жұмыс өтілі бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атағы бар және/ немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптарға сәйкестікті растайтын кафедралар кесіндісінде оқытушыларды жұмысқа қабылдау бұйрықтарының бар болуы





46

Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базаның, жабдықтардың, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, сымсыз байланыс технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желісінің, компьютерлік кабинеттердің, оқу және ғылыми әдебиет қоры жинақталған кітапхананың бар болуы





47

Білім беру ұйымдарының ақылы негізде оқитын бір білім алушыға жұмсайтын ең төменгі шығындарының тиісті оқу жылына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантының немесе мемлекеттік беру тапсырысының мөлшеріне сәйкестігін анықтау үшін оқытудың барлық нысандары бойынша жоғары оқу орны және білім алушылардың арасында келісім шарттардың болуы





48

Практика базалары ретінде ұйымдармен, айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың болуы, оның ішінде педагогикалық мамандықтар үшін педагогикалық практика базалары бойынша білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы (бакалавриат үшін)





49

Магистранттардың толық оқу кезеңін қамтитын мамандыққа сәйкес практика базалары ретінде айқындалған, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (магистратура үшін)





50

Докторанттардың толық оқу кезеңін қамтитын мамандыққа сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен жасалған шарттардың бар болуы (докторантура үшін)





51

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық қызметке берілген лицензияның және оқу корпустарында медициналық пункттердің болуы





52

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің әр оқу корпусында болуы





53

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтерге меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың бар болуы





54

Мамандықтар бойынша білім берудің алдыңғы деңгей(лер)іне рұқсат беру құжатының бар болуы (магистратура, докторантура үшін)





55

Тиісті даярлау бағыттары бойынша толық оқу кезеңін қамтитын білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің бар болуы





56

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының ("Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтарының тобы үшін – тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болуы) (магистратура үшін)





57

Мамандық бейініне сәйкес "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/академиялық дәрежелері, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми журналдарда соңғы бес жылдағы ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ оқулықтың немесе оқу құралының авторы болып табылатын жетекші мамандардың немесе оқытушылардың білім алушыларға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруының бар болуы





58

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса Жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен оқытудың толық кезеңін қамтитын Күнтізбелік жоспарының бар болуы





59

Оқу жоспарына сәйкес мамандықтар кесіндісінде оқыту процесінің мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалармен қамтылғанын растайтын құжаттардың бар болуы





60

Тиісті мамандық бойынша ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық келісімдердің болуы





61

Докторантура бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы толық оқу кезеңін қамтитын шарттардың, мамандық бейініне сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің бар болуы (докторантура үшін)





62

Ректордың қабылдау комиссиясын құру туралы шығарған бұйрығының болуы, мамандық бойынша қабылдау емтихандарын өткізу бұйрықтары, хаттамалар, ведомостер және қабылдау емтихандарына қойылатын талаптардың (мамандықтар бойынша емтихан комиссиясын құру тәртібі, оны құрамына қойылатын талаптар) сақталуын растайтын құжаттар





63

Шығармашылық және арнайы дайындықты талап ететін мамандықтарға, педагогтік мамандықтарға оқуға түсу үшін тапсырылатын арнайы және шығармашылық емтихандардың өткізілгенін дәлелдейтін бұйрықтар мен хаттамалардың болуы





64

Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға түсушілердің жеке істерінің болуы (оқуға қабылдау туралы өтініш, білім туралы құжатының түпнұсқасы, 3х4 көліміндегі 6 фотосурет, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086-У нысанындағы медициналық анықтама (бұдан әрі – № 086-У нысанындағы медициналық анықтама) (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 болып тіркелген), Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" 2007 жылғы 23 қазандағы №502 бұйрығымен бекітілген сертификаты (бұдан әрі – сертификат) (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып енгізілді), жеке куәлік көшірмесі, еңбек кітапшасы немесе ұйымның мөрі және басшының қолы қойылған қызметтік тізім немесе еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың болуы





65

Магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсушілердің жеке құжаттарының болуы (білім беру ұйымы басшысының атына жазылған өтініш; жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі, интернатура бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсушілер); шет тілінен тапсырған тест сертификаты (болған жағдайда); кадр есебі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға); 3х4 көліміндегі алты фотосурет; № 086-У нысанындағы медициналық анықтама; жеке куәліктің көшірмесі; ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда)





66

Докторантура бағдарламасы бойынша оқуға түсушілердің жеке құжаттарының болуы (білім ұйымы басшысының атына жазылған өтініш; жеке куәлік көшірмесі; шет тілі бағдарламалары бойынша тапсырған тест сертификаты (болған жағдайда); ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда); 3х4 көліміндегі алты фотосурет; № 086-У нысанындағы медициналық анықтама; кадр есебі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін дәлелдейтін құжат





67

Білім алушыларды жоғары оқу орындарына қабылдау бұйрықтары, оқуға қабылдау туралы талаптардың сақталуын; мамандық және оқыту тілі бойынша қабылдау талаптарының сақталуын растайтын құжаттардың бар болуы





68

Шетелдік білім беру ұйымдары тарапынан берілген, оқуға қабылдаудан кейін нострификация рәсіміне бірінші семестр ішінде жасалған өтініш қорытындысы бойынша берілген білім туралы құжатты тану немесе нострификациялау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Тану және нострификациялау қағидалары) 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5135 болып енгізілді) куәлігінің болуы





69

Ауыстыру және қайта қабылдау бойынша берілген өтініштерді қарау мерзіміне қойылатын талаптардың сақталуы





70

Білім алушының шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабыладнған кезде:
1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың (академиялық анықтама немесе транскрипт);
2) Білім туралы құжаттарды Тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу алдындағы сынақ нәтижелерін болуы





71

Білім алуышының жеке іс қағазында жоғары білім үшін – ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы сертификат немесе магистратура үшін – түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификат немесе шетелдік ЖОО-дан ауысқан тұлғалар үшін – түсу сынықтарының нәтижесі болуы.





72

Білім алушыны қайта қабылдау бойынша белгіленген талаптардың сақталуы:қайта қабылдау туралы өтініштің болуы, білім алушы қатарына қабылданғаны туралы бұйрықтың болуы, сұраныс, білім алушының жеке іс қағаздары.





73

Жоғары оқу орны басшысының атына академиялық демалысты рәсімдеуге өтініштің болуы және оқытуды уақытша тоқтатудың (академиялық демалыс) негізділігін дәлелдейтін құжаттың болуы





74

Жоғары оқу орны басшысының білім алушыға басталуы және аяқталуы мерзімдері көрсетілген академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың болуы; ұсынылған құжаттар негізінде мамандығы, курсы, тобы көрсетілген білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы үш жұмыс күні ішінде шығарылған бұйрықтың болуы





75

Жоғары оқу орны басшысының атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініштің және академиялық демалыста науқастануына байланысты болған жағдайда ем алған ұйымының сол мамандық бойынша оқуын жалғастыратын мүмкіндігі туралы қорытындысымен ДКК анықтамасының болуы





76

Білім алушылардың қозғалысы (курстан курсқа, мамандықтан мамандыққа көшіру, оқудан шығару, оқуға қайта қабылдау) туралы бұйрықтардың болуы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______________ ____________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ______________________ _______      _______________________
      (лауазымы)             (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы ____________ ______ ____________________________
      (лауазымы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 24 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
9-қосымша

Білім басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау
саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етіл
мейді

Талап
тарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді


1

2

3

4

5

1

Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілері қамтамасыз ету және олардың пайдаланылуын бақылау (білім басқармалары үшін)





2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (облыстық білім басқармалары үшін)бойынша шараларды қабылдау





3

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру (білім басқармалары үшін)





4

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (облыстық білім басқармалары үшін)





5

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (облыстық білім басқармалары үшін)





6

Облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспары мен материалдарының болуы





7

Білім беру ұйымдарының әзірленген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларының болуы (білім басқармалары үшін)





8

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін) бойынша шараларды қабылдау





9

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)





10

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)





11

Республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы





12

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату (білім бөлімдері үшін) бойынша шараларды қабылдау





13

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдеу (білім бөлімдері үшін)





14

Мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу (білім бөлімдері үшін)





15

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру (білім бөлімдері мен республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)





16

Аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы





17

Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыруы және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру (білім бөлімдері үшін)





18

Азаматтық қызметшілерді аттестаттау бойынша әр 6 ай сайынғы аттестаттау комиссиясының құрамын, аттестаттауды өткізу кестесін және тұлғалардың тізімін бекіту туралы бұйрықтардың болуы





19

Азаматтық қызметшілердің аттестаттауын өткізілуін растайтын материалдардың болуы





20

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде білім бөлімдерінде аттестаттау комиссияларының құрылуы және бекітілуі





21

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде құрылған аттестаттау комиссиялары хаттамаларының болуы





22

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау үшін білім бөлімдерінде аттестаттау комиссияларының құрылуы және бекітілуі





23

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау жөніндегі аттестаттау комиссиялары отырыстарының өткізілуі





24

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары педагогтерінің жоғары біліктілік санатының бекітілуі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ облыстық бағыныстағы (білім басқармалары үшін) білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші және жоғары санаттарының бекітілуі





25

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші біліктілік санаттарының бекітілуі (білім бөлімдері үшін)





26

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде шешімнің қабылдануы және ол туралы хабарлануы





27

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуы





28

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың бекітілген тізімінің болуы





29

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086-У нысанындағы медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама) (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 болып тіркелген)





30

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы





31

Аттестаттау өткізу мерзімдері мен аттестаттау комиссиясының құрамын бекіту туралы бұйрықтың, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын аттестаттауды жүргізу жөнінде оның жұмыс кестесінің болуы





32

Аттестатталатын кәсіпорын басшысының аттестаттау өткізу мерзімімен хабардар болуы





33

Кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының аттестаттау парағының және кәсіби қызметін сипаттайтын қызметтік мінездемесі, сонымен қатар кәсіпорын басшысының аттестаттау комисиясының шешімімен танысуының болуы





34

Аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамаларының болуы





35

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуыі





36

Мемлекеттік орта білім беру мекемесі басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде шешімнің қабылдануы және ол туралы хабарлануы





37

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген (кемінде екі кандидат) тұлғалардың тізімдерінің бекітілуі





38

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) нотариалды куәландырылған біліктілік санаты бар немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
8) медициналық анықтама;
9) сотты болмағандығы туралы анықтама "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 12055 болып тіркелді) ұсынуы қажет





39

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы





      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______________ ____________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ___________________ _______ ____________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы _______________ ______ ____________________________
      (лауазымы)       (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты
                                    (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады