"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 наурызда № 16638 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағы 19-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Мемлекеттік радиожиілік қызметі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш беруші РЖР пайдалану орны бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталымен (бұдан әрі – Портал) осы Қағидалардың 4–15 тармақтарында көзделген тәртіпте радиожиілік спектрін пайдалануға өтінімді электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді. Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер үшін, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (бұдан әрі - кеме станциясының рұқсаты) алуға өтінім беріледі. Байланыстың әр түріне жеке өтінім беріледі.

      Кеме станцияларына рұқсат беру Қазақстан Республикасы Теңіз жылжымалы қызметінің Радиобайланыс қағидаларында және Халықаралық электробайланыс одағының Радиобайланыс регламентінде көрсетілген нысан бойынша жүзеге асырылады.

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. 27 МГц диапазонындағы РЭҚ пен қуаты екі ватқа дейінгі шағын қуатты РЭҚ-ты байланыс қызметтерін көрсету үшін пайдалануға жол берілмейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өтінім берушіге азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін РЖС рұқсатын беруден бас тарту:

      1) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;

      2) өтінім беруші РЖС-ға рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарда толық емес және дұрыс емес мәліметтер көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады.

      Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні қажетті ескертулерді түзеткеннен кейін қайта өтінім беру құқығынан айырмайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік радиожиілік қызметі РЖС-қа рұқсат алуға өтінім келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-қосымшасында көрсетілген РЭҚ-қа РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есептеу рәсімін жүргізеді, сондай-ақ жылжымалы РЭҚ-қа бос жиіліктерді іріктеуді іске асырады және:

      1) оң нәтиже болған жағдайда, өтініш берушіні хабардар етеді және уәкілетті органға жібереді;

      2) теріс нәтиже болған жағдайда, осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтініш берушіге жазбаша негізделген бас тартуды жібереді және ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      Уәкілетті орган Мемлекеттік радиожиілік қызметтен РЖС-қа рұқсат алуға өтінім келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қарастырады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне келісу үшін жолдайды.

      Кеме станциясының рұқсатына өтінімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) қарастырады және өтінім дұрыс рәсімделген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кеме станциясының рұқсатын рәсімдеу үшін жолдайды.";

      11-1 және 12-тармақтар алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша келісу (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімінің нәтижелері келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерін жүргізу нәтижелері оң болған жағдайда, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес кодтарды иелене отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес РЖС рұқсатын ресімдейді;

      2) келісу нәтижелері теріс болған жағдайда, өтінім берушіге және Мемлекеттік радиожиілік қызметіне бұл туралы хабардар етеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Пайдаланушы байланыс желісін ұйымдастыруды РЖС рұқсатында көрсетілген және ҚР РЖВАК ұсынымына сәйкес байланыс түрлеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Халықаралық электробайланыс одағының Радиобайланыс регламентінде белгіленген жиілік иеліктеріне сәйкес теңіз РЭҚ-қа және Апаттық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайлары үшін жаһандық теңіз жүйесіне (бұдан әрі – АҚҚЖЖТЖ);";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Ресімделген РЖС рұқсаты немесе кеме станциясының РЖС пайдалану рұқсаты (түпнұсқасы) уәкілетті орган қол қойған күні РЖС пайдаланылатын жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) және (немесе) Мемлекеттік радиожиілік қызметіне Портал арқылы жіберіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қол қойылған РЖС рұқсаты және кеме станциясының РЖС пайдалану рұқсаты, сонымен бірге цифрлық теле хабарын тарататын ұйымдардың рұқсаты Порталға келіп түскеннен кейін өтініш беруші аумақтық бөлімшеден осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес РЖС-ны пайдалануға мемлекеттік бюджетке ақы төлеуге (жылдың қалған мерзіміне) ескерту түрінде хабарлама алады және РЖС пайдаланғаны үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты Порталдағы жеке кабинетке бекітеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. РЖС рұқсаты:

      1) РЭҚ пен ЖЖҚ пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аумақтық бөлімшелер жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған;

      2) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі жиіліктерді иелікке беруді өзгерту жөнінде шешім қабылдаған жағдайларда ұзартылмайды.";

      29-тармақ алып тасталсын;

      33, 34 және 35- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша РЖР-ны пайдалану орны бойынша аумақтық бөлімшеге Портал арқылы электрондық түрде өтінім береді.

      Өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) түсіндірме жазба.

      Кеме станциясының рұқсаты үшін теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігін ұсыну қажет;

      2) РЖС рұқсатының көшірмесі (қағаз тасығышта алған жағдайда);

      РЖС рұқсаты электрондық түрде алынған жағдайда (портал арқылы) РЖС-ға рұқсат көшірмесі талап етілмейді.

      3) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мұрагерлікті растайтын құжат;

      4) осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне РЭҚ-ке арналып толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес техникалық деректерді көрсете отырып, толтырылған сауалнама ұсынылады).

      Осы Қағидалардың 31-тармағының 1) тармақшасына сәйкес электрондық түрде алынған (портал арқылы) РЖС рұқсатын қайта ресімдеген жағдайда, РЭҚ-ға сауалнама қажет етілмейді.

      34. Аумақтық бөлімше өтінімді алған сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде РЖС рұқсатын қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға жолдайды.

      35. Уәкілетті орган аумақтық бөлімшеден өтінім келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде техникалық параметрлері, РЭҚ-тың және ЖЖҚ-ның міндеті мен орнату орны өзгерген жағдайларды қоспағанда, РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдейді.

      Техникалық параметрлері, РЭҚ-тың және ЖЖҚ-ның міндеті мен орнату орны өзгерген жағдайда, РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдеу осы Қағидалардың 12–15-тармақтарында көрсетілген рәсімдерден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

      Қайта ресімделген РЖС рұқсаты Портал арқылы электрондық түрде:

      1) өтініш берушіге;

      2) Мемлекеттік радиожиілік қызметіне;

      3) РЖР-ды пайдалану орны бойынша Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттармен аумақтық бөлімшеге түседі.";

      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. РЖС рұқсаты:

      1) РЭҚ және ЖЖҚ пайдаланудың басталғаны туралы хабарламаның болмаған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аумақтық бөлімшелер жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған;

      2) ұялы байланыс операторы РЖС рұқсатында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда қайтарып алынады.

      39. Мынадай жағдайларды қоспағанда жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулеріне, радиожиіліктерге (радиожиілік арналарына) құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге жол берілмейді:

      1) РЖР-дің негізгі пайдаланушысы келіскен жағдайда ішкі өндiрiстік қызмет үшін пайдалану. Бұл ретте әрбір пайдаланушыға РЖС рұқсаты жеке ресімделеді (сол бір РЭҚ пайдаланған жағдайда, РЭҚ-қа және ЖЖҚ-ға ЭМҮ қосымша сараптама қорытындысы талап етілмейді);

      2) Ұялы байланысты және ұялы байланыс желісі инфроқұрылымын ұйымдастыру үшін бөлінген радиожиілік спектрін бірлесіп пайдалану бойынша байланыс операторларының арасында жасалған шарттың болуы.

      АҚҚЖЖТЖ-ға жиілікті бөлу кезінде РЖС негізгі пайдаланушысынан жазбаша келісім талап етілмейді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41.Азаматтық мақсаттағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдалану үшін қолданылатын және жоспарланатын РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есебін (бұдан әрі - есеп) Мемлекеттік радиожиілік қызметі осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес тізбеде көрсетілген РЭҚ-қа және ЖЖҚ-ға жүргізеді (теңіздік және жылжымалы РЭҚ-тан басқа). Қалған РЭҚ және ЖЖҚ үшін есептеу жүргізу және ЭМҮ қорытындысын алу талап етілмейді.";

      42-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      43, 44, 45, 45-1 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Өтініш беруші ЭМҮ қорытындысын алу үшін Мемлекеттік радиожиілік қызметіне осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді мынадай құжаттармен:

      1) жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, қолданылуы жоспарланған РЭҚ-тың техникалық сипаттамалары, байланысты ұйымдастыру схемасы, жиіліктер торы туралы мәліметтер егжей-тегжейлі жазылатын сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін түсіндірме жазбамен;

      2) осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне толтырылған РЭҚ-қа арналған сауалнамамен бірге ұсыну қажет.

      44. ЭМҮ қорытындысын ресiмдеу мерзiмi осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес өтініш беруші мен Мемлекеттік радиожиілік қызметі арасындағы шартқа қол қою және РЭҚ ЭМҮ есебі бойынша көрсетілген қызметке төлем жүргізу уақытын есепке алмастан он жұмыс күнінен аспайды. Мемлекеттік радиожиілік қызметі ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасын өтiнiш берушiге береді немесе жібереді, сондай-ақ ЭМҮ қорытындысы берілгендігі туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін немесе уәкілетті органды хабардар етеді.

      45. ЭМҮ есебін Мемлекеттік радиожиілік қызметінің мамандары өтініш беруші ұсынған құжаттардың және шекаралас елдердің РЭҚ есепке алғанда республикалық дерекқордың негізінде жүзеге асырады.

      Азаматтық мақсаттағы радиожиілік спектрінің республикалық деректер қоры электрондық түрде жүргізіледі және Мемлекеттік радиожиілік қызметінің қызметкерлері уәкілетті және (немесе) аумақтық бөлімшелер немесе "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы арқылы ұсынылатын мәліметтермен толтырады.

      45-1. РЭҚ ЭМҮ есебін жүргізу кезінде шекаралас мемлекеттермен РЭҚ үшін халықаралық үйлестіруді жүргізу қажет болған жағдайда, Мемлекеттік радиожиілік қызметі үйлестіру нысанын дайындайды және уәкілетті органға жібереді.

      Мынадай жағдайда:

      1) халықаралық үйлестіру рәсімінің нәтижесі оң болған жағдайда, Мемлекеттік радиожиілік қызметі осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес РЭҚ ЭМҮ қорытындысын ресімдейді;

      2) халықаралық үйлестіру рәсімінің нәтижесі теріс болған жағдайда, Мемлекеттік радиожиілік қызметі бұл туралы өтініш берушіге, аумақтық бөлімшеге хабарлайды.

      46. РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысының телнұсқасын қалпына келтіру және (немесе) қайта ресімдеу мынадай жағдайларда:

      1) ЭМҮ қорытындысының телнұсқасы жоғалғанда (егер, қағаз түрде берілген болса);

      2) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болып табылса, бұл ретте РЭҚ-тың техникалық параметрлері және РЭҚ орналасуының географиялық координаталары өзгермеген жағдайда жүргізіледі.

      Мұндай құжатты беру РЭҚ ЭМҮ сараптамасын жүргізбестен үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, сондай-ақ өтініш беруші мен Мемлекеттік радиожиілік қызметі арасындағы шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген және бұл ретте РЭҚ-тың техникалық параметрлері және РЭҚ орналасуының географиялық координаталары өзгермеген жағдайда, РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысын қайта ресімдеу талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:

      "46-1. РЖС рұқсатының күші жойылған жағдайда ЭМҮ қорытындысының қолданыс мерзімі аяқталады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. "Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел мемлекеттерінің дипломаттық және консулдық өкілдіктері аумақтық органдарға РЭҚ ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен айқындалатын нысан бойынша жіберуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 47-1, 47-2 және 47-3–тармақтармен толықтырылсын:

      "47-1. РЭҚ және ЖЖҚ иелері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың техникалық сипаттамалары мен шарттарының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабаралмада баяндалған параметрлерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      47-2. Тиісті хабарламаны жолдамай РЭҚ ЖЖҚ пайдалануға жол берілмейді.

      47-3. РЭҚ ЖЖҚ және олардың антенналы-фидерлі құрылғыларын радиоторуылдауыштардан 200 метр радиуста орнатуға шектеу қойылады.;

      4855-тармақтар алып тасталсын;

      2 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      19-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ пен ЖЖҚ тізбесі";

      20, 21, 22 және 23-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (Ә.Ғ. Қожықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ____________ Е. Біртанов

      2018 жылғы " " ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы " " ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ____________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы " " ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ____________ Қ. Әбдірахманов

      2018 жылғы " " ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      төрағасы

      ____________ К. Мәсімов

      2018 жылғы " " ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы " " ____________

  Қазақстан Республикасы Ақпарат
және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№68 бұйрығына
1-қосымша
  Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi
(радиожиiлiк арналарын) иелiкке
беру,
радиоэлектрондық құралдар
мен жоғары жиiлiктi
құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы
радиоэлектрондық құралдардың
электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн
есептеудi
жүргiзу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне/мемлекеттік радиожиілік қызметіне

      _______________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат / электромагниттік үйлесімділік қорытындысын

      беруіңізді сұраймын.

      ӨТІНІМ

      ______________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының қаласын, ауданын, облысын көрсету)

      Ұйым туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны ______________________________________________________

      2. Құрылған жылы ______________________________________________________

      3. Мекенжайы __________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, ауданы, көшесі, үйдің №, телефоны)

      4. Өтінім берушінің байланыс деректері

      __________________________________________________________________________

      (Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс телефоны, электрондық

      мекенжайы)

      5. Есеп айырысу шоты _________________________________________________________

      (шот №, банктің атауы және орналасқан жері)

      6. Банктік реквизиттер __________________________________________________________

      7. БСН/ЖСН __________________________________________________________________

      8. Қызмет көрсету түрі __________________________________________________________

      (лицензиялық қызмет жағдайында лицензияның нөмірі және сериясы)

      9. Қоса берілетін құжаттар тізбесі:

      Басшы ________________             __________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы "____" __________________

      Өтініш алынды:      20___ жылғы "___" _________________________

      ______________________________________________________________

      (жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 68 бұйрығына
2-қосымша
  Жиiлiктер белдеулерiн,
радиожиiлiктердi
(радиожиiлiк арналарын) иелiкке
беру,
радиоэлектрондық құралдар мен
жоғары
жиiлiктi құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ
азаматтық мақсаттағы
радиоэлектрондық
құралдардың электромагниттiк
үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу
қағидаларына
14-қосымша
  Нысан

      _____________________________________________________________________________

      Елтаңба                                    Уәкілетті орган

      Герб                                          Уполномоченный орган

      _____________________________________________________________________________

      KZ                                                            № 000000*

      Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға

      РҰҚСАТ

      РАЗРЕШЕНИЕ

      на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан

      РЧС N A/BB-CCC/DDDD

      Берілді (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      Выдано (наименование физического или юридического лица)

      Ұйымдастыру үшін (радиобайланыс түрі)

      Для организации (вид радиосвязи)

      Мынадай деректері бар радиожиіліктерді пайдалануға рұқсат етіледі:

      Разрешается использовать радиочастоты со следующими данными:

Р/с.
№№
п/п

Орнатылған пункт
Пункт установки

Жабдық түрі
Вид оборудования

Тасымалдау жиіліктері
Несущие частоты, МГц

Қуаты
Мощность
Вт

Антенна аспасының биіктігі,
Высота подвеса антенны, м

Ескертпелер
Примечания

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі: күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейін.

      Срок действия Разрешения: до 25 марта календарного года.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________________ М.О./М.П.

      Дата выдачи: "____"__________________ 20___года

      Басшы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Руководитель _____________________________ Фамилия, имя, отчество (при наличии)

      (қолы/ подпись)

      (келесі жағы)

      (обратная сторона)

ӨБЖН*
УИНЗ*


Негіз
Основание


Қосымша ақпарат
Дополнительная информаци


      Рұқсаттың қолданылу шарттары:

      1. Рұқсат радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін "Салық және бюджетке

      төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жылдық төлемді жүргізген кезде қолданыста

      болып есептеледі және жыл сайын Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде радиожиілік

      спектрін пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат

      ұсынған кезде ұзартылады.

      2. Қызметін ұқсас сигнал арқылы жүзеге асыратын радиожиiлiк спектрiн

      пайдалануға рұқсат бергені үшін телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарынан алым

      алынады;

      3. РЭҚ**-тың барлық параметрлері сауалнама деректеріне сәйкес болуы тиіс.

      4. РЭҚ** техникалық параметрлеріне және орнату орнын ауыстыруға тыйым салынады.

      Условия действия Разрешения:

      1. Разрешение считается действительным при условии ежегодной уплаты за

      использования радиочастотного спектра в соответствии с Кодексом Республики Казахстан

      "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" от 25 декабря

      2017 года и продлевается в территориальном подразделении Уполномоченного органа при

      предъявлении подтверждающего документа об оплате в государственный бюджет

      за использование радиочастотного спектра.

      2. За выдачу разрешения на использование радиочастотного спектра телевизионным

      и радиовещательным организациям, осуществляющим деятельность посредством аналогового

      сигнала, взимается сбор.

      3. Все параметры РЭС** должны соответствовать анкетным данным.

      4. Запрещено изменять технические параметры и место установки РЭС**.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі мына уақытқа дейін ұзартылған

      Срок действия Разрешения продлен:

      20___жылғы/года "____"__________________ дейін/до _____________ (қолы/подпись)

      Ескертпе: негізгі қысқартулар:

      *ӨБСН/УИНЗ – өтінім берушінің сәйкестендіру нөмірі/уникальный

      идендификационный номер заявки;

      **РЭҚ/РЭС – радиоэлектрондық құрал/радиоэлектронное средство.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады