Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 наурызда № 16650 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатылған – ҚР Сыртқы істер министрінің 04.11.2021 № 11-1-4/481 бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      ___________Қ. Қасымов

      2018 жылғы 2 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      ______________К. Мәсімов

      2018 жылғы 6 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-1-4/71 бұйрығымен
бекітілген

Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға ниет білдіруші Қазақстан Республикасы азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға ниет білдіруші Қазақстан Республикасы азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу қағидалары" (бұдан әрі - Қағидалар) "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға ниет білдіруші Қазақстан Республикасы азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзін басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;

      2) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) - виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;

      3) дактилоскопиялау – қолдардың тырнақ фалангаларының және алақандарының бетіндегі папиллярлық сызықтарымен құралатын тері бедерлерінің іздерін материалдық жеткізгіштерден алу;

      4) дактилоскопиялық ақпаратты жинау – дактилоскопиялық ақпаратты алуға бағытталған әрекеттер;

      5) дактилоскопиялық ақпаратты өңдеу - дактилоскопиялық ақпаратты жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, беруге, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер;

      6) қағаз дактилоскопиялық карта – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) сәйкес дактилоскопияланған адамның қолдары саусақтарының барлық тырнақтары фалангаларының таңбасы, қолдары саусақтарының бақылау таңбасы, екі қолы алақандарының таңбасы және дербес деректері қамтылған қағаз түрдегі бекітілген нысандағы бланк;

      7) электрондық дактилоскопиялық карта – электрондық-цифрлық нысандағы дактилоскопиялық карта;

      8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерi (бұдан әрі –шет елдердегі мекемелер) – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктері, сондай-ақ консулдық мекемелерi;

      9) уәкілетті қызметкер – дактилоскопиялық ақпаратты жинауға құқығы бар шет елдердегі мекемелердің қызметкерлері;

      10) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатындығы туралы дәлелі бар адам;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 30.10.2024 № 11-1-4/610 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға ниет білдіруші Қазақстан Республикасы азаматтарына, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты дактилоскопиялық ақпаратты жинау мен өңдеуді Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.

2-тарау. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу

      3. Шет елдерде дактилоскопиялық ақпаратты жинау Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерімен, адамның екі қолы он саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді дактилоскопиялау арқылы алуды және Тіркеу қағидаларында белгіленген дербес деректерді “Халықты құжаттандыру және тіркеу” Тіркеу пункті” (бұдан әрі – "ХҚТ ТП" АЖ ) ақпараттық жүйесіне немесе "Бүркіт" БАЖ-ға енгізуді қамтиды.

      4. Шет елдердегі мекемелер дактилоскопиялық ақпаратты жинауды:

      1) он алты жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматы, сонымен бірге он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін, сондай-ақ оны қалпына келтіру, ауыстыру жағдайларында өтініш жасаған кезде;

      2) шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардан Қазақстан Республикасының визаларын алуға ресімделген шақырулар, немесе Қазақстан Республикасына келулеріне рұқсат алуға ресімделген шақырулар қажет болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының визаларын алуға өтініш білдірген қолдаухаттары негізінде жүзеге асырады.

      5. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін өтініш жасаған кезде, дактилоскопиялық ақпаратты жинау, олардың келісімімен және баланың заңды өкілінің Тіркеу қағидаларына сәйкес әзірленген жазбаша өтініші және олардың жеке басын куәландыратын құжат пен заңды өкілеттілігін растайтын құжат негізінде, заңды өкілдің қатысуымен жүзеге асырылады.

      6. Сот әрекетке қабілетсіз деп анықтаған, дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамнан дактилоскопиялық ақпаратты жинау жеке басын куәландыратын құжат және қорғаншысының өкілеттілігін растайтын құжат ұсынған кезде оның қорғаншысының қатысуымен және Тіркеу қағидаларына сәйкес жасалған жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.

      7. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) туған күні және жері;

      3) жынысы;

      4) қай ұлтқа жататыны (иесінің қалауы бойынша)

      5) азаматтығы;

      6) фотосуреті;

      7) қолдың он саусағының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      8) құжаттың берілген күні, қолданылу мерзімі, нөмірі;

      9) құжат иесінің қолтаңбасы;

      10) жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

      11) дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу күні және негізі;

      12) құжатты берген ҚР шет елдердегі мекемелерінің атауы;

      13) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған ҚР шет елдердегі мекемелеріндегі уәкілетті қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      8. Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) туған жылы;

      3) жынысы;

      4) қолдың он саусағының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

      5) азаматтығы;

      6) фотосурет;

      7) құжаттың берілген күні, қолданылу мерзімі, нөмірі;

      8) визаның берілген күні, қолданылу мерзімі;

      9) дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу күні және негізі;

      10) визаны берген орган атауы;

      11) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған ҚР шет елдердегі мекемелеріндегі уәкілетті қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

      9. Дактилоскопиялау және электрондық немесе қағаз дактилоскопиялық картаны толтыру уәкілетті қызметкермен Тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға өтініш білдірген Қазақстан Республикасы азаматының электрондық дактилоскопиялық картасы "ХҚТ ТП" АЖ-ға енгізіледі.

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың электронды дактилоскопиялық картасы "Бүркіт" БАЖ-ға енгізіледі.

      11. Дактилоскопиялық ақпаратты жинауды жүзеге асыратын шет елдердегі мекемелердің уәкілетті қызметкері, адамда оны дактилоскопиялауға мүмкіндік бермейтін дене кемістіктерін анықтаған жағдайда дактилоскопиялық картаның тиісті бөліміне екі қолының он саусағының тырнақ фалангаларының болмауы немесе екі қолының он саусағының тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлерінің болмауы туралы белгілерді енгізеді.

      Бояу әдісі арқылы дактилоскопиялау кезінде адамды дактилоскопиялық тіркеуден босатқан жағдайда, осындай шешім қабылдаған шет елдердегі мекемелердің уәкілетті қызметкерінің қолтаңбасымен куәландырылған тиісті белгілері бар дактилоскопиялық карта қағаз формулярмен бірге сақталады.

      12. Шет елдердегі мекемелердің уәкілетті қызметкерінің дактилоскопиялық ақпаратты өңдеуі, дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамның, оның заңды өкілінің немесе қорғаншысының өтініш білдірген не дұрыс емес (қате) мәліметтердің болу фактісін анықтаған күні дактилоскопиялық ақпаратты өзгертуді және (немесе) толықтыруды қамтиды.

      13. Шет елдердегі мекемелердің уәкілетті қызметкері дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамның қолы, қолдарының бір немесе бірнеше саусақтарының папиллярлық сызықтары зақымдалған немесе тырнақ фалангаларынан айырылған кезде қолдардың он саусағының немесе екі қолдың он саусағы және алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректері бөлігіндегі дактилоскопиялық ақпаратты өзгертеді және оны қайта дактилоскопиялау кезінде алынған жаңасымен толықтырады.

      14. Шет елдердегі мекемелердің уәкілетті қызметкерімен дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамдардың дербес деректері бөлігіндегі дактилоскопиялық ақпаратқа өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілгеннен кейін жаңа ақпаратпен ауыстырылады, бұл ретте алдыңғы деректер "ХҚТ ТП" АЖ немесе сәйкесінше "Бүркіт" БАЖ ақпараттық жүйелерінде архивтеледі.

      15. Шет елдердегі мекемелердің уәкілетті қызметкері Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық тіркеу саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.

  Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға ниет
білдіруші Қазақстан Республикасы
азаматтарынан, Қазақстан
Республикасының визаларын
алу кезінде шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардан
дактилоскопиялық ақпаратты
жинау және өңдеу қағидаларына
1-қосымша

      Беткі жағы/Лицевая сторона

  Құзыретті мемлекеттік орган бөлімшесінің
  басшысы/ Руководителю компетентного
  государственного органа
  ___________________________
  (лауазымы, аты-жөні/должность,
  фамилия и инициалы)
  20____ ж. "___" ____________/
  "___" ____________ 20____ г.

ӨТІНІШ/ЗАЯВЛЕНИЕ

      Мен, тегі/Я, фамилия

      |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Аты, Имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Әкесінің аты (болған кезде)/Отчество (при наличии) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Туған жылы/Дата рождения |__|__| |__|__| |__|__|__|__| күні/число айы/месяц жылы/год

      Азаматтығы/Гражданство _________ Жынысы/Пол ____

      Туған жері/Место рождения _____________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы немесе келген жері бойынша тіркелгені туралы мәлімет/Сведения о регистрации по месту жительства или по месту пребывания___________________________

      ЖСН/ИИН |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|Құжаттың түрі/Вид документа

      __________________________________________________________________

      (құжаттың нөмірі немесе сериясы, кім берді, берілген күні/номер или серия документа, кем выдан, дата выдачи)

      негізінде заңды өкіл/қамқоршы болып табыламын:/являясь законным представителем/опекуном на основании: ___________________________

      ____________________________________________________________________

      (құжатқа сілтеме, сот шешімі, сенімхат/ссылка на документ, решение суда, доверенность)

      Сыртқы жағы/Оборотная сторона

      Тегі/Фамилия |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Аты/Имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Әкесінің аты (болған кезде)/ Отчество (при наличии)

      |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Туған жылы/Дата рождения |__|__| |__|__| |__|__|__|__|

      күні/число айы/месяц жылы/год

      Туған жері/Место рождения __________________________________________

      ЖСН (болған кезде)/ИИН (при наличии) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Құжаттың түрі/Вид документа _______________________________________

      ________________________________________________________________

      (құжаттың нөмірі немесе сериясы, кім берді, берілген күні/номер или серия документа, кем выдан, дата выдачи)

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын алу үшін дактилоскопиялық ақпаратты жинауды жүзеге асыруды сұраймын./прошу осуществить сбор дактилоскопической информации для получения удостоверения личности или паспорта гражданина Республики Казахстан.

  ______________________________
  (заңды өкілінің, қорғаншының
қолтаңбасы)/(подпись законного
представителя/опекуна)

      |__|__| |__|__| |__|__|__|__|

      күні/число айы/месяц жылы/год

      Заңды өкілі/қамқоршысы әрекет ете алатын негіздеме болатын құжаттың көшірмесі/ Копия документа, на основании которого действует законный представитель /опекун

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады