"Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 наурызда № 16651 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі*".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      Қ. Қожамжаров

      2018 жылғы 13 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет

      қызметінің бастығы

      генерал-лейтенант

      А. Күреңбеков

      2018 жылғы 20 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің Төрағасы

      К. Мәсімов

      2018 жылғы 8 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      Қ. Қасымов

      2018 жылғы 2 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады