Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 42/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16674 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 140/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.04.2020 № 140/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2019 № 246/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Рсепубликасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 және 36-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 42/нқ бұйрығына
1-қосымша

"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығымен бекітілген "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11320 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2019 № 246/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұранысын (бұдан әрі – сұраныс) ұсыну болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы түскен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті алуға сұраныс түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бір сағат ішінде қарауға беру;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір сағат ішінде құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір сағат ішінде порталда құжаттарды қарауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысын (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше басшысы) белгілейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы бір сағат ішінде жауапты орындаушыны белгілейді;

      5) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының сұранысын алған сәттен бастап, бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда сұранысты қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту үшін негіздемелер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:

      лицензияны бес жұмыс күні ішінде рәсімдеуді;

      лицензияны бір жұмыс күні ішінде қайта рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

      Бас тарту үшін Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің біреуі болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тартуды дайындауды қамтамасыз етеді.

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және оны төрт сағат ішінде порталға жолдайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 07.08.2018 № 138/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) кіріс нөмірі бар тіркелген сұраныс;

      2) порталдағы көрсетілетін қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;

      3) сұраныспен көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары танысуы және порталда құрылымдық бөлімше басшысына жолдауы;

      4) құрылымдық бөлімше басшысы сұранысты жауапты орындаушыға жолдауы;

      5) жауапты орындаушы сұранысты толықтығына және ұсынған құжаттардың дұрыстығына тексеру;

      6) жауапты орындаушы порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеу;

      7) құрылымдық бөлімше басшысы, көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары келісуі және порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне басшының келісу және қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары;

      4) сұранысты қарауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      5) жауапты орындаушы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушыдан сұраныс түскен сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері порталда тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы порталдан сұраныс түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауды тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары порталдан сұраныс түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны құрылымдық бөлімше басшысына жолдайды;

      4) құрылымдық бөлімшенің басшысы бір сағат ішінде оны орындау үшін жауапты орындаушыға жолдайды;

      5) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының сұранысын алған сәттен бастап, бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда сұранысты өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:

      лицензияны бес жұмыс күні ішінде рәсімдеуді;

      лицензияны бір жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Бас тарту үшін Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің біреуі болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тартуды дайындауды қамтамасыз етеді.

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін құрылымдық бөлімше басшысымен, көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен келіседі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға төрт сағат ішінде порталға жолдайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 07.08.2018 № 138/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) жүгіну тәртібі мен реттілігі мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары № 1 диаграммасында көрсетілген:

      1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)) мен пароль арқылы порталда тексеру;

      4) 2-процесс – пайдаланушының деректерiнде бұзушылықтар бар болғандықтан, порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5) 3-процесс – пайдаланушының Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраныстың нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түрде сұратуға тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4-процесс – қызмет көрсетуге "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленеді, кейін осы ақпарат "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – МДБ АЖ)" ақпараттық жүйесіне түседі;

      7) 2-шарт – көрсетілген қызметке төленгені туралы деректі "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тексеру;

      8) 5-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ көрсетілген қызметке төлемнің болмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6-процесс – пайдаланушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдауы;

      10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген БСН және ЭЦҚ көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

      11) 7-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 8-процесс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қоюы);

      13) 9-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұранысты өңдеу;

      14) 4-шарт – лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және негіздерге сәйкес келетінін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

      15) 10-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі Регламентке 2-қосымшаға сәйкес бизнес-процестер анықтамалығында көрсетіледі.

 
  "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдарының № 1 диаграммасы





  "Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы
"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
(мемлекеттік қызметтің атауы)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 07.08.2018 № 138/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 42/нқ бұйрығына
2-қосымша

"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 16 наурыздағы
№ 42/нқ бұйрығына
3-қосымша

Кейбір күшін жойған бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11667 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 114/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15837 тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 қазанда жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 193 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13479 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 наурызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады