Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16681 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 368 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 436-бабы 2-тармағына, 517-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 368 бұйрығына
1-қосымша

Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптар

      Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін және мемлекеттік кірістер органдарға рұқсатты (оның ішінде тек уәкілетті экономикалық операторларға қашықтықтан) қамтамасыз ететін еркін қойма иелері және уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалардың тауарларды есепке алу жүйесі мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) тауарлардың бухгалтерлік және салықтық есепке алуын жүргізуді көздейді;

      2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының бөлігінде тауарлардың сандық және құндық көріністегі есепке алуын көрсетеді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 анурыздағы
№ 368 бұйрығына
2-қосымша

Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және
тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес еркін қойма иелерінің және уәкілетті экономикалық операторларының (бұдан әрі – УЭО) тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің, сондай-ақ кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалардың тауарлардың есепке алуын жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің тәртібі

      2. Еркін қойма иелері және УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалар үшін Кодекстің 518, 533-баптарына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 87, мемлекеттік нормативтік-құқықтық тізілімінде № 16368 тіркелген бұйрығымен, "Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімне енгізу өтініш туралы" 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 128 Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіммен белгіленген үлгідегі өтініш тауарлардың есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің негізі болып табылады.

      Бұл ретте, тауарларды есепке алу жүйесіне тексеру тұлғаның сәйкес тізілімге енгізу үшін сәйкес келуін айқындау мақсатында бір рет жүргізіледі.

      3. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілуге үміткерлерде тауарлардың есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру Кодекстің 416-бабына сәйкес өткізіледі.

      4. УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда, сондай-ақ УЭО тізіліміне енгізіліп қойған тұлғаларда тауарлардың есепке алу жүйесінің бар болуы бойынша талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары қашықтықтан қолжетімділік құралдары бойынша тауарлардың есепке алу кезеңді қосуды жүзеге асырады.

      УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда, сондай-ақ УЭО тізіліміне енгізіліп қойған тұлғаларда белгіленген талаптардың жоқ болуы немесе сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы УЭО тізіліміне тұлғаны енгізуден бас тарту туралы шешімін шығарады, ал УЭО тізіліміне енгізіліп қойған тұлғалар үшін Кодекстің 534-бабына сәйкес қызметті тоқтата тұруы туралы шешім қабылдайды.

      5. Кодекстің 424-бабына сәйкес кедендік бақылау объектілеріне байланысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылаудың өткізілуін қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға, оның ішінде тауарлардың есепке алу жүйесінің бар болуын және тауарларды есепке алуының жүргізілуін тексеруге құқылы.

      6. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және УЭО тізіліміне енгізілген тұлғаларда тауарлардың есепке алу жүйесінің бар болуына тексеруді қызмет аймағында тұлға тіркелген мемлекеттік кірістер органы жылына бір рет жүзеге асырады.

3-тарау. Тауарлардың есепке алуын жүргізуге тексеру өткізу тәртібі

      7. Тауарлардың есепке алуын жүргізу кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалардың және тауарлардың есепке алуын жүргізуді көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалардың Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      8. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және УЭО қатысты тауарлардың есепке алуын жүргізуге тексеруді қызмет аймағында тұлға тіркелген мемлекеттік кірістер органдары жылына бір рет жүзеге асырады.

      9. Бұл ретте тауарлардың есепке алуын тексеруге мынадай кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар жатады:

      1) еркін қойма;

      2) кеден қойма;

      3) еркін кеден аймағы.

      10. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және УЭО тауарлардың есепке алуын жүргізуге тексеру өткізген кезде лауазымды тұлға қызмет аймағында тұлға тіркелген мемлекеттік кірістер органының басшысы қол қойған еркін нысандағы хабарламаның негізінде тауарлардың есепке алу жүйесі жүргізу пәніне тексеру өткізуге құқылы.

      Өткізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға өткізілген тексеру нәтижелерін көрсете отырып еркін нысанда акт жасайды.

      11. Актіде мынадай мәліметтер болуы тиіс:

      тексеру өткізудің негізі;

      тексеру өткізудің уақыты мен күні;

      мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      тексерілетін тұлға туралы (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы) мәлімет;

      тексеру кезінде қатысқан, тексерілетін тұлғаның уәкілетті өкілі туралы мәлімет;

      өткізілген тексеру нәтижелері.

      12. Актіге тексеру өткізген лауазымды тұлға және тексеру кезінде қатысқан уәкілетті тұлға екі данада қол қояды. Тексеру аяқталған соң актінің екінші данасы тексерілетін тұлғаға беріледі.

      13. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және УЭО тауарлардың есепке алуын жүргізуі болмаған жағдайда Кодексте көзделген міндеттерді сақтамағаны үшін қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.

      14. Кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғаларға қатысты тауарлардың есепке алуын тексеру Кодекстің 416-бабының негізінде өткізіледі.

      15. Кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғаларда тауарлардың есепке алуының жоқ болуы анықталған кезде көрсетілген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады