"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 436-бабы 2-тармағына, 517-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2024 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 368 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіміндегі № 16681 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1030 бұйрығына 1-қосымша |
Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін еркін қойма иелері тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғалардың тауарларды есепке алу жүйесі мынадай талаптарға жауап береді:
1) тауарлардың бухгалтерлік және салықтық есепке алуын жүргізуді көздейді;
2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының бөлігінде тауарлардың сандық және құндық көріністегі есепке алуын көрсетеді.
2. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін және мемлекеттік кірістер органдарына рұқсатты қамтамасыз ететін (соның ішінде қашықтықтан) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне (бұдан әрі – УЭО) енгізілуге үміткер тұлғалардың тауарларды есепке алу жүйесі мынадай талаптарға жауап береді:
1) пайдаланушының іс-әрекетін логиндеуді қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесі ақпараттық жүйеде жүргізіледі;
2) тауарлардың бухгалтерлік және салықтық есепке алуын жүргізуді көздейді;
3) бухгалтерлік есепке алу шоттарының бөлігінде тауарлардың сандық және құндық көріністегі есепке алуын көрсетеді;
4) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына қашықтан қол жеткізуді мына тәсілдердің бірімен:
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйесімен біріктірілген өзара іс-қимылды қолданумен;
логинді және паролді және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен WEB-интерфейсі арқылы қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1030 бұйрығына 2-қосымша |
Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеруді өткізу және тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 436-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2024 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің тәртібі
2. Еркін қойма иелері тізіліміне енгізуіне үміттенетін тұлғалар үшін Кодексінің 518-бабына сәйкес берілген екін қойма иелері тізіліміне енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру жүргізудің негізі болып табылады.
Өтініш "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) 25-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ресімделеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2024 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Уәкілетті экономикалық операторлар (бұдан әрі – УЭО) үшін Кодекстің 533-бабына сәйкес "Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу жөніндегі өтініш туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 128 шешіммен белгіленген нысан бойынша берілген өтініш тауарлардың есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру жүргізудің негізі болып табылады.
4. Еркін қоймалар тізіліміне, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда және осындай тізілімдерге енгізілген тұлғаларда тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеру Кодекстің 424-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
Тексеру аяқталған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды есепке алу жүйесін тексерудің нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жасайды.
Қорытындыға екі данада жасалады, оған тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы және тексеру барысында болған уәкілетті адам қол қояды. Қорытындының екінші данасы тексерілген тұлғаға беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2024 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларда тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуын тексеру Кодекстің 418-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған жоспардлан тыс көшпелі кедендік тексеру негізінде жүргізіледі.
6. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы жүргізілген жоспардлан тыс көшпелі кедендік тексерудің нәтижесі бойынша, оның ішінде тауарларды есепке алу жүйесіне қашықтықтан қолжеткізу мүмкіндігін тексерудің нәтижесін, берілген логиндер және паролдер және қашықтықтан қолжеткізуді ұсыну тәсілі туралы ақпаратты көрсете отырып, Кодекстің 418-бабы 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актін жасайды.
7. Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды есепке алу жүйесіне қашықтықтан қолжеткізу мүмкіндігін тексеруі тек УЭО тізіліміне енгізілуге үміткер тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.
3-тарау. Тауарларды есепке алуды жүргізуді тексеру тәртібі
8. Тауарлардың есепке алуды жүргізу кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, УЭО және тауарларды есепке алуды көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленуші және (немесе) пайдаланатын тұлғалар Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізеді.
9. Тауарларды есепке алуды жүргізуді тексеру бір және сол кезең үшін бір рет жүргізіледі.
10. Тауарларды есепке алуды жүргізуді тексеру УЭО тізіліміне енгізілген тұлғаларға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және тауарлардың есебін жүргізуді көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғаларға қатысты жүргізіледі.
11. Тауарлардың есебін жүргізуді тексеру есепке алу және тауарларды есепке алуды жүргізу жүйесінде қамтылған және мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған деректермен, мемлекеттік кірістер органдарында бар өзге де деректермен, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есептілікте, бастапқы құжаттарда, тізілімде қамтылған деректермен салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
12. Мынадай:
1) еркін қойма;
2) кеден қоймасы;
3) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарлар тауарлардың есебін жүргізуді тексеруге жатады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2024 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға иелік ететін және (немесе) оны пайдаланатын тұлғаларға қатысты тауарларды есепке алуды жүргізуді тексеру Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
14. УЭО-ны тексеру мынадай мәселелер бойынша жүргізіледі:
1) тауарларды есепке алуды электрондық нысанда, оның ішінде ақпараттық жүйелерді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүргізу;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылмайтын шетелдік тауарлармен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін жоғалтқан тауарлармен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шетелдік тауарлар (шетелдік тауарлар деп танылған) мәртебесін алған тауарлармен жасалған операцияларды бөлек есепке алуды жүзеге асыру;
3) мыналармен:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында толық өндірілген (өндірілген, алынған, өсірілген) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумақта тұрған;
Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін алған не Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес не олар күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары деп танылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрған;
осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір немесе бірнеше мемлекеттерде өндірілген (дайындалған), Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрған;
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген және Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесі сақталған Еуразиялық экономикалық одақ тауарларымен жасалатын операцияларды бөлек есепке алуды жүргізу.
15. Жүргізілген көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы Кодекстің 418-бабы 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актісін жасайды.
16. Кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларды иеленетін және (немесе) қолданатын тұлғалардың, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және УЭО тауарларды есепке алуды жүргізуі тәртібін сақталмауы анықталған кезде мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 539-бабы бойынша көрсетілген тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қолданылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2024 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Тауарларды есепке алу жүйелерінің бар болуын тексерудің нәтижелері туралы қорытынды
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.10.2024 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тауарларды есепке алу жүйелерінің бар жоғына тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу орны | Тексеру жүргізудің уақыты және күні |
Қорытындының нөмірі және жасалған күні | |
Тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органының атауы | |
Тексеруді тағайындаудың негізі | |
Тексеруді жүргізетін мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
Тексерілетін заңды тұлғаның толық атауы | |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
Тексерілетін заңды тұлғаның тұрған жері туралы мәлімет | |
Тексерілетін заңды тұлғаның іс жүзінде қызметін жүзеге асыратын жері | |
Заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
Тексерілген, соның ішінде тексерілетін заңды тұлға ұсынған құжаттар туралы егжей-тегжейлі мәліметтер | |
Тексеру барысында жүргізілген іс-әрекет туралы мәліметтер (тауарларды есепке алу жүйелеріне қашықтықтан қолжеткізу мүмкіндігін тексеру, берілген логиндер мен парольдер туралы ақпарат және қашықтықтан қолжеткізуді ұсыну тәсілдері) | |
Тексерудің нәтижелері |
тексеруді жүргізген лауазымды адамдар:
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Қорытындының екінші данасын ______қосымшалармен бірге __парақта алдым:
(қосымшалардың саны)
_______________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), (қолы)
қорытындының екінші данасын алған тұлғаның төлқұжат деректері)
20 __ жылғы "___" _______________
(қорытындының екінші данасын алған күн)