Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16704 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, 88-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 306-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 322-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 328-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А. М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚазақстанРеспубликасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 373 бұйрығымен
бекітілген

Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидалары" (бұдан әрі – Қағидалар)

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 34-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, 88-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 306-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 322-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 328-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін мемлекеттік кірістер органының тану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері алдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану тәртібі

      2. Кодекстің 153-бабының 2-тармағымен және 162-бабының 1-тармағымен белгіленген жағдайларда, тауарларға қатысты тасымалдаушы немесе уәкілетті тұлға көрсетілген мән-жайлар болған қызмет өңіріндегі мемлекеттік кірістер органына авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарының фактісі туралы дереу хабарлауға міндетті.

      Қызмет өңірінде авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті болған мемлекеттік кірістер органы нәтижесінде тауарларды (тауарлар бөлігінің) жойылғаны және (немесе) қалпына келтірілмей жоғалған тауарларға қатысты тасымалдаушы немесе уәкілетті тұлғадан еркін нысандағы жазбаша ақпаратты алғаннан кейін, осы мемлекеттік кірістер органы алынған ақпаратты, оның ішінде оқиға болған жерге шыға отырып тексереді.

      3. Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісі мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдары туралы актіні (бұдан әрі – Авария туралы акт) жасау арқылы осы фактілерді мүдделі мемлекеттік органдардың қортындысын немесе актілерін сурет және бейне тіркей отырып құжатпен бекітіледі.

      Авария туралы акт тасымалданатын тауарларға қатысты тасымалдаушы немесе өзге де уәкілетті тұлғадан алынған жазбаша ақпаратты тіркеген күннен кейін, бір жұмыс күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс.

      Авария туралы акт екі данада ресімделеді.

      Авария туралы актінің бірінші данасы қызмет өңірінде оқиға болған мемлекеттік кірістер органында қалады.

      Авария туралы актінің екінші данасы тауарларға қатысты тасымалдаушыға немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.

      4. Авария туралы актіні жасау кезінде:

      Құзыретті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қорытындысы немесе актісі;

      жойылған (жоғалған) тауардың және (немесе) көлік құралдарының фактісін растайтын беретін сурет (бейне) материалдар қоса берілуі тиіс.

      5. Теміржол көлігімен тауарларды тасымалдау кезінде, авария фактісін растау ретінде мемлекеттік кірістер органы тасымалдаушыдан "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) бекітілген, Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес Вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы актінің көшірмесін қосымша қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Авария туралы акті осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдары (тауарлардың қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуы) туралы актілерді тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы) тіркеледі.

      Егер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері ақпараттық жүйелер арқылы Авария туралы актілерді тіркеуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді.

      7. Авария туралы актілерді, оған қоса берілетін барлық құжаттармен бірге сақтау Кодекстің 405-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде шетелдік тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін тану тәртібі

      8. Тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде тауарлардың жоғалуын растау тасымалдаушы немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар ұсынған құжатпен расталған ақпарат болып табылады.

      Ақпарат өндірушінің техникалық құжаттарымен немесе табиғи кему нормаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының актілерімен расталады.

      Лауазымды тұлға келген жеріне жақын орналасқан уақытша сақтау қоймасында немесе келу орнында кедендік бақылау аумағында кедендік тексерісті жүзеге асырады.

      Кедендік жете тексеру аяқталуы бойынша лауазымды тұлға 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 "Кедендік құжаттар пішіні туралы" Кеден одағының коммисиясының Шешімімен бекітілген ережеге сәйкес екі данада кедендік жете тексеру (қарау) актісін толтырып, мемлекеттік кірістер органында олардың біреуін калтырып, екінші данасы тасымалдаушыға ұсынылады, расталған актінің көшірмесі келуі туралы хабардар етілген құжаттарға тіркеліп, кедендік операциялардың келесі кезеңіне ұсыну үшін беріледі.

  Шетелдік тауарлардың авария
немесе еңсерілмейтін күш
әрекетінің салдарынан жойылу
және (немесе) қайтарымсыз
жоғалу фактісін не осы
тауарлардың тасымалдаудың
(тасудың) және (немесе)
сақтаудың қалыпты
жағдайлары кезінде табиғи
кему нәтижесінде қайтарымсыз
жоғалу фактісін тану
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдары (шетелдік тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуы) туралы АКТ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік кірістер органының атауы

1. Жөнелтуші кеден органы

2. Межелі кеден органы

3. Алдыңғы транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі

4. Халықаралық тасымалдау көлік құралының (контейнер) тіркеу нөмірі

5. Тасымалдаушы (атауы, мекенжайы)

6. Сәйкестендіру құралдары
зақымдалған зақымдалмаған


8. Тауардың жоғалғаны анықталмады
иә жоқ


7. Жүк бөлімі
зақымдалған зақымдалмаған


9. Инвоисқа (тауар көлік жүкқұжаты) және транзиттік текларацияға сәйкес тауардың атауы

10. Тауардың көлемі және жүк орындарының саны, тауардың коды

11. Авариядан кейінгі қалған тауардың мөлшері

12. Ескертулер (жоқ немесе жойылған тауарлардың мөлшерін көрсету )

13. Актінің жасалған күні мен орны



14. Кедендік бақылаумен тасымалдау үшін қабылданған шаралар:


жаңа сәйкестендіру құралдарын салу: саны ___ сипаттамасы _____________ ________________________________________________________________________
тауарларды қайта тиеу (15-бағанды қараңыз)


өзгеде

15. Егер тауарлар қайта тиелсе, тауарлар қайта тиелген халықаралық тасымалдау көлік құралының айырым белгілері:
Тіркеу нөмірі
Сәйкестендіру құралдарының саны және сипаттамасы
а) көлік құралы ______________ _____________________
б) контейнер ______________ _____________________
в) тасымалдаушының атауы және мекенжайы ______________________

16. Актіні жасаған лауазымды адамның, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) мемлекеттік кірістер органыың атауы,
___________________________________
___________________________________
___________________________________

17. Қосымшалар: _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________

  Шетелдік тауарлардың авария
немесе еңсерілмейтін күш
әрекетінің салдарынан жойылу
және (немесе) қайтарымсыз
жоғалу фактісін не осы
тауарлардың тасымалдаудың
(тасудың) және (немесе)
сақтаудың қалыпты
жағдайлары кезінде табиғи кему
нәтижесінде қайтарымсыз
жоғалу фактісін тану
қағидаларына
2-қосымша

Авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдары (шетелдік тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуы) туралы журнал

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1077 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Актінің реттік номері

Актіні тіркеген күн және нөмірі

ТД/ХЖТ тіркеу нөмірі

Көлік құралының тіркеу нөмірі

Тасымалдаушының атауы, елі

Көліктік (тасымалдау) құжаттарының нөмірі мен күні

Авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарын және т.б. растайтын құжаттар

Тауарлар қайта тиелген көлік құралының нөмірі

Қайта тиеу фактін тіркеген лауазымды тұлғаның Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) және жеке нөмірлі мөрінің нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады