Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 1077 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазанда № 30234 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 370 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16682 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 430-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 430-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және Кодекске сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кедендік бақылаудағы шетелдік тауарларды, белгіленген маршрут бойынша тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін тауарлар және оларға құжаттар, жүк тиейтін орынжайлар (бөліктер) Кодекстің 427-бабына сәйкес сәйкестендіріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тауарлардың уақытша сақтау орнында орналастыруын растайтын құжаттарды тіркеген мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы жұмыс уақытының 2 (екі) сағаты ішінде тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеген мемлекеттік кірістер органын байланыстың жедел арналары бойынша бақылаудан алу үшін тасымалдау маршрутының сақталғаны туралы хабардар етеді.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      2) "Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 373 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16704 болып тіркелген):

      тақырыбы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, 88-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 306-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 322-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 328-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидаларында:

      тақырыбы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидалары" (бұдан әрі – Қағидалар);

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 34-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, 88-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 306-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 322-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 328-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін мемлекеттік кірістер органының тану тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Теміржол көлігімен тауарларды тасымалдау кезінде, авария фактісін растау ретінде мемлекеттік кірістер органы тасымалдаушыдан "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) бекітілген, Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес Вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы актінің көшірмесін қосымша қабылдайды.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 18 қазандағы
№ 1077 Бұйрығына
қосымша
  Шетелдік тауарлардың авария
немесе еңсерілмейтін күш
әрекетінің салдарынан жойылу
және (немесе) қайтарымсыз
жоғалу фактісін не осы
тауарлардың тасымалдаудың
(тасудың) және (немесе)
сақтаудың қалыпты
жағдайлары кезінде табиғи
кему нәтижесінде қайтарымсыз
жоғалу фактісін тану
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдары (шетелдік тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуы) туралы АКТ

      Мемлекеттік кірістер органының атауы

1. Жөнелтуші кеден органы

2. Межелі кеден органы

3. Алдыңғы транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі

4. Халықаралық тасымалдау көлік құралының (контейнер) тіркеу нөмірі

5. Тасымалдаушы (атауы, мекенжайы)

6. Сәйкестендіру құралдары
зақымдалған зақымдалмаған


8. Тауардың жоғалғаны анықталмады
иә жоқ


7. Жүк бөлімі
зақымдалған зақымдалмаған


9. Инвоисқа (тауар көлік жүкқұжаты) және транзиттік текларацияға сәйкес тауардың атауы

10. Тауардың көлемі және жүк орындарының саны, тауардың коды

11. Авариядан кейінгі қалған тауардың мөлшері

12. Ескертулер (жоқ немесе жойылған тауарлардың мөлшерін көрсету )

13. Актінің жасалған күні мен орны



14. Кедендік бақылаумен тасымалдау үшін қабылданған шаралар:


жаңа сәйкестендіру құралдарын салу: саны ___ сипаттамасы _____________ ________________________________________________________________________
тауарларды қайта тиеу (15-бағанды қараңыз)


өзгеде

15. Егер тауарлар қайта тиелсе, тауарлар қайта тиелген халықаралық тасымалдау көлік құралының айырым белгілері:
Тіркеу нөмірі
Сәйкестендіру құралдарының саны және сипаттамасы
а) көлік құралы ______________ _____________________
б) контейнер ______________ _____________________
в) тасымалдаушының атауы және мекенжайы ______________________

16. Актіні жасаған лауазымды адамның, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) мемлекеттік кірістер органыың атауы,
___________________________________
___________________________________
___________________________________

17. Қосымшалар: _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 18 қазандағы
№ 1077 бұйрығына
қосымша
  Шетелдік тауарлардың авария
немесе еңсерілмейтін күш
әрекетінің салдарынан жойылу
және (немесе) қайтарымсыз
жоғалу фактісін не осы
тауарлардың тасымалдаудың
(тасудың) және (немесе)
сақтаудың қалыпты
жағдайлары кезінде табиғи кему
нәтижесінде қайтарымсыз
жоғалу фактісін тану
қағидаларына
2-қосымша

Авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдары (шетелдік тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуы) туралы журнал

Актінің реттік номері

Актіні тіркеген күн және нөмірі

ТД/ХЖТ тіркеу нөмірі

Көлік құралының тіркеу нөмірі

Тасымалдаушының атауы, елі

Көліктік (тасымалдау) құжаттарының нөмірі мен күні

Авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарын және т.б. растайтын құжаттар

Тауарлар қайта тиелген көлік құралының нөмірі

Қайта тиеу фактін тіркеген лауазымды тұлғаның Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) және жеке нөмірлі мөрінің нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады